Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 20.03.2018 № 25-262/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 15.04.2014 № 24-252/V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381, 386 баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Үржар ауданы аумағында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердің жерлеріне, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, автотұрақтар (паркингтер) санаттарына қарай, салынатын базалық салық ставкаларының мөлшері № 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
3. Үржар ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін белгіленген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдануға жақын жатқан елді мекен болып, Үржар селосы айқындалсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Омаров |
Үржар аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | М. Бітімбаев |
Үржар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қазандағы № 31-338-IV шешіміне № 1 қосымша |
Үржар ауданы бойынша автотұрақтар
(паркингтер) санаттарын белгілеу туралы
Рет № | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Санаттары |
1 | Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар | 1 санат |
2 | Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттардың ішіне салынған автотұрақтар | 2 санат |
3 | Ғимараттардың үй астындағы жер асты, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар | 3 санат |
Үржар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қазандағы № 31-338-IV шешіміне № 2 қосымша |
Санаттарына қарай, автотұрақтар (паркингтерге) бөлінген
жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшері
Рет № | Автотұрақтар (паркингтер) санаттары | Салық Кодексімен белгіленген базалық салық ставкалары | Ставкалар |
1 | 1 санат | 0,48 | 10 есе |
2 | 2 санат | 0,48 | 9 есе |
3 | 3 санат | 0,48 | 8 есе |