Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 69 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Созақ ауданының базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметтері ара-тұра сипатта болған жағдайда біржолғы талондар құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақтағы, қосымшаның атауындағы, қосымшаның 18-тармағындағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2011.07.04 N 277 Шешімімен.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Созақ аудандық мәслихатының
кезектен тыс ХVІІ сессиясының
төрағасы: К. Исаев
Созақ аудандық мәслихатының
хатшысы: А. Аймұрзаев
Созақ аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 сәуірдегі
N 128 шешіміне қосымша
Созақ ауданының базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметтері ара-тұра сипатта болған жағдайда біржолғы талондар құны
қ/с |
Кәсіпкерлік қызмет түрі |
Бір жолғы талонның 1 күндік құны |
1. |
Газеттер мен журналдар |
100 теңге |
2. |
Ұн, нан және нан тағамдары, кондитерлік өнімдер |
100 теңге |
3. |
Азық-түлік тауарларын сату |
100 теңге |
4. |
Киім-кешек, аяқ киім мен бас киімді қоса |
100 теңге |
5. |
Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдарын сату |
100 теңге |
6. |
Электротехника құралдары |
60 теңге |
7. |
Кеңсе тауарлары, парфюмерия |
60 теңге |
8. |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату |
100 теңге |
9. |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату, оның ішінде: |
|
1) сүт өнімдері |
60 теңге |
|
2) ет және ет өнімдері |
150 теңге |
|
3) жүн және терілер қабылдау |
100 теңге |
|
4) бау-бақша дақылдары |
60 теңге |
|
5) ірі-қара мал, жылқылар сату 1 басына |
150 теңге |
|
6) қой, ешкі сату 1 басына |
80 теңге |
|
7) және басқалар |
100 теңге |
|
10. |
Жануарлар мен құстардың жем-шөптерін сату |
140 теңге |
11. |
Сыпыртқылар, сыпырғылар сату |
30 теңге |
12. |
Орман жидегін және саңырауқұлақ сату |
60 теңге |
13. |
Құрғақ жемістер, бал сату |
60 теңге |
14. |
Балық сату |
100 теңге |
15. |
Ұсақ-түйек тауарлар сату |
60 теңге |
16. |
Аяқ-киім жөндеу және басқа да ақылы тұрмыстық қызметтер |
100 теңге |
17. |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі |
500 теңге |
18. |
Үй жануарларын мен құстарын бағуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар |
60 теңге |