Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 72 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 111 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 маусымда № 8507 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.01.2016 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 72 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7578 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын акционерлік қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) (бұдан әрі – № 422 бұйрық) бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
      Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын, бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына № 422 бұйрықпен бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті ұсынады.
      Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын акционерлік қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6890 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының, инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілігінің нысандары, тізбесі, ұсыну мерзімдері мен тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6890 тіркелген) (бұдан әрі – № 11 қаулы) бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ, бар болса аудиторлық есепті ұсынады.
      Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын, бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына № 11 қаулымен бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ, бар болса аудиторлық есепті ұсынады.
      Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептiлiк стандарттарына (General Accepted Accounting Principles – GAAP) сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті ұсынады.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей қаржылық есептiлiк депозитарийіне, шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және мыналардан тұратын өзге ақпаратты ұсынады:
      1) № 422 бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларында белгіленген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен шығындар туралы есеп – қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын эмитент үшін;
      2) № 11 қаулымен белгіленген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен шығындар туралы есеп – екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, қаржы ұйымы болып табылатын эмитент үшін;
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3750 тіркелген) қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес жасалған банктің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп – екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент үшін;
      4) ХҚЕС-ке сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және меншікті қаражат бойынша пайда мен шығындар туралы есеп – арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын эмитент үшін;
      5) ХҚЕС-ке немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептiлiк стандарттарына (General Accepted Accounting Principles – GAAP) сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен шығындар туралы есеп – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитент үшін.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Акционерлік қоғам интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептiлiк депозитарийіне тізбесі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 79-бабының 1-тармағында айқындалған, осы Қағидалардың 1-қосымшасының 2, 3, 5, 7, 9, 10, 12, 13-тармақтарына сәйкес жасалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты туындаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 1-қосымшасының 1, 4, 6, 8-тармақтарына сәйкес туындаған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынады.
      Акционерлік қоғам осы Қағидалардың 1-қосымшасының 11-тармағына сәйкес жасалған корпоративтік дау бойынша сотта iс қозғалғаны туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептілік депозитарийіне қоғам корпоративтік дау жөнiндегi азаматтық iс бойынша тиiстi сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. Бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген акционерлік қоғам болып табылатын эмитент интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген ақпаратқа қосымша осы Қағидалардың 1-қосымшасының 2, 3, 5, 9, 10 және 13-тармақтарына сәйкес жасалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты туындаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
      Акционерлік қоғам болып табылатын, бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитент осы Қағидалардың 1-қосымшасының 11-тармағына сәйкес жасалған корпоративтік дау бойынша сотта iс қозғалғаны туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептілік депозитарийіне және қор биржасына эмитент корпоративтік дау жөнiндегi азаматтық iс бойынша тиiстi сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде ұсынады.»;
      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердің қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына ұсынатын жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктерін, аудиторлық есептерін қаржылық есептiлiк депозитарийі мен шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасы оларды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырады.
      Акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердің қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына ұсынатын корпоративтік оқиғалар туралы және эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратын қаржылық есептiлiк депозитарийі мен шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасы оларды алған күні орналастырады.
      15. Қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс қаржылық есептілік, аудиторлық есептер және өзге де ақпарат осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен орналастырылған күннен бұрын бұқаралық ақпарат құралдарының басқа көздері арқылы жариялануға (орналастырылуға) жатпайды.
      Эмитенттің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздары шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының сауда жүйелерінде айналыста болған жағдайда, жылдық қаржылық есептілікті, аудиторлық есептерді және эмитенттің қызметіндегі бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы ақпаратты осы Қағидаларға және шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін, тiзiмдерiне осы эмитенттің бағалы қағаздары енгiзiлген қор биржаларының талаптарына сәйкес жариялау (орналастыру) мақсатында тиісті ақпарат бір мезгілде қаржылық есептiлiк депозитарийіне, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасына және шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін, тiзiмдерiне осы эмитенттің бағалы қағаздары енгiзiлген қор биржаларының атына жіберіледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Министр ____ Б. Жәмішев
      2013 жылғы 23 мамыр 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады