Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2012.02.01 № 52 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi Сырым ауданының аумағында 2011 жылға егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Сырым аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 5 мамырынан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі Е. Нысанғалиев
Сырым ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 16 тамыздағы
№ 177 қаулысына
қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға
жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi
бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi
Сырым ауданының аумағында 2011 жылға
егіс жұмыстарының басталуы мен
аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ |
Егіс өнімдерінің түрі |
Оңтайлы мерзім |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
Құрғақ дала аймағы |
|||
1 |
Күнбағыс |
1 мамыр |
10 мамыр |
Жартылай шөлейтті аймақ |
|||
1 |
Жаздық бидай |
5 мамыр |
15 мамыр |
2 |
Жаздық арпа |
25 сәуір |
5 мамыр |
3 |
Тары |
10 мамыр |
15 мамыр |