Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қазандағы N 1210 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қарашада N 2718 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы N 1403 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2013.03.28 N 1403 қаулысымен.
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 14-2) және 14-3) тармақшаларына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ жұмыс іздеуде қиыншылық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Курчатов қаласында қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жалпы жұмыс орындарының санын бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы бекітілсін.
      2. Курчатов қаласы әкімдігінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 751 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2011 жылдың 05 тамызында № 5-3-107 нөмірімен тіркелген, «7 дней» газетінде 2011 жылғы 11 тамыздағы № 32 (834) нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Қала әкімі                                        А. ГЕНРИХ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады