Ескерту. Күші жойылды - Индер ауданы әкімдігінің 2011.12.29 № 315 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен соғыс мүгедектеріне және олардың жесірлеріне жергілікті бюджеттен 100000 (бір жүз мың) теңгеден біржолғы материалдық көмек төленсін.
2. "Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тиісті санаттағы адамдарға жергілікті бюджеттен бөлінген материалдық көмегін белгілеу және төлеу шаралары жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі Ж. Рахметқалиев