Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012.07.30 N 7-2 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 16-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-8-87 тіркелген, 2009 жылғы 18 мамырдағы, аудандық "Ауыл айнасы" газетінде N 24 санында жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
2-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "Капустин Яр" және "Азғыр" әскери-сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен:
бала жастан мүгедектеріне, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және I топ мүгедектеріне - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
II топ мүгедектеріне - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
III топ мүгедектеріне - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Сессия төрағасы Н. Дүйсеков
Аудандық мәслихат хатшысы Е. Газизов