Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 41 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 71 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 наурызда № 7484 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 441 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 483 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 26.06.2015 № 441 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 483 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерінің ұсынылған бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті (Т.А. Момышев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен соң оның ресми түрде жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік етуші Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланғанынан кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі           Экономикалық даму және
                                  сауда министрі

__________________ С. Мыңбаев      ______________ Б. Сағынтаев

29 ақпан 2012 жыл                  15 наурыз 2012 жыл

Қазақстан Республикасы   
Мұнай және газ министрінің 
2012 жылғы 29 ақпандағы  
№ 41             
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және  
сауда министрінің     
2012 жылғы 15 наурыздағы 
№ 71             
бірлескен бұйрықтарымен  
бекітілген        

Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің
тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері

      1. Осы газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2011 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекелдер деңгейлеріне жеке кәсіпкерлік субъектілерін енгізу үшін әзірленді.
      2. Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – тексерілетін субъекті қызметінің нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, келтірілген залалдың зардаптарының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      2) тексерілетін субъект – тауар немесе сұйытылған газ өндіруші, газ желілі, газ таратушы, газ тасымалдаушы ұйым.
      3. Жоспарлы тексеру жүргізудің мерзімі тәуекел деңгейіне байланысты төмендегідей жиілікте белгіленеді:
      жылына бір рет – тәуекелдің жоғары деңгейінде;
      үш жылда бір рет – тәуекелдің орта деңгейінде;
      бес жылда бір рет – тәуекелдің болмашы деңгейінде.
      4. Тәуекел деңгейлерін бағалау өлшемдері 2 түрге бөлінеді:
      1) объективті – тексерілетін субъектілер қызметін жүзеге асыру мүмкін болып табылатын тәуекелдердің мәніне негізделеді;
      2) субъективті – тексерілетін субъектілердің белгіленген талаптарды бұзуына байланысты анықталады.
      Субъективті өлшемдер маңызды және болмашы бұзылымдардан тұрады.
      5. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер деңгейлері бойынша бастапқы енгізу тәуекелдер деңгейлерін бағалаудың объективті өлшемдері негізінде жүзеге асырылады.
      6. Тексерілетін субъектілер объективті өлшемдер бойынша тәуекелдердің мынадай топтарына бөлінеді:
      1) тәуекелдің жоғары деңгейінің тобына өндірушілер жатады;
      2) тәуекелдің орта деңгейінің тобына газ таратушы және газ желілі ұйымдар жатады;
      3) тәуекелдің болмашы деңгейінің тобына газ тасымалдаушы ұйымдар жатады.
      7. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер деңгейлері бойынша екінші қайтара енгізу субъективті өлшемдерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      8. Өндірушілердің болмашы бұзылымдарына:
      1) шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жібермеуі немесе жіберу мерзімдерінің сақталмауы;
      2) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жібермеуі;
      3) тауар немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату тәртібін сақтамау;
      4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу кестесін орындамау жатады.
      9. Өндірушілердің болмашы бұзылымдарына:
      1) тауар немесе сұйытылған мұнай газын өндіру мен сату жөнінде мәліметтер бермеу;
      2) есеп жүргізуге арналған бақылау құралдарының болмауы жатады.
      10. Газ желісі ұйымдарының айтарлықтай бұзушылықтарына:
      1) меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базаның болмауы;
      2) өндірістік-техникалық базаның пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезінде техникалық процесті сақтамауы;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы;
      4) тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – кемінде орта арнаулы бiлiм) жауап беретiн бiлiктi және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде – екі жыл жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беру, қайта даярлықтан, аттестациядан өткен техникалық басшылар мен мамандардың құрамының болмауы (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70%-кем емес);
      5) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында уәкілетті органмен берілген және тіркелген қауіпсіздік декларациясының болмауы»;
      6) сол бір газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыны екi және одан да аса газ желiсi ұйымдарының бiр мезгiлде пайдалануы;
      7) сұйытылған мұнай газын өткiзуге арналған газ толтыру пункттерi мен автогаз құю станцияларын екi және одан да аса жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiр мезгiлде пайдалануы;
      8) есепке алатын бақылау аспаптарынсыз сұйытылған мұнай газды сатуы;
      9) белгіленген шекті бағадан асатын сұйылтылған мұнай газын көтерме сауда арқылы сатуды жүзеге асыру;
      10) қауіпті жүктерді тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көліктермен сұйылтылған мұнай газды тасымалдау» жатқызылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Газ желісі ұйымдарының болмашы бұзушылықтарына:
      1) бекітілген:
      қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың;
      қолданыстағы өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту мен жаңадан салу жөніндегі бағдарламалардың;
      негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтар мен көлік құралдарын жоспарлы-сақтандыру жөндеу кестесінің;
      апаттарды жою жоспарының;
      қаланың апаттарды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының;
      апатқа қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу дабылы жоспарларының болмауы;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аттестатациядан өткен зертхананың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен жасалған қызмет көрсетуге жасалған шарттың болмауы;
      3) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болмауы;
      4) тұрмыстық баллондағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алудың болмауы;
      5) тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункт иесінің тауарлық белгісімен таңбалаудың болмауы;
      6) тиісті келісім-шартсыз сұйылтылған мұнай газын бөлшек сауда арқылы өткізуі жатқызылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Газ таратушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
      1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жібермеуі;
      2) ішкі нарықта тауар газын көтерме сатудың соңғы бағасының белгіленген тәртіпте бекітілген деңгейін сақтамау;
      3) апаттық-диспетчерлік қызметтердің болмауы жатады.
      13. Газ таратушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
      1) тауар газын сату жөнінде мәліметтер бермеу;
      2) тауар газын тасымалдау жөнінде мәліметтер бермеу;
      3) есеп жүргізуге арналған бақылау құралдарының болмауы жатады.
      14. Газ тасымалдаушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
      1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жібермеуі;
      2) бірдей жалғастырушы, магистралдық газ құбырлары мен тауар газ қоймасын екі және одан да көп тасымалдаушы ұйымдардың пайдалануы;
      3) апаттық-диспетчерлік қызметтердің болмауы жатады.
      15. Газ тасымалдаушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
      1) тауар газын тасымалдау мен сақтау жөнінде мәліметтер бермеу;
      2) есеп жүргізуге арналған бақылау құралдарының болмауы жатады.
      16. Тексерілетін субъектінің әрбір жасаған бұзылымдары үшін мынадай баллдар беріледі:
      бір маңызды бұзылымға - екі балл;
      бір болмашы бұзылымға - бір балл.
      17. Тексерілетін субъектілер субъективті өлшемдер бойынша жасалған бұзылымдардың түрі мен санына байланысты бөлінеді.
      Тексеру нәтижелері бойынша тексерілген субъектінің жинаған балының саны шығарылады.
      Тәуекелдердің болмашы деңгейінің тобына жататын тексерілген субъектілер тексеру кезеңінде 4 баллдан жоғары жинаса, тәуекелдердің орта деңгейінің тобына ауыстырылады.
      Тәуекелдердің орта деңгейінің тобына жататын тексерілген субъектілер тексеру кезеңінде 4 баллдан жоғары жинаса, тәуекелдердің жоғары деңгейінің тобына ауыстырылады.
      Тәуекелдердің жоғары деңгейінің тобына жататын тексерілген субъектілер тексеру кезеңінде 2 баллдан төмен жинаса, тәуекелдердің орта деңгейінің тобына ауыстырылады.
      Тәуекелдердің орта деңгейінің тобына жататын тексерілген субъектілер тексеру кезеңінде 3 баллдан төмен жинаса, тәуекелдердің болмашы деңгейінің тобына ауыстырылады.
      18. Тексерілетін субъектілер тәуекелдердің бір тобының ішінде:
      соңғы тексеру мерзімін;
      соңғы тексеру кезінде анықталған бұзылымдар санын ескере отырып, тексеру жоспарына енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады