Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 96 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 мамырда № 7623 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Г. Марченко

Төрағасы



      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      Министр Б. Жәмішев

      2012 жылғы 9 сәуір

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 96 қаулысымен
бекітілді

Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер
деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету
құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және
үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің
еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды
(резервтерді) қалыптастыру қағидалары

      Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленді және банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртібін белгілейді.

      1. Бас банк бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымға кредиттер (қарыздар), сондай-ақ күмәнді және үмітсіз кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге активтерді, сондай-ақ басқа да активтерді береді.

      2. Қағидалардың мақсаттары үшін күмәнді және үмітсіз кредиттер (қарыздар) деп бас банк берген резервтерінің мөлшері негізгі борыш сомасынан 5 (бес) пайыздан кем емес деңгейде қалыптастырылған кредиттер (қарыздар), танылады.

      Басқа активтер деп кепіл ретінде қабылданған және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін бас банктің немесе еншілес ұйымның меншігіне өткен активтер танылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

      3. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсатын алғанға дейін күмәнді және үмітсіз активтерді басқару қызметін жүзеге асыратын (жүзеге асырған) еншілес ұйымына (еншілес ұйымдарға) берілген кредиттерге (қарыздарға), бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымына берілген кредиттерге (қарыздарға), сондай-ақ бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымына бас банк берген активтерге қарсы резервтерді қалыптастыру халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бас банктің ішкі кредиттік саясатына сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

      4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы қызметінің мерзімі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабының 5-тармағында көзделген күмәнді және үмітсіз активтерді4 сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалады және ол бір жылдан кем болмауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады