Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы N 186 қаулысы. Атырау облысының Құрманғазы аудандық әділет Басқармасында 2011 жылғы 13 маусымдағы N 4-8-208 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № 106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013.02.21 № 106 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақ шасын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын және аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 335-ХХІV "Ауданның 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімін басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмекті төлеуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Мұфтахқа тапсырылсын.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылдың 24 мамырдан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                А. Такешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады