Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар шығарылымы және айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 52 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 маусымда № 9513 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қарау ережесінде:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаның) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.»;
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған эмитент (екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – банк), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) левереджінің шамасы 2-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).
      Standard&Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған левереджінің шамасы халықаралық қаржы ұйымдарының ішкі құжаттарында белгіленген шамадан аспайды.
      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) мемлекеттік тіркеуге арналған левередж шамасы 5-тен аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректеріне сәйкес).»;
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тиiстi қаржы ұйымының iшкi құжаттарына сәйкес жасалған, қағаз тасымалдағышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (эмитенттің қаржылық есептілігiн қоспағанда) бiр данада облигациялар шығарылымының (облигация шығарылымының талаптары) проспектiсiн не облигациялар шығарылымының талаптарын.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент уәкілетті органға Заңның 24-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы қазақ және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады.
      Standard&Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 5-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада ұсынылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент уәкілетті органға Заңның 32-бабының 2-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі данада ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды өтеу қорытындылары туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады.
      Standard&Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын өтеу қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 6-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада ұсынылады.»;
      1-қосымшада:
      38-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және оларды өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу талаптары;
      облигациялар айналысы жоспарланатын (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған) нарығын;
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсілі;
      орны және облигацияларды эмитент кассасы арқылы қолма-қол ақшамен өтеу кезінде өтініш жасауға болатын тұлғалар;»;
      42-тармақ алып тасталсын;
      2-қосымшаның 23-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) облигациялар айналысының басталуын анықтау тәртібін, облигациялар айналысы жоспарланатын (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған) нарығын, оларды өтеу, облигацияларды өтеу күнін белгілеу талаптарын көрсете отырып, облигациялардың айналысы және оларды өтеу жөніндегі мәліметтер;»;
      3-қосымшаның 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялар айналысының басталу күні;
      облигациялар айналысы жоспарланатын (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған) нарығын;
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу шарттары;
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсілі;»;
      3-13-2 және 3-3-қосымшалары осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы қаулының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес 5-1 және 6-1-қосымшалармен толықтырылсын;
      8-қосымша осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.01.2016 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ.Келімбетов

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      2014 жылғы 11 мамыр

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 1-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың 
шығарылымын мемлекеттік тіркеу   
және облигацияларды орналастыру   
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы    
есепті қарау ережесінің        
3-1-қосымшасы             

Нысан

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

Алматы қаласы
20__жылғы «___» __________                               № _____

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі____________________________
_______________________________________________________ тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті берген органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға
____________________________________________________________
немесе куәлікке сәйкес эмитенттің атауы және мекенжайы)

облигациялар шығарылымын_______________________________________
_______________________________________________________________
(шығарылымның реттік нөмірі)

мемлекеттік тіркеуге алды.

Шығарылым______________________________________________________
__________________________________________________ бөлінді,
(облигациялар саны цифрмен және жазбаша)

әрі оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірі
_________________________________________________________берілді.
Бір облигацияның номиналдық құны
__________________________________________________________ теңге.
           (цифрмен және жазбаша)

Облигациялар шығарылымының көлемі __________________________
                                (шығарылатын облигациялардың
________________________________________________теңге болады.
жиынтық номиналдық құны цифрмен және жазбаша)

Шығарылым ______________________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат:______________________________
______________________________________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның
тегі, аты, бар болса әкесінің аты,
лауазымы, қолы, мөрі.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 2-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың 
шығарылымын мемлекеттік тіркеу  
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
3-2-қосымшасы            

Нысан

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

Алматы қаласы
20__жылғы «__» _________                                    № _____

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі____________________________
_______________________________________________________ тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті берген органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға
____________________________________________________________
немесе куәлікке сәйкес эмитенттің атауы және мекенжайы)

облигациялық бағдарламаның_______________________________________
_________________________________________________________________
                     (реттік нөмірі)
мемлекеттік тіркеуге алды.

Облигациялық бағдарламаның көлемі __________________________
                                 (облигациялық бағдарламаның
_________________________________________________теңге болады.
               шығарылым көлемі)

Шығарылым _______________________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат:_____________________________
_____________________________________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның
тегі, аты, бар болса әкесінің аты,
лауазымы, қолы, мөрі.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 3-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың 
шығарылымын мемлекеттік тіркеу   
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
3-3-қосымшасы           

Нысан

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

Алматы қаласы
20__жылғы «__» __________                                   № _____

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі____________________________
_______________________________________________________ тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті берген органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға
____________________________________________________________
немесе куәлікке сәйкес эмитенттің атауы және мекенжайы)

облигациялар шығарылымы____________________________________
                              (реттік нөмірі)
шегінде_________________________________________________________
                              (реттік нөмірі)

мемлекеттік тіркеуге алды.

Шығарылым_______________________________________________________
_________________________________________________ бөлінді,
(облигациялар саны цифрмен және жазбаша)

әрі оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірі
________________________________________________________берілді.

Бір облигацияның номиналдық құны
_________________________________________________________ теңге.
               (цифрмен және жазбаша)

Облигациялар шығарылымының көлемі ________________________
                                (шығарылатын облигациялардың
_________________________________________________теңге болады.
жиынтық номиналдық құны цифрмен және жазбаша)

Шығарылым ________________________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат:______________________________
______________________________________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның
тегі, аты, бар болса әкесінің аты,
лауазымы, қолы, мөрі.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 4-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу  
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
5-1-қосымшасы           

Нысан

облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттің атауы
      2. Эмитенттің орналасқан жері.
      3. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі.
      4. Облигациялар туралы мәліметтер:
      шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрі, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшері.
      5. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) есеп ұсынылатын орналастыру кезеңі басталған күні және аяқталған күні;
      2) есепті кезеңге орналастырылған облигациялардың саны және оларды айналысқа жіберген күннен бастап бұрын орналастырылған облигацияларды ескере отырып;
      Есепке эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды. Есептің әрбір данасы облигацияларды орналастыру кезеңінің аяқталған күні тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесімен тігіледі.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 5-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу  
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
6-1-қосымшасы           

Нысан

Облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттің атауы.
      2. Эмитенттің орналасқан жері.
      3. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және шығарылым нөмірі.
      4. Облигацияларды өтеу туралы мәліметтер:
      1) облигацияларды өтеу күні;
      2) облигацияларды өтеу күніндегі жағдай бойынша эмитент сатып алған облигациялар саны туралы мәліметтер;
      3) мерзімінен бұрын өтелген облигациялар саны туралы мәліметтер.
      Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепке эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 6-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу  
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
8-қосымшасы           

Нысан

Облигацияларды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті бекіту жөніндегі хабарлама

Алматы қаласы «__» __________                           № ______
20__жыл

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
________________________________________________________________
________________________________ тіркеген (заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті берген органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
_________________________________________________________________
_____________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес эмитенттің атауы және мекен-жайы)
_________________________________________________________________
___________________ облигацияларды орналастыру
(шығарылымның реттік нөмірі)
(өтеу) қорытындылары туралы есепті бекітті.

Шығарылым номиналдық құны
____________________________________________________________
(номиналдық құнының мөлшері цифрмен және жазбаша)
теңге болатын
__________________________________________________________________
__________________________ облигацияға бөлінді.
(облигациялар саны цифрмен және жазбаша, облигациялар түрі)
__________________________________________________________________
_____________________________ жағдай бойынша
(облигацияларды орналастырудың (өтеудің) аяқталған күні, айы, жылы) орналастырылған (өтелген) облигациялар
__________________________________________________________________
орналастырылмаған облигациялар
__________________________________________________________________
Шығарылым_________________нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздар мемлекеттік тізіліміне енгізілген
Шығарылым туралы қосымша ақпарат:________________________________.

Хабарламаға қол қойған адамның
тегі, аты, бар болса әкесінің аты
және лауазымы, қолы, мөрі.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 7-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.01.2016 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 8-қосымша 

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.01.2016 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады