Шымкент қаласының аумағын абаттандыру Қағидасы туралы

Күшін жойған

Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 9/78-4с шешімі. Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 27 мамырда N 14-1-77 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 мамырдағы № 7/53-5с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012.05.17 № 7/53-5с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарындағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 387-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.      

      1. Қосымшада ұсынылған Шымкент қаласының аумағын абаттандыру Қағидасы бекітілсін.

      2. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 24 наурыз 27/238-3с "Шымкент қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жасыл желектерді қорғау Қағидасы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде N 14-1-26, "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде 2006 жылдың 21 сәуірде жарияланған);
      Қалалық мәслихаттың 2006 жылдың 24 наурыздағы "Шымкент қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жасыл желектерді қорғау Қағидасы туралы" 27/238-3с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 14-1-47, "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде 2006 жылдың 26 қаңтарда жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

      Қалалық мәслихат хатшысы

Шымкент қалалық мәслихатының
14 сәуір 2008 жылғы N 9/78-4с
шешімімен бекітілген

Шымкент қаласының аумағын абаттандыру
ҚАҒИДАСЫ 1 бөлім. Жалпы қағидалар

      1. Осы Шымкент қаласының аумағын көріктендіру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы""Тұрғын үй қатынастары туралы""Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Қағида Шымкент қаласында көріктендіру саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды және меншік нысанына, жалгерлердің, құрылыс жүргізушілердің, ғимараттардың, құрылыстардың иелеріне немесе меншік түрлеріне қарамастан барлық шаруашылық жүргізу құқығындағы субъектілерге таратылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер:
      1) көріктендіру - адамның өмір тіршілігіне ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Бұл жұмыстар кешенді көріктендіру элементтері мен нысандарды қорғау және жөндеу, пайдалану, ұстау, ұйымдастыруды келесі негізгі бағыттар бойынша ескереді: инженерлік көріктендіру, сыртқы көріктендіру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақтарды көріктендіру;
      2) бекітілген аумақ – пайдаланушыға бөлінген жер теліміне іргелес жатқан аумақ, қаланы көріктендіру және санитарлық күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін бекітілген аумақ субъектілерінің келісімі бойынша қаладағы аудан әкімдері беретін көріктендіру паспортында көрсетілген жер телімі;
      3) көшелердің санаты - қала жолдарын, көшелерін және кіру жолдарын жіктеу ондағы көлік қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктерге байланысты;
      4) ірі көлемді қалдық (бұдан әрі - ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, өздерінің көлемі бойынша арнаулы қоқыс жинайтын мәшинемен тасымалдауға келмейтін қолданыстағы және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.);
      5) шағын сәулеттік пішіндер - әсемдік үшін және іске жарамды сипаттағы нысандар мүсіндер, субұрқақтар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, сәкілер, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар ойындарына және үлкендердің демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар;
      6) қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі - ҚТҚ) - тұтынудың тұрмыстық қалдықтары;
      7) жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю; 8) Бөлінген аумақ - заңнамада қарастырылған, құқықтарымен жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітілген), қала құрылысы құжаттарында және Мемлекеттік жер кадастрында белгіленген ауданы, шекарасы, тұрған жері, заңдық мәртебесі және басқа сипаттарға ие болатын қала аймағының бөлігі;
      9) Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан қала шекарасында жер телімдерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға;
      10) маңайдағы аймақ - заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі, пайдалануындағы жер учаскесінің шекарасына тұтасатын аймақ, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар болмаған жағдайда, жеке меншіктегі, жалға алынған ғимараттың, құрылыс алаңы қоршауының, сауда нысандарының, жарнама немесе басқа нысандардың шекарасына тұтасатын, көршілес жер иеленуші, пайдаланушы жерінің шекарасына дейінгі, ол болмаған жағдайда, объект айналасындағы 10 метрге дейінгі аймақ;
      11) алынып тасталды;
      12) алынып тасталды;
      13) алынып тасталды;
      14) алынып тасталды;
      15) өкілетті орган - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қызметтерді орындауға өкілді мемлекеттік орган;
      16) абаттандыру және санитарлық тазалық жөніндегі комиссия – мемлекеттік органдардың қаланы көріктендіру мәселелері бойынша жұмысын үйлестіретін қала әкімдігімен құрылатын консультациялық-кеңесші орган;
      17) көріктендіру паспорты – жеке немесе заңды тұлғаның атауы, орналасқан мекен-жайы мен заңды мекен-жайы, сымтетігі, басшының аты-жөні, салық төлеушінің нөмері, ҚТҚ шығаруға келісім-шарттың болуы, бөлінген және бекітілген аумақтардағы қатты жабынның ауданы, газондардың ауданы, ағаштар, бұталар саны, кіші сәулеттік формалардың болуы, аула тазалаушылардың (адам саны) немесе аумақты тазалауға келісім-шарттың болуы көрсетілетін бекітілген аумақ субъектілеріне қаладағы аудан әкімдері беретін құжат. Паспортта көрсетілген деректер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның басшысы (жеке тұлға) қаладағы аудан әкімінің аппаратын хабардар етіп, жаңартылған көріктендіру паспортын алады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c; 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімдерімен.
      3. Бекітілген аумақтар:
      1) қала көшелері жанындағы бөлінген телімдер шекарасынан, өтпе жол шетімен шектелген аумақ;
      2) ішкі орамды учаскелік аумақ;
      3) кішігірім сәулет түрлерін орнату үшін, балалар, кір жаятын, қоқыс жәшіктері алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, сәндік бағаналарды орнату үшін қолданылатын, үйге кіретін жолдар, аулаға кіретін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болса, онда бекітілген аймақ тең көлемде бөлінеді, әйтпесе келісім бойынша белгіленеді) жерлер;
      4) сақтау, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға уақытша пайдаланылатын аумақ;
      5) бөлінген және маңайындағы аумақ;
      6) инженерлік желілерінің қорғалатын аумақтары;
      4. Аумаққа бекітілген субъектілер болып жеке тұлға сияқты, заңды тұлға да бола алады:
      1) пәтер иелері кооперативтері (одан әрі - ПИК);
      2) жер телімдері уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген ғимараттар мен орын жайлардың иелері.

2 бөлім. Қаланы таза ұстау
1 тарау. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      5. Заңды және жеке тұлғалар қаланың бүкіл аймағында тазалық пен тәртіпті қолдауға, сонымен қатар жеке меншік үйлер аумағында көріктендіру элементтеріне (жолдарды, тротуарларды, көгалдарды, шағын сәулет түрлерін, жарықтандыруды, субұруларды) зақым келтіруге немесе бұзуға жол бермеуі қажет.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      6. Қаланы күнделікті күтіп ұстауды мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады және мынадай шараларды қамтамасыз етуге жұмылдырылады:
      1) автомагистралдарды, жолдарды, көшелерді, инженерлік құрылымдарды (көпірлер, бөгеттер, жол өткізгіштер және осы сияқтылар), көше жарықтары нысандарын, шағын сәулет пішіндерін және басқада нысандарын күтіп ұстау және қалпына келтіру;
      2) зираттарды күту;
      3) көгалдандыру және жасыл желектерді күту;
      4) қала аумағын қоқыстан, қалдықтардан жинау және оларды уақытылы шығаруды ұйымдастыру;
      5) қаланың тиісті санитарлық жағдайы: тұтынылған қалдықтарды жинауға арналған, қалдықтарға үшін контейнерлер (арнайы көліктермен шығаруға арналған) қоятын, кір кептіретін, үй жануарларын серуендететін алаңдарды көріктендіру, нормативтік талаптарға сәйкес қоқыс жәшіктерін көпшілік пайдаланатын орындарға орнату;
      6) қала аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгілде - қарды жинау және шығару, өтпе жолдарды және жаяулар жүретін тротуарлар тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, белгіленген және көметін орындарға тұтыныс қалдықтарын шығару, өзендерді, бұлақтарды,шұңқырларды, лотоктарды, нөсер суларының канализацияларын және басқа су өткізетін құрылғыларды қоқыстан тазарту;
      7) санитарлық қорғалатын аймақтардың нормативтік шектеуінде жүйелі түрде аумақты күтіп ұстау жұмыстарын;
      8) бүкіл қалалық шаралар өткізу кезінде жекелеген жұмыстар;
      7. Жеке тұлғалар және барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлғалар, соның ішінде нақты және уақытша нысандардың иелері осы Қағиданың келесі талаптарына сәйкес:
      1) өз бетімен өзінің қаржысына немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен бөлінген және бекітілген аумағын көріктендіріп және санитарлық жағдайын қамтамасыз етеді;
      2) кез келген меншік нысанына ұқыпты қарауға, мемлекеттік меншік нысанына зиян келтірген жағдайда арнайы органдарға хабарлайды;
      3) көше аты мен үй нөмірі көрсетілген аншлагтарды техникалық дұрыс жағдайда және таза ұстайды;
      4) қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет пішіндерін қалыпты жағдайда ұстайды (қоршауды (дуалды) сыртқы жағынан сырлау, әктеу);
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      8. Барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды және жеке тұлғалар құқылы:
      1) аумақты күтіп ұстау және көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін бірігуге;
      2) аумақтың күтімі туралы өкілетті органдардан ақпарат алуға;
      3) қала аумағының күтімі бойынша өтетін конкурстарға, басқа көпшілік шараларға қатысуға.
      9. Көшелерді, алаңдарды, жаға жайларды, саябақтарды, скверлерді және басқа қоғамдық орындарды ластауға тиым салынады:
      қала аумағында тұрмыс және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, кесілген ағаштарды, жапырақтарды, қарды тастауға;
      ішкі аулаларымен қоса кәсіпорындарда және жеке үйлердің де маңайында қоқыстарды, жапырақтарды, ыдыстарды, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарын өртеуге, от жағуға;
      қоқысты (қатты тұрмыстық қалдықтарды) контейнерлерде және контейнерлік алаңшаларды өртеуге;
      су айдынына өндірістік кәсіпорындардан шыққан тазаланбаған суды жіберуге рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 
      10. Нөсер сулары канализацияларына жер үсті суларын кәсіпорын аумағынан және инженерлік жүйелерден жіберу үшін канализациялық желілерді пайдаланатын кәсіпорындарының келісімі және келісім-шарты болуы керек.
      11. Автокөлік кәсіпорындары және автокөлік иелері қала көшелеріне көліктерді таза қалпында шығаруды қамтамасыз етеді.
      Топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасуға;
      көгалдарда, гүлзарларда, балалар ойнайтын, кір жаятын және қоқыс контейнерлері алаңдарында, ғимараттардың қақпаларына әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға, сондай-ақ автокөліктерді қоюға, аула аумағының ішіндегі жолдарда арнайы көліктің өтуіне тосқауыл болатын балкаларды, блоктарды және аумақтарды оқшаулайтын өзге қоршауларды түрғызуға және орнатуға, сондай-ақ олардың орналасуына қарамастан бөлшектенген көлік құралдарын қоюға, осыларға арнайы бөлінген тұрақтардан басқа жерлерде тұруына тиым салынады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

2 тарау. Қала аумағын тазартуды ұйымдастыру

      12. Аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Қағида негізінде орындалады:
      1) көше-жол желілері, алаңдар, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалауларды) бойынша - коммуналдық шаруашылығының өкілетті органымен мемлекеттік тапсырыс көлемінде;
      2) ішкі орамды және басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы аудандық әкімдер беретін көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжаты бойынша.
      13. Жинау жұмыстары осы Қағиданың талаптарына, өкілетті органмен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі.

3 тарау. Қала аумағын тазалау тәртібі

      1. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13  N 50/419-4c Шешімімен.

      2. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      3. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      4. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 

      5. Жер үсті және жер асты инженерлік жүйелерін күтіп ұстау

      44. Су ағатын желілерге қоқыспен бітеліп қалуын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға сыпырғыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.
      45. Су ағатын қалалық желілердің нөсер суларын қабылдайтын құдықтарға профилактикалық тексеруді және оларды жинауды бекітілген кесте бойынша, бірақ айына бір реттен кем емес мамандандырылған кәсіпорындар немесе балансында осы құрылғылар бар басқа ұйымдар жүргізеді.
      Нөсер суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемі жұмыс істейтін жағдайда болу керек. Торлардың және құдықтардың өткізу қабілетін шектейтін бітелуге, лайлануға жол берілмейді.
      46. Жер асты инженерлік коммуникацияларының иелері:
      1) жер асты коммуникацияларын күтіп ұстайды және жөндейді, сонымен қатар құдықтар мен коллекторларды уақытылы тазалайды;
      2) жолдардың төсемдерімен, тротуарлармен, когалдармен және құдықтардың люктарымен бір деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдардың бұзылған шегінде төсемдерін қалпына келтіріп жөндеуді қамтамасыз етеді (өз қаржыларымен немесе мамандарылған мекемелермен келісім шартқа отыру негізінде);
      3) құдықтардың люктарын бар болуын және қалыпты жағдайда болуын бақылау және оларды уақытында ауыстыруға және жоғалған кезде орнына (тәулік ішінде) қоюды жүргізеді;
      4) коммуникацияның (қар үйінділері, мұз, лай, сұйықтықтар және басқалар) жұмысын реттеумен байланысты апатты жоюды бір тәулік ішінде қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
       47. Жер үсті құрылғыларының иелері және пайдаланушы ұйымдар оның маңайындағы аумақтың санитарлық жағдайына инженерлік желілер аймағының шекарасында қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      47-1. Жол асты инженерлік коммуникацияларды, кабелді, трубаларды жүргізу мақсатында жол төсемінің, жасыл желектердің, аумақтың абаттандырылуының бұзылуы жоспарланған жағдайда аталған жұмыстардың жүргізілу жобасын ұсына отырып, тұрғын үй - коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті органның ордермен расталған келісімі және осы органмен келісім шарт жасасу қажет.
      Ескерту. 47-1-тармақпен толықтырылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c Шешімімен; өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      4 тарау. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.         

      5 тарау. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      6 тарау. Қалалық аумақтардағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару

      102. Қала аумағында қызмет жасайтын заңды тұлғалар (ПИК және басқалар), басқа шаруашылық субъектілері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер, пәтер тұрғындары заңнама бойынша бекітілген Шымкент қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) жиналу нормаларына сәйкес сұрыптайтын, заласыздандыратын және ҚТҚ пайдаға асыру үшін өңдейтін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім шарты бар, ҚТҚ шығаратын кәсіпорынмен келісім шартқа уақытылы жасасу қажет.
      Заңды және жеке тұлғалар ғимаратты, бөлмелерді жалға беру кезінде 5 календарлық күн ішінде қоқыс шығарушы кәсіпорындармен ғимаратты, бөлмелерді пайдаланушылардың, тұрғындардың (жалға алушылардың) нақты саны бойынша шарт жасасады.
      Заңды және жеке тұлғалар тұрмыстық қалдықтарды ҚТҚ арналған контейнерлерге тастауы тиіс.
      Ескерту. 102-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.      
      103. ҚТҚ шығару бәсекелестік ортада қызмет көрсету құқығына ие бола отырып, кестеде мерзімі көрсетілген (ҚТҚ шығару келісім шартына қосымша) қоқыс шығарушы кәсіпорындар жүргізеді. Қоқыс шығарушы кәсіпорындар қоқыстарды сұрыптайтын, заласыздандыратын және ҚТҚ-ны пайдаға асыру үшін өңдейтін, соңынан қоқысты жоятын, мамандандырылған кәсіпорындарға қоқысты шығару және жеткізу қызметтерін уақытында көрсетуі қажет.
      Ескерту. 103-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      104. ІКҚ, металдық қалдықтарды, құрылыс қоқысты, қырқылған талдардың шыбықтарымен талдарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелер және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт негізінде жүргізіледі.
      105. Жылжымайтын нысандарды салу немесе жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғалар қоқыстарды жою үшін, оны өздігінен шығаруға немесе шығару жөніндегі қоқыс шығарушы ұйымдармен келісім шарттар жасау қажет.
      106. Үй-жайлардың аумағында көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар контейнер орнататын арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. ҚТҚ-ны жинау үшін 0,75 м.куб мөлшері стандарттық металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
      107. Аумақтарында (бөлініп берілген, бекітілген, аула ішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер келесі талаптарды орындаулары қажет - қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға уақытында шарт жасасуға және контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге.
      108. Контейнерлік алаңшаларды және контейнерлерді пайдаланатын және күтіп ұстаумен шұғылданатын ұйымдардың орындауы қажет:
      1) контейнерлік алаңдар мен оның аулаларының маңайын 20 метрге дейін тазалығын қамтамасыз ету;
      2) контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға, жарамсыздарды ауыстыруы;
      3) қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштардың астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, залалсыздандырылуын және шыбындарға қарсы дезинсекция және егеуқұйрықтарға қарсы дератизация жасауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануы.
      109. Контейнерлер орнату алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтық дем алатын орындарынан қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі орнататын контейнерлер санына есептелуі қажет.
      Қатты тұрмыстық қоқыстар мен ірі көлемді қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын қоқыс шығарушы ұйымдар мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемі мөлшерінің бір адамға қалыптасқан есептiк айырмасын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi басқармамен келiсiлген тариф бойынша тұрғындардан төлемақы алуды жүзеге асырады.
       Ескерту. 109-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.09.28 N 55/454-4c Шешімімен.
      110. Контейнерлік алаңдарды орналастыру сәулет, жер қатынастары және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен, пәтер иелері кооперативімен, қоқыс шығарушы ұйымдармен келісу қажет.
      111. Контейнерлердегі қоқыстарды тиеу кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын ҚТҚ, ІҚҚ (ірі қоқыс қалдықтары) шығаратын ұйымның қызметкерлері жүзеге асырады.
      112. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне тыйым салынады.
      113. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
      114. Пайдаланушы ұйымның қамтамасыз етуі ұсынылады:
      1) қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс істеуін;
      2) қоқыс шығару құбырының шусыз жұмыс істеуін, ол үшін баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырына салатын қақпақтарының саңлаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерімен жабдықталған болуын;
      3) қоқыс қабылдағыш камераның және бағаналарын профилактикалық дезенфекциялық шараларды (дезинфекция, дезинекция және дератизация) ай сайын жүргізуге.
      115. Жөнсіз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөнсіз үйінділер орынын, сондай-ақ, маңайдағы аймақты қалпына келтіру жұмыстары өкілетті органдар белгілеген мерзімде аумақ иесінің жер пайдаланушының немесе бекітілген аумақтың субъектісі қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c Шешімімен; өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.
      116. Вокзалдарда, базарларда, әуе жайларда, саябақтарда, демалыс орындарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа көпшілік пайдаланатын орындарда, көшелерде, қалалық жолаушылар тасмалдау көліктері аялдамаларында, сауда нысандарының кіре берістерінде міндетті түрде қоқыс сауыттары орнатылуы тиіс. Қоқыс сауыттары бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қоқыс сауыттар орнатылады. Қалалық жолаушылар тасмалдау көліктері аялдамаларында және сауда нысандарының кіре берістерінде екі қоқыс жәшігінен орнатылуы тиіс.
      117. Қоқыс жәшіктерін орнату мен тазалау мемлекеттік тапсырыс келісім шартына сәйкес пайдаланушы мердігер кәсіпорындар және иелігінде немесе қолданысында аумағы бар шаруашылық субъектісі жүргізеді. Жәшіктер толуына қарай тазаланады.
      118. Жәшіктер ластануына қарай жуылуы тиіс, бірақ аптасына бір реттен кем емес.

      7 тарау. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытша
құрылғыларды орнату

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      119. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің нысандарын (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      120. Сәулеттік және түстері туралы шешім сәулет және қала құрылысы департаментімен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелерінің қаражаты есебінен, сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілген сыртқы түрі мен түсі шешімін сақтауды ескере отырып, орындалуы тиіс.
      121. Ұсақ бөлшектік сауда нысандары мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, маңайында жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды тек осылар үшін арналған орындардан жүзеге асырылады. Тротуарларға, жаяу жүргіншілер жолы мен гүлзарларға тауарлардың үлгілерін шығарып қою арқылы жарнамалауға және тауарларды үйіп қоюға жол берілмейді.
      Ескерту. 121-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      122. Сауда нүктелерінің иелері маңайында жатқан аумақтық (бекітіліп берілуіне сәйкес) көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауы керек. Маңайында жатқан көріктендіру нысандарына, жасыл желектерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, көріктендіру нысандарын өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіреді.
      Ескерту. 122-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      123. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен келісім шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.
      124. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 
      125. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 
      126. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 
      127. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 
      128. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 
      129. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      8 тарау. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      8-1 тарау. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау

      136-1. Бөлінген учаскеде құрылыс қызметі басталғанға дейін (жаңа құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу, құрылыстарды бұзу) құрылыс салушы (объектіні жөндеу, қайта жаңарту кезінде меншік иесі), құрылысты ұйымдастыру жобасына, объектінің бас жоспарына сәйкес құрылыс алаңын, жұмыс учаскелерін жайғастыруды жүргізеді;
      объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) бойынша жұмыстарын өткізу кезінде, бұзу жөніндегі қажетті техникалық шешімдерге немесе ғимараттарды бұзу жобасына сәйкес жүргізеді.
      136-2. Сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе iске асыру кезiнде арнаулы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандардағы (аймақтардағы) жеке тұрғын үй құрылысына міндетті түрде жобаның сараптамасы жүргізілуі тиіс.
      136-3. Құрылыс салушы, объектінің иесі құрылыс алаңын (бұзуға жататын учаскеде) абаттандыру үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органында дайындық жұмыстарын жүргізуге рұқсатын алады.
      Құрылыс алаңы (бұзуға жататын учаскеде) келесі міндетті талаптардың орындалуымен, тиісті нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес абаттандырылуы қажет:
      1) құрылыс алаңы барлық периметрі бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермейтін және іргелес жатқан аумақтарға қоқысты шығаруды болдырмайтын қоршаумен қоршалынады;
      адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнатуды қамтамасыз етуі қажет;
      2) қоршау андулиннен немесе басқа, сәулет органымен келісілген, материалдардан жасалуы қажет;
      3) қоршаудың құрылымдары көлденең және тіке бағыттарда қатты түрде бекітіліп, реттелуі, сырлануы және мұнтаздай ешбір ойықсыз, зақымдалған учаскесіз, бөтен хабарландыру мен жазуларсыз болуы керек;
      4) қоршаудың биіктігі жер бедерінен үш метрден кем болмауы, төменгі бөлімінде саңылаулары болмауы тиіс;
      жеке шыға беріске немесе салынып жатқан құрылысқа шағын қосымша құрылыс салу кезінде, биіктігі екі метр қоршау құрылғысын орналастыру рұқсат етіледі;
      5) қақпа немесе шлагбаумды орнатумен құрылыс алаңынан болмашы көшелеріне шығатын минималды жолдардың саны көзделеді;
      6) шығатын жолдарда ақпараттық қалқандар орнатылады;
      7) жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша болуы керек, адамдар көптеп өтетін жерде жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша екі жақтан түсуі қажет;
      8) құрылыс алаңдарына ішкі алаң жолдары мен кіреберіс жолдары объектінің бас жоспарына сәйкес абаттандырылған және төсем болуы керек және асфальтталған қаланың өту жолдарына қосылуы қамтамасыз етілуі қажет;
      9) шығатын жолдарда көлік құралдарының дөңгелектерді жуу (тазалау) пункттері жабдықталады;
      10) құрылыс алаңдарындағы аумақты тазалық пен тәртіпте ұстаудың, абаттандырылуды және іргелес жатқан құрылысқа теріс ықпал етуді болдырмау, үстірттік және жер асты сулардың бұрылуын ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар көзделеді;
      құрылыс және тұрмыс қоқысын жинау мақсатында контейнерлер, жинаушы-бункерлер орнатылып, қоқысты уақытында шығаруды ұйымдастыру қажет;
      құрылыс алаңына (бұзуға жататын учаскеде) іргелес жатқан аумақты ұқыпты түрде күтіп, мезгілді жинастырылуы қажет;
      11) құрылыс алаңынан тыс құрылыс материалдарды, қоқымды (синтетикалық қабыршықтар, үгінділер, перделер, жоңқалар, буып-түйетін материалдар) шығаруды болдырмайтын шаралар көзделуі қажет;
      12) жабық лотоктар мен жинаушы-бункерлерді қолдануынсыз объектілер қабаттарынан қоқыстар мен қалдықтарды тастауға жол берілмейді;
      13) ғимараттардың қасбеттерінде жұмыс істеу барысында, арнайы осындай мақсатпен көзделген және сапасы бойынша сәндік, беріктік және өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін торлардан жасалған тор көзді қоршау болуы керек;
      14) торлардан жасалған қоршау осындай мақсаттары үшін жасалған ғимараттың қасбеттер бекіткіштеріне немесе орнатылған мінбесатылардың үстіне жабылады;
      торлар тұрақты тұру үшін созылып, үстіңгі қабат бойынша бекітіледі, торлардың қисайып, созылып кетуіне жол берілмейді;
      15) қажеттіліктер туындаған кезде, жаяужолды, жаяу жүретін галереяларды, төсемдерді, таяныштарды, айналма және уақытша жолдарды абатандыру мен олардың ұқыпты түрде ұсталуы қамтамасыз етіледі;
      16) бұзуға жататын учаскелерде құрылыстарды бұзу, алаңды дайындау шараларын іске асырған соң ғана бастауға болады;
      17) құрылысты бұзу жұмыстарын, ғимарат элементтерінің қирауын болдырмау мақсатында, жоғарғы құрылымдардан бастау қажет.
      136-4. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана болады;
      шығарылған топырақ (құнарлыдан басқасы), бұзылғанның қалдықтары мен қоқыс, қатты тұрмыс қалдықтары полигонына шығарылуы тиіс, қоршалған аумақтан тыс материалдарды, қоқыстарды қоймалауға, көліктің тиелуіне және тұрақтануына, механизмдер мен құрылыс техникаларын орнатуына рұқсат етілмейді.
      136-5. Мұзды, қарды, құрылыс қоқыстарды уақытында ұйымдастырып шығару үшін құрылыс салушы немесе мердігер құрылыс алаңын жайғастыруға рұқсаттама алған кезде арнайы кәсіпорындармен келісім шартқа отырады.
      136-6. Құрылыс салушымен құрылыстық және тұрмыстық қоқысты уақытылы шығарылуы қамтамасыз етіледі.
      136-7. Салушы немесе мердігер арнаулы орында немесе құрылыс алаңдарында құрылыс қалдықтарын басқа қалдық түрлерінен тікелей бөліп алуды ұйымдастыруы тиіс, сондай-ақ қоқыс тастайтын жерлерде және полигондарда құрылыс қоқыстарын басқа қалдықтармен араластыруға жол бермеу.
      136-8. Құрылыс (бұзу) аяқталғаннан кейін, құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған абаттандыруын қалпына келтіру, сондай-ақ уақытша жүруге, жолаушылардың өту жолы, уақытша ғимараттар мен материалдарды қоймалау үшін, инженерлік желілерді төсеу және тағыда басқа пайдаланған аймақтарды құрылыс салушы қалпына келтіруі қажет.
      Ескерту. Қағида 8-1-тараумен толықтырылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      8-2 тарау. Көркем безендіру және жарнама

      136-9. Маңайдағы аймақта, сонымен қатар ғимараттардың, жарнама беретін жарнама тақталарында орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнамалар мен ақпарат нысандары таза ұсталуы және түнгі уақытта жарықтандыратын арнайы прибормен жарықтандырылуы тиіс. Рұқсат құжатнамасы бар заңды және жеке тұлғалар бұларды күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді.
      136-10. Жарнама құрылғысының иесі жарнама құрылғысын орналастырғаннан соң және орнынан алған соң аумақты көріктендіріп, қалпына келтіреді.
      136-11. Жарнамалық құрамалардағы кескіндемені (плакаттарды) алмастырғанда автокөлікпен көгал алаңдарға кіруге жол берілмейді.
      136-12. Кәсіпорындар мен ұйымдар ғимараттың бекітілген аймағын және қасбетін эстетикалық түрін қамтамасыз етуі керек. Кіре берісінде сыртқы есікте маңдайша жазулар, яғни кәсіпорынның бағдары туралы ақпараттар, фирмалық аталуы, тіркелген тауарлық белгісі (тауарлардың және қызметтердің тізімінсіз), тұтынушыны хабардар ететін кәсіпорынның мекен-жайы және ғимараттың қасбетінде оған кіру бағыты көрсетілген ақпараттар ілінуі қажет.
      136-13. Кәсіпорынның жұмыс жасау тәртібі туралы мәліметті тұтынушыға жеткізуге арналған баспа материалдары түріндегі плакаттарды кәсіпорындардың витриналарына (терезелеріне), есіктеріне орналастыруға болады.
      136-14. Витриналар ішкі жағынан безендірілуі мүмкін: өздерінің фирмалық аталуы, олардың тауарлық және қызметтік белгілері, кәсіпорынның бағытын ашатын және фирмалық аталуына сәйкес бейнелеу элементтері, декоративті, мейрамдық безендірулер жасауға болады. Витринаның безендірілуі эстетикалық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      136-15. Қаланың жалпы пайдаланатын жерлерінде мерекелік безендіруді ұйымдастыру, орналастыру және орнынан алу жұмыстарын қаланың тиісті қызметтері орындайды.
      136-16. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері павильондарына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.
      Барлық нысандардан (ғимараттардың қасбеттері, дүкендер, байланыс жүйелерінің және сыртқы жарықтандыру бағаналары) өз еркімен ілінген жарнамалық және басқа хабарландыруларды, жазуларды және суреттерді олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан қаладағы аудандық әкімдердің аппараттарын, сонымен қатар аталған объектілердің иелері мен жалға алушылары жою жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.
      Ескерту. Қағида 8-2-тараумен толықтырылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      9 тарау. Ықшам аудандар мен тұрғын үйлер орамдарын көріктендіру

      137. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 
      138. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 
      139. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 
      140. Тұрғын үйлердің, шағын аудандардың аулаларында, сондай-ақ ауланың ішкі аумағында тыйым салынады:
      1) апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасауға;
      2) ауланың ішкі және ішкі орам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
      3) арнайы бөлінген және белгілермен, таңбалармен белгіленген орындардан тыс жерлерге көліктерді қоюға және аялдатуға;
      4) құрылыс материалдары мен қалдықтарын жинауға, автокөліктерді жөндеу жұмыстарын жүргізуге және басқа да жылжымайтын, жылжымалы нысандар орналастыруға;
      5) құрылыс қоқыстарды, аула аумағынан сыпырылған қоқысты, қырқылған талдардың шыбықтарымен талдарды, ІКҚ қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңшаларға тастау.
      Ескерту. 140-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      10 тарау. Ғимараттар мен құрылғылардың
қасбеттерін күтіп ұстау

      141. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстауды, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтеріне (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар және басқалар) қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жұмыстарын көріктендіру паспортына сәйкес уақытында жүргізуді, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етеді.
      Дүкендер мен офистердің қала көшелері жағына шығатын витриналары жарықпен безендірілген болуы тиіс.
      Ескерту. 141-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c; 2011.06.13 N 50/419-4c
Шешімдерімен.
      142. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.
      143. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға қарамағындағы ғимараттар мен құрылғылар қасбеттерінің тозуына байланысты жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе бөлінген қаражат есебінен жүргізеді.
      Ескерту. 143-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      144. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 
      145. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен. 
      146. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.
      146-1. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13  N 50/419-4c Шешімімен.

      11 тарау. Сыртқы жарықтандыруды және
субұрқақтарды күтіп ұстау

      147. Шымкент қаласының өкілетті органы бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін беріледі.
      148. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 3 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері таза, тот баспай ұсталып, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті қызметтер оны анықтағаннан кейін 24 сағаттың ішінде ауыстыруы тиіс.
      149. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар - доқалы сынапты шам (ДСШ), металлдық диодтары бар доқалы шам (ДИШ), доқалы натрийлі (ДНАТ), люминесцентті шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін қалалық полигон аумағына шығаруға тыйым салынады.
      150. Жарық және электрлі көліктердің байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын негізгі магистральдарда кешіктірілмей бағана иесі шығарады, ал басқа аумақтарда және бұзылған бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.
      151. Өкілетті орган су бұрқақтардың тиісті дәрежедегі жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 151-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.      
      152. Су бұрқақтарды қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу тәртібін, тостағандарын шаю және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын өкілетті органдар белгілейді.
      153. Су бұрқақтар жұмыс істеп тұрған мезгілде күн сайын су беті қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын олар жұмысын тоқтатқаннан кейін де қамтамасыз етуі тиіс.

      12 тарау. Жол жабуларын, жаяу соқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа да нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерін бұзу жұмыстарын жүргізу тәртібі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      154. Заңды және жеке тұлғалар қала аумақтарында жол жабуларын, жаяу соқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерін бұзуға байланысты, жер жұмыстарын, немесе басқадай жұмыстарды өкілетті органмен жазбаша рұқсат берілген кезде ғана ақылы түрде жүргізіледі.
      155. Қалпына келтіру жұмыстарын кідіріссіз жүргізуді талап ететін, инженерлік жүйелерде апат болған кезде, жол жабуларын ашуды, көшелер, алаңдарды және басқа да жалпы пайдаланудағы орындарды қазуға келісім беретін, ұйымдар өкілдерін сол орынға шақыру керек. Жұмыстар жүргізуге сол орында рұқсат (ордер) алғаннан кейін ғана жұмыстар жүргізуге рұқсат етіледі. Апаттық жұмыстарды жүргізу орнында қандай да бір үйілген немесе қандай да бір мүлкі бар меншік түріне қарамастан, заңды және жеке тұлғалар осы учаскені бірінші талап бойынша тез арада өз күшімен босатуы керек.
      Тез арада апатты жоюды қажет ететін, қаланың өміршеңдігін қамтамасыз ететін қаланың маңызды нысандары үшін ерекше жағдайда, келісім беретін ұйымдар өкілдерінің қатысуымен рұқсат беруді (ордер) рәсімдеусіз, осы сәттен кейін 24 сағат ішінде жұмыстарды жүргізуге рұқсат беруді ресімдеп, апатты жоюға кірісуге жол беріледі.
      Ескерту. 155-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      156. Инженерлік желілер, жолдар, жаяу соқпақтар құрылысын немесе қайта құру бойынша жұмыстарды жоспарлаған барлық заңды және жеке тұлғалар, жоспарланған жылдың алдында келетін 15 қарашасына дейін және екінші рет жоспарланған жылдың 1 наурызында қажетті сызбалар қосымшасымен жұмыстарды орындауға белгіленген мерзімді көрсетіп өкілетті органға тапсырыс беруі қажет. Сонымен қатар жер қазба жұмыстарына жүргізуге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түскен жағдайда, қазба жұмыстарын ордерде көрсетілген уақытта қалпына келтіруге уағдаласқан рұқсат беріледі. Өздігінше жер қазба жұмыстарын жүргізген жағдайда аталған қағидаларды бұзған болып есептеледі.
      Тапсырыс бермеген ұйымдарға жер жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
      Ескерту. 156-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      157. Жер асты инженерлік жүйелерін салу, қайта құру жұмыстары кезінде құрылымдарды (жол төсеніш, жиек тас, құдықша қақпақтары, арықтар, дренаждар және т.б.), жасыл өсімдіктерді, жолды және көпшілік орындарын т.б осы жұмыстарды атқарған мекеме, ұйым, жеке тұлға өз есебінен қалпына келтіруге кепілдік беру және осы участкілерде 5 жылға дейін қызмет көрсету жауаптылығы жүктеледі.
      158. Көлік қозғалыстарын шектеуге немесе жабуға байланысты жағдайда көшелерде жұмыстар жүргізу кезінде, тапсырыс беруші автокөлік қозғалысын жабуға атқарушы орган тиісті рұқсат бергенде, ал қоғамдық көлік қозғалыстарының бағытын өзгертуге қажет болған жағдайда -бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарын хабардар етеді.
      159. Қалалық шаруашылық нысандары, элементтері ордерде көрсетілген жұмыс мерзімінің соңында тиісті жағдайға келтірілуі керек. Мерзімі өтіп кеткен ордер бойынша жұмыстар жасау өз еркімен қазу болып саналады. Ордерді ұзарту осы Қағиданы бұзушы кінәлілер жауапқа тартылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      160. Инженерлік жүйелер мен құрылғылардың зақымдануын ескерту және байқауға қажетті шаралар қабылдау үшін жұмыс жасаушы бір тәуліктен кешіктірмей, жұмысты бастағанға дейін сол орынға мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақыруы керек. Солармен бірлесе отырып, қолда бар жүйелер мен құрылғылардың нақты орналасқан жерін анықтайды және олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.
      Ескерту. 160-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.      
      161. Жұмыстарды жүргізуші жұмысты бастағанға дейін келесідегілерді орындауы қажет:
      1) құрылыс алаңдары барлық өлшемдер бойынша ескертетін белгілермен бекітілген үлгімен қатты қоршаулармен қоршалуы керек, өтіп жатқан көліктің көшені ластамауы үшін қолайлы болуы керек;
      2) ереже бойынша өтетін жолдар қосымша көшелерге шығып және шлагбауммен жабдықталуы керек. Қоршауларда өтетін жолдар аз мөлшерде болу керек;
      3) құрылыс ұйымдары үшін құрылыс немесе күрделі жөндеу кезінде балшықтан күнделікті тазарту үшін салынып жатқан нысанның осы және басқа жағында ұзындығы 600 метр негізгі магистраль жолдың учаскесі бекітіліп беріледі;
      4) жүргіншілер жүретін орындарда бір бірінен 200 метрден аспайтын қашықтықта жүргіншілер көпірі орнатылады және түнгі уақытта құрылыс немесе күрделі жөндеу учаскесін жарықпен қамтамасыз ету;
      5) жаңбыр суы ағатын суағарлардың жұмысын қамтамасыз етуге шаралар қолдану;
      6) жұмыс аймағында жасыл желектер бар болса, оларды қалқандармен қоршау, олардың сақталуына кепілдік беру;
      7) өтетін жолдар немесе жүргіншілер қозғалысының жүйелерін жабу қажеттілігі кезінде айналма жолдар дайындау және айналма жолды тиісті белгілермен айқын белгілеуге.
      162. Жұмыстарды жүргізу қолданыстағы нормалар мен ережелерде, сондай-ақ ордерде көрсетілген шарттарға сай жүргізіледі.
      163. Жолдың алынған асфальті мен топырағы, қайта салуға жарамсыз болғандықтан, жұмыс үрдісіне шығарылады. Жиектер мен жаяу соқпақ тастары бөлшектелінеді, үйіледі және сақтау мен қайта пайдалану үшін акт бойынша өткізіледі. Жасыл желектерге, су ағатын торларға, науаларға және т.б. топырақ пен құрылыс материалдарын үюге тыйым салынады. Аталған құрылғылардың элементтерін қорғау үшін люктер мен құдықтарға баруды қамтамасыз ететін ағаш қалқандар мен қораптар қолданылуы керек.
      164. Қала бюджеті есебінен бұзылған және зақымданған қалалық шаруашылық нысандарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілген жағдайда барлық шығындар ордер алушы - ұйым немесе жеке тұлғалар есебінен өтеледі.
      165. Жұмыстар жүргізу мерзімі қолданыстағы құрылыс ұзақтығының нормасына сай күнтізбелік кесте негізінде белгіленеді. Екі айдан астам жұмыс уақытымен құрылыс немесе жер асты коммуникацияларды жөндеу кезінде, олардың барлық жұмыс кешенінің аяқталуына байланысты учаскелеріне ордер беріледі.
      166. Жол төсемдері, жаяу соқпақтар мен алаңдар орнатылғаннан немесе күрделі жөндеуден кейін, жол жабуларының бұзылуына байланысты жұмыстар қала әкімінің рұқсаты бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі. Басқа жол жабуларының бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізуге тиым салынады.
      Қажетті жағдайларда инженерлік коммуникация желілерін асфальт қабаты астынан горизонталды бұрғылау әдісі арқылы өткізуге рұқсат беріледі, бұл жағдайда өткізу тереңдігі жол қабатынан 80см- ден кем болмауы керек.
      167. Өкілетті орган қазылған жерлердің жабуын қалпына келтіруге жұмыстарды қабылданғаннан кейін ғана рұқсат беріледі. Қалпына келтіру жұмыстарының сапасына, жабулардың шөгуіне және сынының бұзылуына осы жерді қазған ұйым немесе жеке тұлғалар жауап береді.
      168. Жұмыстарды орындау шарттарын бұзған жағдайда, қалпына келтіру сапасыз немесе қалпына келтіру мерзімдері бұзылса, өкілетті органның басталған жұмыстарды тоқтатуға, жіберілген бұзушылықты жоюды талап етуге, келтірілген зиян шығынын өндіртіп алуға, кінәлі адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға шаралар қолдануға құқылы.
      169. Қалпына келтіру жұмыстарын орындаудың сапасы өкілетті органмен қабылданады.
      170. Жол жабуларын қопару және көшелер, алаңдар мен жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қазу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар мен кәсіпорындар жұмыс жүргізетін орындарға ақпарат қалқандарын орнатуы керек.
      171. Қалалық шаруашылық элементтерін және жарнама қондырғыларын орналастыру тәртібінде өндірістік базаның, жұмысшылар тізімі, арнайы техниканың, техникалық құжаттары және жер учаскесіне құқық беретін құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылуы қажет.
      1) өкілетті органмен келісілген эскиздік жобаға сәйкес, келісім шарт жасалған күнінен 30 күн ішінде қалалық шаруашылық элементтерін және жарнама қондырғыларын жасауға және орнатуға;
      2) қалалық шаруашылық элементтерін және жарнама қондырғыларын сырлау жұмыстарын жүргізу және тұрақты күтіп ұстауға;
      3) өкілетті органның берген ескерту қағазымен қалалық шаруашылық элементтерін және жарнама қондырғыларын орнынан алу, басқада ескертулерді орындауға.
      172. Қалалық шаруашылық элементтерін және жарнама қондырғыларын орналастырғаннан соң және орнынан алған соң аумақты көріктендіріп, қалпына келтіру ұсынылады.
      173. Қалалық шаруашылық элементтерін және жарнама қондырғыларын күтіп ұстау, орналастыру және орнынан алу кезінде автокөлікпен көгал алаңдарға кіруге тиым салынады.

      13 тарау. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      14 тарау. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      15 тарау. Шымкент қаласы аумақтарында жөндеу және кұрылыс жұмыстарын жургізу тәртібі

      179. Жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қажет:
      1) қолданыстағы санитарлық нормалармен анықталған, бөлінген және бекітілген аумақтарды, инженерлік жүйелер мен олардың элементтерін тиісті жағдайда ұстауға (құдықтар, люктер, торлар, тіректер, насос стансалары, жылу пункттері, трансформатор подстансалары және т.б.);
      2) құрылыс қоқыстарын, тұрмыстық қатты қалдықтарды полигондарға (қалалық қоқыс төгетін орындарға) шығару және көмуді қамтамасыз етуге;
      3) санитарлық нормаларға сай сұйық қалдықтарды жинағыш тазаланатын шұңқыр болуға;
      4) өз аумақтарында қажет болған жағдайда уландыру және зиянды кеміргіштерді жоюды жүргізуге (шыбындар, тышқандар, егеу құйрықтарды жою үшін).
      Ескерту. 179-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      180. Қала аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдарға ұсынылады:
      1) құрылыс алаңын жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігі үшін ені 1 метрден кем емес қорғаныш маңдайшасы бар биіктігі 3 метрден кем емес тұтас шарбақпен қоршауға;
      2) жолдың балшықтануын болдырмау үшін құрылыс алаңдарында қатты төсемдері бар кіреберіс жол салуға;
      3) құрылыс кезінде көшелерді құрылыс аумағынан шыққан автокөлік дөңгелектерімен ластамау үшін сумен жууды қамтамасыз етіп, автожолдарды және бекітілген аумақ шегіндегі қоршауға іргелес аумағында тазарту жұмыстарын жүргізуге;
      4) олардың шаңдануын және желмен шаң көтеруін болдырмайтын шараларды сақтап, құрылыс материалдарын сақтауға;
      5) көп қабатты ғимараттар құрылысы кезінде, айналадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жоғары қабатына дейін тормен жабдықталған қоршаулар орналастыру қажет.
      Ескерту. 180-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      16 тарау. Шымкент қаласы аумағында тазарту жұмыстарын ұйымдастыру, абаттандыру, санитарлық жағдайды бақылау

      Ескерту. Қағида 16-тараумен толықтырылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      181. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Қағиданың сақталуын бақылау өкілетті мемлекеттік органдармен белгіленген құзыреті шегінде жүргізіледі.
      Ескерту. Қағида 181-тармақпен толықтырылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.06.13 N 50/419-4c Шешімімен.

      3 Бөлім. Алынып тасталды - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.09.29 N 25/246-4c (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      Шымкент қаласының аумағын
      абаттандыру Қағидасына қосымша

      Шымкент қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемінің мөлшері

      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.09.28 N 55/454-4c Шешімімен.      

Қалдықтың пайда болу көздері

Өлшем бірлігі

Есептік жинақталу мөлшері

1

Жайлы тұрғын үйлер

м 3 /адам /жылына

1,7

2

Жеке сектордағы жайсыз тұрғын үйлер

м 3 /адам /жылына

2,0

Сауда кәсіпорындары

3

Азық-түлік дүкендері

м 3 2 сауда ауданы/жылына

1,2

4

Өнеркәсіп тауарлары дүкендері, супермаркеттер

м 3 2 сауда ауданы/ жылына

0,8

5

Базарлар, сауда павильондары

м 3 2 сауда ауданы/ жылына

0,55

6

Дүңгіршектер, лотоктар, ұсақ сауда нысандары

м 3 2 сауда ауданы/ жылына

0,43

Мекемелер, ұйымдар, кенселер, банктер, байланыс бөлімшелері

7

Мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік ғимараттары

м 3 /адам /жылына

0,25

8

Кенселік ғимараттар (мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар)

м 3 /жұмыс орны/ жылына

1,4

9

Банктер, сақтандыру компаниялары, мұрағаттар, кассалар

м 3 /жұмыс орны/ жылына

1,7

10

Жобалау институттары, ғылыми зерттеу институттары, конструкторлық бюролар

м 3 /жұмыс орны/ жылына

1,3

11

Байланыс бөлімшелері

м 3 /жұмыс орны/ жылына

1,5

Денсаулық сақтау мекемелері

12

Дәріханалар

м 3 2 ауданы/ жылына

0,38

13

Ауруханалар, клиникалар

м 3 /төсек орны/ жылына

1,0

14

Емханалар

м 3 /келіп кету/ жылына

0,02

15

Шипажайлар, пансионаттар, демалыс үйлері

м 3 /төсек орны/ жылына

1,0

Автосервис нысандары

16

Жанар май құю бекеттері, автожуу, автотұрақ, гараждар

м 3 /машина орны/ жылына

1,4

17

Автожөндеу орындары

м 3 /машина орны/ жылына

0,85

Мектепке дейінгі және білім мекемелері

18

Бала-бақшалар, ясли

м 3 /орын/ жылына

0,24

19

Мектептер

м 3 /оқушы/жылына

0,12

20

Жоғарғы оқу орындары, колледждер және училищелер

м 3 /оқушы/жылына

0,38

21

Мектеп-интернаттар

м 3 /оқушы/жылына

0,6

Тұрмыс көрсету кәсіпорындары

22

Шаштаразылар, косметологиялық салондар

м 3 /орын/ жылына

2,2

23

Моншалар, сауналар

м 3 2 ауданы/ жылына

1,15

24

Ақша айырбастау орындары, ломбардтар

м 3 2 ауданы/ жылына

1,18

25

Химиялық тазалау, кір жуу орындары, тұрмыс техникасын жөндеу орындары, тігін ательесі

м 3 2 ауданы/ жылына

0,56

26

Зергерлік, аяқ киім, сағат жөндеу шеберханалары

м 3 2 ауданы/ жылына

0,75

27

Ұсақ-түйек жөндеу орындары

м 3 /орын/ жылына

0,55

28

Кафелер, мейрамханалар, асханалар, қоғамдық тамақтану орындары

м 3 /отыратын орын/ жылына

1,5

29

Қонақ үйлер

м 3 /орын/ жылына

1,2

30

Жатақханалар, интернаттар, балалар және қарттар үйлері

м 3 /орын/ жылына

1,2

Мәдени-спорттық нысандар

31

Театрлар, кинотеатры, мәдениет үйлері, түнгі клубтар, ойын автоматтар залдары

м 3 /орын/ жылына

0,26

32

Мұражайлар, саз салондары

м 3 /келіп кету/ жылына

0,1

33

Кітапханалар, оқу залдары

м 3 /келіп кету/ жылына

0,1

34

Спорт нысандары (стадион, фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, бассейн)

м 3 2 ауданы/ жылына

1,2

Жолаушы көлік кәсіпорындары

35

Темір жол және автовокзалдар, ауежай

м 3 2 ауданы/ жылына

0,59

Қойма нысандары

36

Қоймалар

м 3 2 ауданы/ жылына

0,35

37

Көтерме сауда базалары, азық-түлік және өнеркәсіп қоймалары

м 3 2 ауданы/ жылына

0,2

Аумақтарды тазалау (сыпырым)

38

Саябақтар мен гүлзарлар

м 3 2 аудан/ жылына

0,35

39

Жолдар мен көшелерді тазалау, іргелес аумақты тазалау

м 3 2 аудан/ жылына

0,03

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады