Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012.05.17 № 7/53-5с Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Шымкент қаласының аумағын абаттандыру Қағидасы туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 9/78-4с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 14-1-77 нөмірімен тіркелген, «Шымкент келбеті» газетінде 2008 жылдың 8 тамызында жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 тармақтың 2 тармақшасы келесідей редакцияда мазмұндалсын:
«2) бекітілген аумақ – пайдаланушыға бөлінген жер теліміне іргелес жатқан аумақ, қаланы көріктендіру және санитарлық күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін бекітілген аумақ субъектілерінің келісімі бойынша қаладағы аудан әкімдері беретін көріктендіру паспортында көрсетілген жер телімі;»;
2 тармақтың 11, 12, 13, 14 тармақшалары алынып тасталсын;
2 тармақ келесідей мазмұндағы 16 тармақшамен толықтырылсын:
«16) абаттандыру және санитарлық тазалық жөніндегі комиссия – мемлекеттік органдардың қаланы көріктендіру мәселелері бойынша жұмысын үйлестіретін қала әкімдігімен құрылатын консультациялық-кеңесші орган;»;
2 тармақ келесідей мазмұндағы 17 тармақшамен толықтырылсын:
«17) көріктендіру паспорты – жеке немесе заңды тұлғаның атауы, орналасқан мекен-жайы мен заңды мекен-жайы, сымтетігі, басшының аты-жөні, салық төлеушінің нөмері, ҚТҚ шығаруға келісім-шарттың болуы, бөлінген және бекітілген аумақтардағы қатты жабынның ауданы, газондардың ауданы, ағаштар, бұталар саны, кіші сәулеттік формалардың болуы, аула тазалаушылардың (адам саны) немесе аумақты тазалауға келісім-шарттың болуы көрсетілетін бекітілген аумақ субъектілеріне қаладағы аудан әкімдері беретін құжат. Паспортта көрсетілген деректер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның басшысы (жеке тұлға) қаладағы аудан әкімінің аппаратын хабардар етіп, жаңартылған көріктендіру паспортын алады.»;
9 тармақтың 5 абзацы алынып тасталсын;
3 тараудың 1, 2, 3, 4 параграфтары алынып тасталсын;
47-1 тармақтағы «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «ордермен расталған» деген сөздермен толықтырылсын;
4, 5 тараулар алынып тасталсын;
115 тармақтағы «аумақ иесінің» деген сөздерден кейін «(жер пайдаланушының)» деген сөздермен толықтырылсын;
115 тармақтағы «немесе жер пайдаланушы» деген сөздер «немесе бекітілген аумақтың субъектісі» деген сөздермен өзгертілсін;
7 тараудың тақырыбы келесідей редакцияда мазмұндалсын:
«7 тарау. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытша құрылғыларды орнату»;
124, 125, 126, 127, 128, 129 тармақтар алынып тасталсын;
8 тарау алынып тасталсын;
137, 138, 139 тармақтар алынып тасталсын;
140 тармақтың 1 тармақшасы келесідей редакцияда мазмұндалсын:
1) апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасауға;»;
141 тармақтағы «жөндеу және сырлау жұмыстарын» деген сөздерден кейін «көріктендіру паспортына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
142, 144, 145, 146, 146-1 тармақтар алынып тасталсын;
12 тараудың тақырыбы келесідей редакцияда мазмұндалсын:
«12 тарау. Жол жабуларын, жаяу соқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа да нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерін бұзу жұмыстарын жүргізу тәртібі»;
13, 14 тараулар алынып тасталсын;
Келесідей мазмұндағы 16 тарау және 181 тармақпен толықтырылсын:
«16 тарау. Шымкент қаласы аумағында тазарту жұмыстарын ұйымдастыру, абаттандыру, санитарлық жағдайды бақылау;
181 тармақ. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Қағиданың сақталуын бақылау өкілетті мемлекеттік органдармен белгіленген құзыреті шегінде жүргізіледі.».
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихаттың хатшысы Ж.Махашов
КЕЛІСІЛДІ
Шымкент қаласының сәулет
және қалақұрылысы бөлімінің бастығы Н.Т.Архабаев
«13» маусым 2011 жыл