Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 14.11.2013 № 16-6 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-140 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы "Екпін" газетінің № 18-19 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) аз қамтылған азаматтарға, дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысының және дәрігердің жолдамасы негізінде ауданнан тысқары жерлерде емделуге баратын азаматтарға өтініштері бойынша, бір жолғы – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) өртке, тасқын суға немесе басқа да табиғи және техногендық маңызы бар апаттардың зардабын шеккен азаматтарға өтініштері бойынша, бір жолғы – сәйкес аудандық комиссия белгілеген мөлшерде;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Федосов
Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Нұрмұханов