Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012.03.12 N 725 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтар, 2011 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2. «Катонқарағай ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Рахымжанов Ғабиден Пазылжанұлына (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;
2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде әскери қызметке шақырылатындардың денсаулығын және стационарлық тексерілуін өткізу үшін бос орындар ұстау;
3) Шақырушылардың уақтылы және сапалы түрде медициналық тексерілуін және емделуін бақылауға алу.
3. Ауылдық округ әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
4. «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Болғамбаева Гүлнәз Қайырбекқызы 2011 жылдың 1 сәуіріндегі ұсынылған тапсырысқа сәйкес қажетті жұмысшыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қоғамдық жұмысқа жолдасын.
5. «Катонқарағай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ішкібаев Марат Салтабекұлына (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды iздеу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткiзу;
2) аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезінде және әскери қызметке жіберуде шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету.
6. Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы «2011 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» № 302 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Байғонусовқа жүктелсін.
8. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі А. Бекбосынов
Келісілді:
«Катонқарағай ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Д. Қаңтарбаев
2011 жылғы 13 сәуір
«Катонқарағай ауданының
ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы М.С. Ішкібаев
2011 жылғы 13 сәуір
«Катонқарағай ауданының № 1
медициналық бірлестігі» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының директоры Ғ.П. Рахымжанов
2011 жылғы 12 сәуір