Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 18 шілдедегі N 751 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 тамызда N 5-3-107 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қазандағы N 1210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2012.10.29 N 1210 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) және 14) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мен оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Курчатов қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшеріндегі жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Курчатов қаласының әкімінің
      міндетін атқарушы                                Е. Старенкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады