Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2012.10.15 N 221 (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және жұмыс iздеуде қиындықтары бар интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерiн әлеуметтiк қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшiн, Жарма ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшiн және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерi үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары Н.Ә. Шалтабановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi Т. Қасымжанов