Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 72 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7578 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.01.2016 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                           Г.Марченко

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр Б. Жәмішев
2012 жылғы 31 наурыз

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 72 қаулысымен    
бекітілген      

Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және:
      акционерлік қоғамы қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі - қаржылық есептілік депозитарийі) интернет-ресурсында Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, акционерлік қоғамының жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты;
      қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ақпаратқа қосымша ретiнде жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктi, аудиторлық есептердi, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты және тiзбесi Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Осы Қағидаларының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым – Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізу жөніндегі қызметті жүргізуге уәкілетті «Ақпараттық-оқу орталығы» акционерлік қоғамы;
      2) бағдарламалық қамтамасыз ету – қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым әзірлеген және шаблондар түрінде бағдарламалық қамтамасыз етуінде ұсынылған есептіліктің және ақпараттың әр түрлі нысандарын дайындауға арналған «Есептілікті берудің бірыңғай жүйесі» (ЕББЖ) бағдарламалық қамтамасыз ету;
      3) электрондық цифрлық қол қою (бұдан әрi - ЭЦҚҚ) - бұл электрондық цифрлық қол қою құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық символдардың жиынтығы;
      4) электрондық есеп - ұлттық куәландырушы орталығы берген ЭЦҚҚ қол қоятын осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ақпаратпен жылдық және (немесе) тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктің нысандарымен қамтамасыз етудің толтырылған тиісті шаблоны;
      5) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы - «www.dfo.kz» адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;
      6) қор биржасының интернет-ресурсы - «www.dfo.kz» адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы.
      2. Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын акционерлік қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) (бұдан әрі - № 422 бұйрық) бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты ұсынады.
      Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын, бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасына № 422 бұйрықпен бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты ұсынады.
      Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын акционерлік қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8571 тіркелген) (бұдан әрі - № 130 қаулы) бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, және бар болса аудиторлық есепті, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты ұсынады.
      Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын, бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасына № 130 қаулымен бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, және бар болса аудиторлық есепті, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты ұсынады.
      Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасына халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті ұсынады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген және қор биржасының алаңында айналыста болмайтын, шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне, шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасына тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және мыналардан тұратын өзге ақпаратты ұсынады:
      1) № 422 бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларында белгіленген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен шығындар туралы есеп - қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын эмитент үшін;
      2) № 130 қаулымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен шығындар туралы есеп - екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, қаржы ұйымы болып табылатын эмитент үшін;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 147 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8618 тіркелген) қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес жасалған банктің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп – екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент үшін;
      4) ХҚЕС-ке сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және меншікті қаражат бойынша пайда мен шығындар туралы есеп – арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын эмитент үшін.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4-1. Тізіміне шығарылған бағалы қағаздары енгізілген қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында, бағалы қағаздары сондай-ақ, шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент тізіміне шығарылған бағалы қағаздары енгізілген қаржылық есептілік депозитарийіне, қор биржасына ХҚЕС-ке сәйкес жасалған тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының қор биржасының қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімде ұсынады.
      Екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа қосымша Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты Қазақстан Республикасының қор биржасының қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімде ұсынады.
      Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруға тиісті жылдық қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына сәйкес ұсынылады.
      6. Тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыруға тиісті жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті эмитент Microsoft Office Excel форматта электрондық тасымалдауышта ұсынады.
      2012 жылғы 1 шілдеден бастап қаржылық есептiлiк қор биржасының ережелерімен айқындалатын форматта ұсынылатын деректердiң конфиденциалдылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзудiң тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде қор биржасына ұсынылады.
      Аудиторлық есеп қор биржасына PDF, TIFF немесе JPEG форматтарда ұсынылады (қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі).
      7. Акционерлік қоғам интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептілік депозитарийіне тізбесі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 79-бабының 1-тармағында айқындалған, осы Қағидалардың 1-қосымшасының 2, 3, 5, 7, 9, 10, 12, 13-тармақтарына сәйкес жасалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты туындаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 1-қосымшасының 1, 4, 6, 8-тармақтарына сәйкес туындаған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынады.
      Акционерлік қоғам осы Қағидалардың 1-қосымшасының 11-тармағына сәйкес жасалған корпоративтік дау бойынша сотта iс қозғалғаны туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептілік депозитарийіне қоғам корпоративтік дау жөнiндегi азаматтық iс бойынша тиiстi сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде ұсынады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      8. Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитент қаржылық есептілік депозитарийге және тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жасалған Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында көзделген бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын эмитенттің қызметінде өзгерістері туралы ақпаратты интернет-ресурсында орналастыру үшін олар туындаған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ұсынады.
      8-1. Бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген акционерлік қоғам болып табылатын эмитент интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген ақпаратқа қосымша осы Қағидалардың 1-қосымшасының 2, 3, 5, 9, 10 және 13-тармақтарына сәйкес жасалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты туындаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
      Акционерлік қоғам болып табылатын, бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитент осы Қағидалардың 1-қосымшасының 11-тармағына сәйкес жасалған корпоративтік дау бойынша сотта iс қозғалғаны туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептілік депозитарийіне және қор биржасына эмитент корпоративтік дау жөнiндегi азаматтық iс бойынша тиiстi сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде ұсынады.
      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      9. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушысының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалады және мынадай тәртіпте қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымға ұсынылады:
      1) корпоративтік оқиғалар, жылдық немесе тоқсан сайынғы қаржылық есептілік үшін арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің тиісті шаблоны толтырылады. Акционерлік қоғам және эмитент қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның өңірлік бөлімшелерінде (электрондық ақпарат тасымалдауыштарда) немесе қаржылық есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында бағдарламалық қамтамасыз етуді алады;
      2) шаблонды толтыру нәтижесінде ЭЦҚҚ қол қоюға қажетті электрондық есеп қалыптастырылады;
      3) электрондық есепке қол қойғанға дейін оған:
      жылдық қаржылық есептілікті орналастырған кезде - акционерлердің жалпы жиналысының «Аcrobat Reader» электрондық форматында жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті бекіту туралы сканирленген шешімдері (қол қойылған және аудиторлық ұйымының мөрімен расталған қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі);
      осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделген ақпаратты орналастырған кезде - «Аcrobat Reader» электрондық форматында акционерлік қоғамының сканирленген өтінімі (қазақ және орыс тілдерінде бағдарламалық қамтамасыз ету шаблонда ақпараттық хабарламаның мәтінін теру нәтижесінде басып шығарылған, бірінші басшысы қол қойған және мөрімен расталған қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі) қоса тіркеледі;
      Акционерлік қоғамдар туралы заңның және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның талаптарына сәйкес немесе қаржылық есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында акционерлік қоғамының «электрондық досье» қосымша бетінде орналастыратын өзінің бастамасы бойынша жарияланатын «Аcrobat Reader» электрондық форматында сканирленген құжаттар;
      4) депозитарий құрылымына есепті жіберу және енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуде бар сервисті пайдалана отырып, қаржылық есептілік депозитарий серверіне (эмитентте интернетке шығу болған кезде) немесе қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының өңірлік бөлімшелеріне (электрондық ақпарат тасымалдауышта) электрондық есепті жібереді.
      10. Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым акционерлік қоғамының электрондық есеп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде акционерлік қоғамының оның ЭЦҚҚ көрсетілген электрондық адресіне электрондық есепті қаржылық есептілік депозитарийге енгізу және оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электронды хабарлама жібереді.
      11. Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының қол қойылған ЭЦҚҚ электронды хабарламасы басып шығарылу, бірінші басшы, бас бухгалтер және корпоративтік хатшысы (корпоративтік оқиғаларды орналастырған кезде) қол қою және акционерлік қоғамда сақталу тиіс.
      12. Акционерлік қоғамының осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының қаржылық есептілікті қабылдауынан бас тартуына негіз болып табылады.
      13. Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат және қаржылық есептілік әрбір акционерлік қоғам және қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент бойынша бөлігінде қалыптасады.
      Бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын эмитенттің қызметінде өзгерістері не акционерлік қоғамның бұрын болған корпоративтік оқиғалардың, оның ішінде ұзақ сипаты бар салдарлары туралы ақпаратты ұсынған кезде бірыңғай ақпараттық хабарлама мәтінінде сол сияқты бұрын орналастырылған ақпарат көрсетіледі.
      14. Акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердің қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына ұсынатын жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктерін, аудиторлық есептерін қаржылық есептiлiк депозитарийі мен шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасы оларды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырады.
      Акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердің қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына ұсынатын корпоративтік оқиғалар туралы және эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратын қаржылық есептiлiк депозитарийі мен шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасы оларды алған күні орналастырады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс қаржылық есептілік, аудиторлық есептер және өзге де ақпарат Қағидаларда белгіленген тәртіппен орналастырылған күннен бұрын бұқаралық ақпарат құралдарының басқа көздері арқылы жариялануға (орналастырылуға) жатпайды.
      Осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдары, сондай-ақ бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитенттер тізіміне шығарылған бағалы қағаздары енгізілген қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру үшін, көрсетілген ақпараттың сауда жүйесінде халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитенттердің бағалы қағаздары айналыста болған, шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларына берілуі ұқсас көлемде және мерзімде қаржылық есептілікті және бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитенттердің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қаржылық есептілік депозитарийінің,    
қор биржасының интернет-ресурсында     
корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты,  
қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді
орналастыру қағидаларына 1-қосымша      

Қаржылық есептілік депозитарийінің және тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылатын акционерлік қоғамының корпоративтік оқиғалар туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

Ақпарат түрі

Ақпарат мазмұны

1

2

3

1.

Ақпаратты акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторларға жіберетін мәселелердің тізбесі бойынша акционерлердің жалпы жиналасында және директорлар кеңесі қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның толық атауы мен орналасқан жері;
2) акционерлердің жалпы жиналысын, директорлар кеңесін өткізу күні, уақыты және орны;
3) акционерлердің жалпы жиналысында, директорлар кеңесінің отырысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер;
4) акционерлердің жалпы жиналасында және дауыс беру қорытындыларын (нәтижелерін) көрсете отырып директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер;
5) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер.

2.

Акционерлік қоғамының акцияларды және басқа бағалы қағаздарды шығаруы туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, қоғамның бағалы қағаздарын өтеу, қоғамның бағалы қағаздары шығарылымын жою қорытындылары туралы есептерді бекітуі туралы ақпарат

1) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;
2) шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
3) облигацияларды шығарған жағдайда номиналды құны, айналысқа жіберу мерзімі және өтеу тәртібі, олар бойынша кірісті төлеу тәртібі мен мерзімдері, ковенанттар және (немесе) олардың шығарылым проспектісінде көрсетілген шектеулер қосымша көрсетіледі;
4) жарияланған бағалы қағаздардың санының өсуі: жарияланған бағалы қағаздар санын өсіру бөлігінде бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісінде өзгерістерді мемлекеттік тіркеу күні, жарияланған бағалы қағаздардың санының өсуі туралы шешімді қабылдау күні және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғам органы, бағалы қағаздардың түрлері бойынша бөлігінде бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне тиісті өзгерістерді мемлекеттік тіркеуден кейін жарияланған бағалы қағаздардың саны;
5) бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімді қабылдаған күні;
6) бағалы қағаздарды орналастыру басталған күн, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың санын және орналастыру тәсілін көрсете отырып бағалы қағаздарды орналастыру шарттары;
7) бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күн (орналастырудың есепті кезеңін көрсете отырып), бағалы қағаздарды өтеу күні;
8) бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептің, есепті кезеңде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсете отырып өтеу қорытындылары туралы есептің бекітілген күні;
9) есепті кезеңде акционерлік қоғамның олар шығарған бағалы қағаздарды оларды ұстаушылардан сатып алған саны мен түрі;
10) есепті кезеңде акциялар бойынша дивидендтерді, облигациялар бойынша кірістерді төлеу туралы мәліметтер;
11) жою үшін негіздемесін көрсете отырып бағалы қағаздардың шығарылымын жойған күні. Акционерлік қоғамы уәкілетті органнан эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алған жағдайда уәкілетті органның осындай рұқсаттың күні және нөмірі, сондай-ақ шығарылымның негізгі өлшемдері көрсетіледі.

3.

Акционерлік қоғамы ірі мәмілелерді жасағаны және оны жасағанда қоғамның мүдделілігі бар мәмілелерді жасағаны туралы ақпарат

1) Акционерлік қоғам органының мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күн;
2) мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны;
3) мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні;
4) осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арақатынасы;
5) мәміленің негізгі маңызды шарттары;
6) мәміле жасалған күн.

4.

Акционерлік қоғамының мүлкін осы қоғамның активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомасына кепілге (қайта кепілге) беру

1) акционерлік қоғам органы акционерлік қоғам мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешімді қабылдаған күн;
2) акционерлік қоғамның мүлкін (шарт жасау) кепілге беру (қайта кепілге беру) күні қабылдаған күн және мүлікті кепілге (қайта кепілге беру) жүзеге асырылатын мерзім;
3) акционерлік қоғамның кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлкінің құны;
4) акционерлік қоғамның кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлкін соңғыбағалау күні;
5) осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына қатысты кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлкінің пайыздық қатынасы;

5.

Акционерлік қоғамы қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде қарызды алуы туралы ақпарат

1) акционерлік қоғам органының қарызды алу туралы шешімді қабылдаған күні;
2) акционерлік қоғамның қарызды алған күні;
3) акционерлік қоғам алған қарызды мақсатты пайдалану;
4) акционерлік қоғам алған қарыздың мөлшері;
5) акционерлік қоғам алған қарыздың мөлшеріне акционерлік қоғамның меншікті капиталының мөлшеріне пайыздық арақатынасы.

6.

Акционерлік қоғамның қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға, қоғамның қызметтің қандай да бір түрін (іс-әрекеттерді) жүзеге асыруға бұрын алған лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ақпарат

1) рұқсат берген, рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған рұқсат беру органының атауы;
2) рұқсат берілген күні, нөмірі, рұқсаттың қолданылу мерзімі;
3) жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет түрінің (іс-әрекеттің) атауы;
4) мемлекеттік органның рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (тоқтата тұру мерзімі), қолданылуын жаңарту күні туралы шешімді қабылдаған күні;
5) рұқсатты тоқтата тұруға (жаңартуға) негіздеме;
6) мемлекеттік органның рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешімді қабылдаған күні (рұқсаттың қолданылуын тоқтатуға негіздеме).

7.

Акционерлік қоғамның заңды тұлғаны қруға қатысуы туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның заңды тұлғаны құру (акционерлік қоғамның мекемеге қатысуы туралы) туралы шешім қабылдаған күн, шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы;
2) құрылатын заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;
3) құрылатын заңды тұлға жүзеге асыратын қызмет түрлері.

8.

Акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы шешімнің күні, нөмірі, қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негіздемесі;
2) акционерлік қоғамның тыйым салынған мүлкінің атауы және оның қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы;
Банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған ақша сомасын көрсету. Бағалы қағаздарға тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрлері, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы мәліметтер;
3) тыйым салуды алған жағдайда - акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салуды алу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік орган шешімінің күні, нөмірі.

9.

Баланстық құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан астам пайызын құрайтын нәтижесінде акционерлік қоғамның мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы туралы ақпарат

1) төтенше сипаттағы жағдайлар басталуына байланысты жойылған акционерлік қоғам мүлігінің атауы;
2) төтенше сипаттағы жағдайлар басталу нәтижесінде акционерлік қоғамның жойылған мүлкінің баланстық құны;
3) акционерлік қоғам мүлкінің жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы жағдайлардың басталған күні.

10.

Акционерлік қоғамды және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпарат

1) әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған мемлекеттік органның атауы;
2) мемлекеттік органның әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған күні, нөмірі;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабын көрсете отырып, әкімшілік жаза қолданудың (әкімшілік құқық бұзушылық құрамының) мазмұны.

11.

Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалуы туралы ақпарат

1) корпоративтік дау бойынша талапкердің, жауапкер туралы мәліметтер (жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты; заңды тұлғаның орналасқан жері);
2) талап арыз берген күн, шағым талаптардың қысқаша мазмұны;
3) корпоративтік дау бойынша талап арыз қаралатын соттың атауы;
4) сот шешімі қабылданған күн, сот шешімінің қарарлық бөлігінде көрсетілген мәліметтер;
5) апелляциялық, кассациялық шағымдар беру, өтініштер беру, сот шешіміне наразылық білдіру және оларды қарау нәтижелері туралы ақпарат.

12.

Акционерлік қоғамды мәжбүрлеп қайта құру туралы шешім жөніндегі ақпарат

1) осындай шешімді қабылдаудың негіздемесін көрсете отырып, акционерлік қоғамды мәжбүрлеп қайта құру туралы сот шешімінің күні мен нөмірі;
2) акционерлік қоғамды мәжбүрлеп қайта құру туралы қабылданған шешімді шағымдану, орындалу туралы мәліметтер.

13.

Акционерлік қоғамның жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамның бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіне сәйкес акционерлік қоғамның акционерлерінің және инвесторлардың мүддесіне қатысты өзге жағдайлары туралы ақпарат

акционерлік қоғамның жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамның бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіне сәйкес акционерлік қоғамның акционерлерінің және инвесторлардың мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер.

Қаржылық есептілік депозитарийінің,
қор биржасының интернет-ресурсында
корпоративтік оқиғалар туралы  
ақпаратты, қаржылық есептілікті және
аудиторлық есептерді орналастыру 
қағидаларына 2-қосымша        

Қаржылық есептілік депозитарийінің және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылатын қор биржасының бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүддесін қозғайтын тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

р/с №

Ақпарат түрі

Ақпарат мазмұны

1

2

3

1.

Эмитент органдарының құрамын өзгерту туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған эмитент органының атауын көрсете отырып эмитент органының құрамын өзгерту туралы шешімді қабылдаған күн;
2) құрамы өзгертілген эмитент органының атауы;
3) эмитент органының құрамындағы өзгерістердің мәні: орган құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты және бар болса әкесінің аты, орган құрамына сайланған (тағайындалған) тұлғаның тегі, аты және бар болса әкесінің аты.

2.

Эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлері (қатысушылар) құрамын өзгерту туралы ақпарат

1) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер (қатысушылар) құрамын өзгерткен күн (бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілім жүйесінде немесе номиналды ұстаушыларды есепке алу жүйесінде өзгерістерді тіркеу күні);
2) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) құрамын өзгертудің негіздемесі (мәміле, сыйға беру, сот шешімі және т.б.);
3) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) құрамын өзгертудің мәні.

3.

Эмитенттің оның еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы туралы ақпарат

1) мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда - эмитенттің, оның еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы, таратылуы туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы (қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын заңды тұлғаның орналасқан жерін, атауын көрсетумен), осындай шешім қабылданған күн және шешім қабылдаудың негіздемесі, қайта ұйымдастырудың өзге талаптары;
2) эмитентті, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарын мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру, тарату туралы қабылданған шешімді шағымдану, орындау жөніндегі ақпарат;
3) эмитент ерікті түрде қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайда - эмитент органының шешім қабылдаған органның атауын көрсетумен, эмитентті ерікті түрде қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылданған күн, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарын ерікті түрде қайта ұйымдастырған, таратқан жағдайда - ұйым (акционерлік қоғамның) органының шешім қабылдаған органның атауын, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын заңды тұлғаның орналасқан жерін көрсетумен ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылданған күн;
4) тарату процесі басталған және аяқталған күн.

4.

Эмитенттің мүлкіне тыйым салу туралы ақпарат

1) Тыйым салу туралы шешім қабылданған күн, нөмірі, эмитенттің мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылданған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негіздемесі;
2) тыйым салынған мүліктің атауы және оның қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы;
Банктердегі, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына тыйым салған жағдайда - тыйым салынған ақша сомасын көрсету.
Бағалы қағаздарға тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрлері, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы деректер;
3) тыйым салудан босатқан жағдайда - эмитенттің мүлкін тыйым салудан босату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органы шешім қабылдаған күні, нөмірі.

5.

Осы эмитент активтерінің бес және одан да артық пайыздарын құрайтын сомадағы эмитент мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) жөніндегі ақпарат

1) эмитент органының эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешім қабылдаған күн;
2) эмитенттің мүлкін кепілге берген (қайта кепілге берген) күн (шарт жасалған) және мүлікті кепілге беру (қайта кепілге беру) жүзеге асырылатын мерзім;
3) эмитенттің кепілге берілетін (қайта кепілге берілген) мүлкінің құны;
4) эмитенттің кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлкін соңғы рет бағалаған күн;
5) осы эмитент активтерінің жалпы құнына кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлік құнының пайыздық арақатынасы.

6.

Эмитенттің лицензияны алуы, оның қолданысын тоқтата тұру немесе айыру туралы ақпарат

1) лицензияны берген, лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы;
2) лицензияның күні, нөмірі, лицензияның қолданылу мерзімі;
3) лицензия берілетін қызмет түрінің атауы;
4) лицензияның қолданысын тоқтата тұру; (тоқтата тұру мерзімі) туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, лицензияның қолданысын жаңарту күні;
5) лицензияның қолданысын тоқтата тұруға (жаңартуға) негіз;
6) мемлекеттік органның лицензияның қолданысын тоқтату (лицензияның қолданысын тоқтатуға негіз) туралы шешім қабылдаған күні.

7.

Эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімдері туралы ақпарат

1) эмитенттің толық атауы және орналасқан жері;
2) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
3) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер;
4) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы дауыс берудің қорытындыларын (нәтижелерін) көрсетумен қабылданған шешімдері;
5) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы қабылдаған шешімнің орындалуы туралы ақпарат;
6) эмитент шешімі бойынша өзге мәліметтер.

8.

Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының он және одан астам пайызына ие (үлесі, пайлары) болатын ұйымдардың тізіміне өзгерту туралы ақпарат

1) ұйымның толық атауы, олардың орналасқан жері, олар жүзеге асыратын қызмет түрлері;
2) ұйымның орналастырылған акцияларының жалпы санына (үлесі, пайлары) ұйымның эмитент ие акцияларының (үлесі, пайлары) (үлесі, пайлары) санына пайыздық арақатынасы.

9.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіндегі өзгертулер туралы ақпарат

1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылатын эмитент органының шешім қабылдаған күні, шешім қабылдаған органның атауы;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне енгізілген өзгерістердің мазмұны (мәні).

10.

Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылу проспектісімен көзделген талаптарды орындамауы, осы эмитент жіберген дефолт фактілері туралы ақпарат

1) эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылу проспектісімен көзделген талаптарды орындамауы туралы ақпарат көрсетіледі;
2) орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелерді орындамаудың себебі, сондай-ақ эмитент облигациялар бойынша міндеттемелердің орындамаған не тиісінше орындамағанда эмитенттің міндеттемелері бойынша эмитентке, бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға қойылатын талаптармен өтініш беру тәртібін қоса өз талаптарын қанағаттандыру бойынша облигациялар ұстаушылардың іс-әрекеттерін атап шығу;
3) эмитент облигациялар бойынша міндеттемелері орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің қолданған шаралары;
4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда облигация ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі және талаптары.

Қаржылық есептілік депозитарийінің,
қор биржасының интернет-ресурсында  
корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты,
қаржылық есептілікті және аудиторлық 
есептерді орналастыру қағидаларына  
3-қосымша              

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі:

      1) Азия даму банкi;
      2) Америкааралық даму банкi;
      3) Африка даму банкi;
      4) Еуразиялық даму банкi;
      5) Еуропа инвестициялық банкi;
      6) Еуропа қайта құру және даму банкi;
      7) Еуропалық Кеңестiң даму банкi;
      8) Ислам даму банкi;
      9) Скандинавия инвестициялық банкi;
      10) Халықаралық есеп айырысу банкi;
      11) Халықаралық қайта құру және даму банкi;
      12) Халықаралық қаржы корпорациясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады