Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 167 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7736 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногының субъектілеріне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану Ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы № 68 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4669 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                  Г.Марченко

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі 
№ 167 қаулысымен    
бекітілген      

Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе)
ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету
шараларын қолдану қағидалары

      Осы Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлендi және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 29.03.2013 № 79 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Заңның 3-1-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолданады:
      1) орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым береді;
      2) акционерлерге бағалы қағаздар нарығы субъектісінің басшы қызметкерлерін орнынан шеттету туралы мәселе қойылады;
      3) инвестициялық комитеті мүшелерін инвестициялық комитеті құрамынан міндеттемелерді орындаудан шеттетеді;
      4) міндеттеме-хат ұсыну туралы талап ету жібереді;
      5) міндетті қол қоюға жататын бағалы қағаздар нарығының субъектісімен жазбаша келісім жасайды.
      2. Уәкілетті орган ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаларға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына қатысты, егер көрсетілген тұлғалардың, ірі қатысушысы белгілерін иеленуші заңды тұлғалардың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларының лауазымды адамдарының және (немесе) қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеті (әрекетсіздігі) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаса, Қағидалардың 1-тармағының 1) және 5) тармақшаларында келтірілген шараларды қолданады.
      3. Қағидалардың мақсаты үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жай-күйін нашарлатқан Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі бұзушылығы нәтижесінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымы меншікті капиталы жеткіліктілігінің және зейнетақы активтері кірістілігінің пруденциалдық нормативінің бұзушылығына жол берген, сондай-ақ егер көрсетілген осы іс-әрекеттер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-2-бабының 1-тармағында атап көрсетілген зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жай-күйін нашарлауына әсер ететін факторлардың туындауына себеп болған іс-әрекеті деп танылады.
      4. Уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдануы мынадай факторлардың біреуін немесе бірнешеуін ескере отырып жүргізіледі:
      1) тәуекел дәрежесі.
      Қағидалардың мақсаттары үшін тәуекел ретінде бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қызметін жүзеге асыруы кезінде азаматтық, қаржылық заңнамалар және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнама (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының заңнамасы) саласында белгіленген талаптарды орындамауы және (немесе) толық орындамауы нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуы, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіруі, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржылық жай-күйінің нашарлауы түрінде теріс салдарлардың туындау ықтималдылығы түсіндіріледі;
      2) таңдалған ықпал ету шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
      3) бағалы қағаздар нарығының субъектісі үшін бұзушылық сипаты мен ықтимал салдарлары;
      4) бұзушылықтың жиiлiгi мен ұзақтығы;
      5) жол берiлген бұзушылық нәтижесiнде бағалы қағаздар нарығының субъектісі шығындарының мөлшерi;
      6) жол берiлген бұзушылық туралы бағалы қағаздар нарығының субъектісі басшы қызметкерлерiнiң хабардар болуы;
      7) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің жалпы қаржылық жай-күйi.
      Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің жалпы қаржылық жай-күйi есептілік деректерінің, тексеру материалдарының, аудиторлық есептердің, тәуекелдерді басқару мен iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына байланысты талаптарды орындауының, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржылық жай-күйi нашарлаған жағдайда қаржылық қолдау алу мақсатында бағалы қағаздар нарығының субъектісі басшылығының акционерлермен өзара іс-әрекет жасау нәтижелерінің негiзiнде айқындалады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 29.03.2013 № 79 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Уәкілетті орган қолданылған шектеулі ықпал ету шараларын есепке алуды жүргізеді.

2. Жазбаша ұйғарым

      6. Заңның 3-1-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының атына бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші заңды тұлғаның, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының түзету шараларды қабылдауға жауапты лауазымды тұлғасын көрсете отырып, анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындауға міндетті түзету шараларды қабылдау туралы жазбаша ұйғарымын шығарады.
      7. Түзету шаралары жазбаша ұйғарымда көрсетіледі және клиенттердің алдындағы міндеттемені орындау және (немесе) анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларды орындауға міндеттілігін білдіреді.
      8. Жазбаша ұйғарым:
      бағалы қағаздар нарығы субъектісінің бірінші басшысына немесе оның орнындағы адамға;
      бағалы қағаздар нарығы субъектісінің ірі қатысушы белгілерін иеленуші заңды тұлғаның бірінші басшысына;
      заңды тұлғаға және оның орнындағы адам болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына;
      ірі қатысушы белгілерін иеленуші жеке тұлғаға, жеке тұлға болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына жіберіледі.

3. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің басшы қызметкерлерін
орнынан шеттету туралы акционерлерге өтініш

      9. Заңның 3-1-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығы субъектісінің акционерлері (акционері) алдына бағалы қағаздар нарығы субъектісінің басшы қызметкерін (қызметкерлерін) орнынан шеттету туралы мәселені қояды.
      10. Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын іске асыру уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығы субъектісінің басқару органына қабылданған шектеулі ықпал ету шаралары туралы хабарламасымен және мынадай:
      1) уәкілетті органға осы хатты алған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде күн тәртібінде бағалы қағаздар нарығы субъектісінің басшы қызметкерін (қызметкерлерін) атқарылатын лауазымынан (лауазымдарынан) шеттету туралы мәселені қарау енгізілген бағалы қағаздар нарығының субъектісі акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу күні туралы мәліметті жіберу;
      2) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің жалғыз акционеріне бағалы қағаздар нарығы субъектісінің басшы қызметкерін (қызметкерлерін) атқарылатын лауазымынан (лауазымдарынан) шеттету туралы мәселені қарау қажеттілігі туралы хабарлау талабымен хат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
      11. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің басқару органы уәкілетті органға мынадай ақпаратты жазбаша жібереді:
      1) бағалы қағаздар нарығының субъектісі акционерлерінің тиісті жалпы жиналысын - уәкілетті органнан хатты алған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде өткізу күні туралы;
      2) бағалы қағаздар нарығының субъектісі акционерлерінің (жалғыз акционерінің) жалпы жиналысымен бағалы қағаздар нарығы субъектісінің басшы қызметкерін (қызметкерлерін) орнынан шеттету туралы мәселесі бойынша осындай шешімді қабылдаған күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде қабылданған шешімі туралы;
      3) бағалы қағаздар нарығының субъектісі акционерлерінің (жалғыз акционерінің) жалпы жиналысының растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай шешімді қабылдаған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде шешімді орындау туралы.

4. Инвестициялық комитеті мүшелерін инвестициялық
комитеті құрамынан міндеттемелерді орындаудан шеттету

      12. Заңның 72-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті орган инвестициялық комитетінің мүшелерін инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттейді.
      13. Заңның 72-бабы 8-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның тұлғаны не тұлғаларды инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы хабарламасы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атқарушы органына жіберіледі, ол мұны уәкілетті органның хабарламасын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті орган инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттеткен адамдарға жібереді.
      14. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атқарушы органы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға тұлғаны не растайтын құжаттарды қоса бере отырып Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген шектеулі ықпал ету шаралары оған қатысты қолданған тұлғаларды инвестициялық комитет құрамынан шығару туралы ақпаратты жазбаша жібереді.
      15. Заңның 72-бабының 9-тармағына сәйкес уәкілетті органның осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген хабарламасы инвестициялық комитеттің мүшесіне жіберілген күннен бастап осы адам инвестициялық комитеттің жұмысына қатыспайды және уәкілетті орган инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейінгі үш жыл ішінде бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының инвестициялық комитетінің құрамына сайланбайды.

5. Міндеттеме-хат

      16. Заңның 3-1-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаларына, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің ірі қатысушыларына бар кемшіліктерді тану фактісі және белгіленген мерзімде оларды жою бойынша және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін, оларды орындау мерзімдерін және түзету шараларды қабылдауға жауапты бағалы қағаздар нарығының субъектісінің лауазымды тұлғаларын көрсете отырып осындай бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі міндеттеме-хатты беру туралы талап етуді жібереді.
      17. Уәкілетті органның міндеттеме-хатты ұсыну туралы талап етуі бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қызметінде кемшіліктерді және (немесе) алдағы уақытта болдырмау өзіне тиісті міндеттеме қабылдаған тұлғалар тарапынан түзету шараларды қабылдау арқылы объективті түрде мүмкін болатын көрсетілетін жағдайларда қолданылады.
      18. Міндеттеме-хатты ұсыну талабы мынадай жағдайлардың бірі болған кезде жеткілікті ықпал ету шарасы болып табылады:
      1) өзіне тиісті міндеттеме қабылдаған тұлға ниет білдіріп отырғандығына және оның орындауды қамтамасыз етуге жағдайының және оны орындауды қамтамасыз етуге жағдайының;
      2) міндеттемеде уәкілетті орган бұзушылықтарды жоюға және (немесе) оларды алда болдырмауға жеткілікті деп таныған шаралардың нақты құрамы және оларды жүзеге асыру мерзімі болады.

6. Жазбаша келісім

      19. Заңның 3-1-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығы субъектісімен және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғамен, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысымен анықталған кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектілік шараларды бекіту туралы жазбаша келісім жасайды.
      20. Жазбаша келісімде бірінші кезектілік шаралар ретінде басқару органы және (немесе) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының атқарушы органы және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші жеке тұлға, жеке тұлға болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы қабылдайтын кемшіліктерді жою бойынша іс-әрекеттері және (немесе) оларды орындау мерзімі көрсетіледі.
      21. Жазбаша келісімде бірінші кезектілік шараларды бекіткен кезде сонымен бірге мыналарға:
      1) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының тәуекелдерін төмендетуге;
      2) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының міндеттемесін белгілеуге, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының қаржылық жай-күйін нашарлатуға әкеп соғатын іс-әрекеттерді жасамауға, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын және (немесе) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларын қайта бұзуына бағытталған талаптар енгізіледі.
      22. Жазбаша келісімге қол қойған тұлға (тұлғалар) оның талаптарын орындау бойынша өзіне міндеттеме алады.
      23. Жазбаша келісім әрқайсысының заңды күші бірдей, екі данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде төрт дана етіп жасалады.
      Уәкілетті орган қол қойған жазбаша келісімнің төрт данасы ілеспе хатпен бірге бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының атына жіберіледі.
      Бағалы қағаздар нарығының субъектісі және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы жазбаша келісімге қол қояды және оны алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қол қойылған (бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде) екі данасын ұсынады.

7. Қорытынды ережелер

      24. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушы уәкілетті органның оған қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолданғаны туралы хабарламасын алған күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде атқарушы органының және өзі ірі қатысушысы болып табылатын ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғамен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның органының барлық мүшелеріне, сондай-ақ қалған ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға және осы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына хабардар етеді.
      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде барлық өзінің ірі қатысушыларына және ірі қатысушылары белгілерін иеленуші тұлғаларына оған қатысты шектеулі ықпал ету шаралары шығарылғаны туралы хабардар етеді.
      25. Бағалы қағаздар нарығының субъектісі және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы осы шектеулі ықпал ету шараларында белгіленген мерзімде шектеулі ықпал ету шараларын орындау жөнінде уәкілетті органға жазбаша хабарлайды.
      26. Егер уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шарасымен жоспарланған іс-шаралардың тізбесін ұсыну көзделсе бағалы қағаздар нарығының субъектісі және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органның оған қатысты шектеулі ықпал ету шарасын қолдану туралы хабарламасында көрсетілген және кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайтын мерзімде уәкілетті органға жоспарланған іс-шараларды орындау мерзімдерін және түзету шараларды қабылдауға жауапты лауазымды тұлғаларын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасының анықталған бұзушылықтарды жою және (немесе) оларды алда болдырмау бойынша жоспарланған іс-шаралардың тізбесін ұсынады.
      Бағалы қағаздар нарығының субъектісі және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші заңды тұлға, заңды тұлға болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы ұсынатын жоспарланған іс-шаралардың тізбесі бағалы қағаздар нарығының субъектісінің және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының басқару органы (бар болса) бекітуге тиіс.
      27. Уәкілетті орган ұсынылған жоспарланған іс-шаралардың тізбесін оны алған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде қарайды.
      Уәкілетті орган жоспарланған іс-шаралардың тізбесімен келіспеген жағдайда ескертулерді бағалы қағаздар нарығының субъектісі және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші заңды тұлға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы жоятын жоспарланған іс-шаралардың тізбесінде осы ескертулері бар хат жібереді. Жоспарланған іс-шаралардың түзетілген тізбесі уәкілетті органның хатын алған күннен кейін он күндік мерзімде уәкілетті органға ұсынылады.
      28. Уәкілетті органға жоспарланған іс-шаралардың тізбесі ұсынылған жағдайда бағалы қағаздар нарығының субъектісі және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы жоспарланған іс-шаралардың орындалу жөнінде олардың орындалуы жоспарланған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады