Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 69 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36-бабының 1-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Созақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 128«Біржолғы талондар құны туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-73 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 28 мамырда «Молшылық» газетінің 42-43 нөмірлерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
қосымшаның атауында «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
қосымшаның 18-тармағында «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Созақ аудандық мәслихатының
кезектен тыс ХХХХ сессиясының
төрағасы: С.Таңатов
Созақ аудандық мәслихатының
хатшысы: А.Аймұрзаев