Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2011.05.04 N 225 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып Қаратал ауылдық округінің Бұғыбай ауылында ірі қара малдары арасында қарасан індетінің шығуына байланысты Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратал ауылдық округінің Бұғыбай ауылында ірі қара малдары арасында қарасан індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес карантин режимін енгізе отырып, шектеу қойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік Инспекция Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Б. Сатайға (келісімі бойынша) осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Ш. Айтқазинге (келісімі бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
4. Қаратал ауылдық округінің әкімі Б. Қасеновқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы А. Бексұлтановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданы әкімінің
міндетін атқарушы Қ. Байсинов
Келісілді:
Қазақстан Республикасы Ауыл
Шаруашылық Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
Мемлекеттік Инспекция Комитетінің
Үржар аудандық аумақтық
инспекциясының бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторы Б. Сатай
11 наурыз 2011 ж.
Үржар ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы
полиция полковнигі Ш. Айтқазин
11 наурыз 2011 ж.