Орал қаласында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы N 125 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 желтоқсанда N 7-1-223 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 56 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2012.12.07 № 56 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Орал қаласында 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезеңінде медициналық куәландырудан өткізуді, дәрі-дәрмекпен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Орал қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндетті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіруді және ұстау ұсынылсын.
      4. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
      5. Аталған іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен өтелсін.
      6. Орал қаласы әкімінің "Орал қаласында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" 2011 жылғы 5 наурыздағы N 19 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 7-1-203 тіркелген, 2011 жылғы 12 мамырдағы "Пульс города" газетінің N 19 және 2011 жылғы 12 мамырдағы "Жайық үні" газетінің N 19 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А. С. Сафималиевке жүктелсін.

      Қала әкімі                       С. Оразов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысы
      Орал қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін уақытша
      атқарушы, подполковник
      _____________Мифтахов Виталий Сабирович
      15.12.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      денсаулық сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Ирменов Қамидолла Мұтиғоллаұлы
      15.12.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаменті
      Орал қаласының ішкі істер
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы,
      полиция полковнигі
      _____________Айтқалиев Шадияр Қамиярұлы
      15.12.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады