Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 25-262/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 5603 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Кодексінің 505-бабына, 509 - бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттары № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      2. Салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен болып, Үржар селосы белгіленсін.

      3. Үржар аудандық мәслихатының :

      1) 2011 жылғы 10 қазандағы № 31-338-IV "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-132 нөмірімен тіркелген, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2011 жылдың 10 қазанында жарияланған);

      2) 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-252/V "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қазандағы № 31-338-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3354 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 3 маусымында, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылдың 05 маусымында жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Жакиянова
      Үржар аудандық
      мәслихаттың хатшысы К. Карашев

  Үржар аудандық мәслихатының
2018 жылғы 20 наурыздағы
№ 25-262/VI шешіміне
№ 1 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Рет №

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаттар

1

Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар

1 санат

2

Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттардың ішіне салынған автотұрақтар

2 санат

3

Ғимараттардың үй астындағы жерасты, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар

3 санат

  Үржар аудандық мәслихатының
2018 жылғы 20 наурыздағы
№ 25-262/VI шешіміне
№ 2 қосымша

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

Рет №

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Салық Кодексімен белгіленген базалық салық ставкалары

Белгіленген базалық салық ставкалар

1

1 санат

0,48

10 (он)

2

2 санат

0,48

9 (тоғыз)

3

3 санат

0,48

8 (сегіз)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады