Орал қаласында 2011 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2011 жылғы 5 наурыздағы N 19 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 6 сәуірде N 7-1-203 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы N 125 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2011.12.15 N 125 Шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Орал қаласында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Орал қаласының шақыру учаскелеріне тіркеу жұмысын ұйымдастыру үшін қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
      4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А. С. Сафималиевке жүктелсін.
      Қала әкімі С. Оразов

      КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
денсаулық сақтау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Ирменов Қамидолла Мұтиғоллаұлы
05.03.2011 ж.
      "Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік
мекемесі бастығының М.а.
_____________Мифтахов Виталий Сабирович
05.03.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады