Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 09 қарашадағы N 695 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 29 қарашада N 5-17-155 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 ақпандағы N 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2012.02.15 N 12 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексiнiң 56-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, азаматтарды әлеуметтiк қорғау мақсатында, Ұлан ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және төлеу жөнiндегi қоса берілген нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Ұлан ауданы әкiмдiгінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 268 «Ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына біржолғы материалдық көмек бөлу және төлеу туралы ережені бекіту туралы» (нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2009 жылдың 25 қыркүйегінде № 5-17-110 тiркелген, аудандық «Ұлан таңы» газетiнiң 2009 жылғы 9 қазандағы № 46 санында жарияланған қаулының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындауын бақылау Ұлан ауданы әкiмiнiң орынбасары Д. Мусинге жүктелсiн.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Ұлан ауданының әкiмi                       Ж. Муратов

Ұлан ауданы әкiмдiгінің
2011 жылғы 9 қарашадағы
№ 695 қаулысымен бекітілді

Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк төлемдердi тағайындау
және төлеу жөніндегі
нұсқаулық

      Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы жағдайлар

      1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк төлемдер (бұдан әрi - әлеуметтiк төлем) ақшалай төлемдер түрiнде көрсетiледi. Әлеуметтiк төлем түрлерi, мөлшерi осы нұсқаулықпен белгiленедi.
      2. Әлеуметтiк төлем Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Ұлан ауданында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады.
      3. Әлеуметтiк төлем Ұлан ауданының бюджетiнен қаржыландырылады.

2. Біржолғы әлеуметтiк төлемдi алу құқықтары

      4. Бiржолғы әлеуметтiк төлем алуға келесі азаматтар санаттары құқылы:
      аз қамтылған отбасылар, жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар, табыстары Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV «Қазақстан Республикасының 2011-2013 жылдарға республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ағымдағы жылға белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын зейнеткерлер;
      табыстарына қарамастан 1, 2 топ мүгедектері;
      табыстарына қарамастан әлеуметтiк көмектi мұқтаж ететiн онкологиялық, туберкулездық ауру адамдар, отбасылар емделу, операцияларды жасау, Қазақстан Республикасының аумағында ауруханаларға емделуге жатқызу үшiн баруға;
      табыстарына қарамастан қант диабетімен ауыратын азаматтар;
      табыстарына қарамастан туғаннан 18 жасқа толғанға дейін мүгедек баласын тәрбиелеп отырған отбасылар;
      табыстарына қарамастан жетім балалар, 18 жасқа толмаған ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      табыстарына қарамастан табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар сияқты себептерге байланысты, өмiрдiң қиын жағдайына түскен азаматтар.
      5. Табыстарына қарамастан мерекелiк және айтулы күндерге қатысты, азаматтардың келесі санаттары біржолғы ақшалай төлем алуға құқылы:
      Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      көп балалы отбасылар, көп балалы аналар;
      Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар;
      мүгедек балалар;
      жетпiске келген және одан асқан зейнеткерлер;
      соғыс ардагерлері, фашизм тұтқындары, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) қатысушылардың екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi.

3. Азаматтардың жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік
төлемнің мөлшерлері

      6. Біржолғы әлеуметтік төлемдер осы Нұсқаулықтың 4, 5 тармақтарында көрсетілген азаматтардың жеке санаттарына келесі мөлшерлерінде жүзеге асырылады:
      аз қамтылған отбасыларға, жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздарға, табыстары Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV «Қазақстан Республикасының 2011-2013 жылдарға республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ағымдағы жылға белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын, жетпiске келген және одан асқан зейнеткерлерге - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      табыстарына қарамастан 1, 2 топ мүгедектеріне - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      табыстарына қарамастан әлеуметтiк көмектi мұқтаж ететiн онкологиялық, туберкулездық ауру адамдарға, отбасыларға емделу, операцияларды жасау, Қазақстан Республикасының аумағында ауруханаларға емделуге жатқызу үшiн баруға - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      табыстарына қарамастан қант диабетімен ауыратын азаматтарға - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      табыстарына қарамастан туғаннан 18 жасқа толғанға дейін мүгедек баласын тәрбиелеп отырған отбасыларға - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      табыстарына қарамастан жетім балаларға, 18 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      табыстарына қарамастан табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар сияқты себептерге байланысты, өмiрдiң қиын жағдайына түскен азаматтарға - 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      15 ақпанда (Ауғанстаннан кеңестiң шектеулi әскери контингентiн шығару күнi) – Ауған соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне жеке жазбаша өтініші бойынша 5000 (бес мың) теңге;
      8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнi) – көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға жеке жазбаша өтініші бойынша 5000 (бес мың) теңге;
      26 сәуiрде (Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күнi) – Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға жеке жазбаша өтініші бойынша 5000 (бес мың) теңге;
      1 маусымда (Балаларды қорғау күнi) – мүгедек балаларға ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдардың жазбаша өтініші бойынша 5000 (бес мың) теңге;
      1 қазанда (Қарттар күнi) – жетпiске келген және одан асқан зейнеткерлерге жеке жазбаша өтініші бойынша 5000 (бес мың) теңге;
      9 мамырда (Жеңiс күнi) бiржолғы ақшалай төлемдер арнайы мемлекеттiк жәрдемақы алушылар санаттары бойынша:
      соғыс ардагерлері, фашизм тұтқындары, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) қатысушылардың екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi – 10000 (он мың) теңге.

4. Азаматтардың жеке санаттарына бiржолғы әлеуметтiк
төлемдi тағайындау

      7. Әлеуметтiк төлем отбасының бір мүшесіне (азаматқа) жеке жазбаша өтiнiшi бойынша, ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдардың жазбаша өтініші бойынша жылына бiр рет материалдық көмек түрiнде берiледi.
      8. Бiржолғы әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi осы Нұсқаулықтың 6 тармағына сәйкес белгiленедi.
      9. Бiржолғы әлеуметтiк төлемді алу үшін азамат (отбасы өкілі) өтініш пен төмендегi құжаттардың көшірмесін (түп нұсқасымен салыстыру үшін) «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесіне ұсынады:
      өтiнiш берушiнiң жеке бас куәлiгiнiң көшiрмесi;
      өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерiн анықтайтын құжаттың көшiрмесi;
      тұрмыс жағдайын тексеру актiсi (тұрғылықты жерi бойынша учаскелiк комиссия мүшелерiмен жасалған);
      отбасының әлеуметтiк картасы (тұрғылықты жерi бойынша учаскелiк комиссиямен жасалған).
      10. Өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қаралады.
      Қаралу мерзімі өткенше, өтініш берушілерге қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарланады.
      11. Біржолғы әлеуметтік көмектi беруден бас тартуға келесі негіздер болады:
      1) өтініш беруші Ұлан ауданы аумағында тіркеуде тұрмаған болса;
      2) өтініш беруші осы Нұсқаулықтың 45 тармақтарында көрсетілген азаматтар санатына кірмесе.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады