Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011.12.30 № 355 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, Тасқала ауданындағы ведомствоаралық комиссия жиналысының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 1 хаттамасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi аудан аумағында 2011 жылғы егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Тасқала ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мусинге жүктелсін.
Аудан әкімі Ө. Мырзағалиев
Тасқала ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 152 каулысына қосымша
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға
жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi
бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi
аудан аумағында 2011 жылғы егiс жұмыстардың
басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№ |
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері |
Оңтайлы мерзімдері |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
құрғақ дала аймағы |
|||
1 |
Жаздық бидай |
1 мамыр |
10 маусым |
2 |
Арпа |
1 мамыр |
1 маусым |
3 |
Тары |
10 мамыр |
10 маусым |
4 |
Күнбағыс |
10 мамыр |
10 маусым |
5 |
Күздік бидай |
10 тамыз |
10 қыркүйек |