Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 19 маусымдағы № 139-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 204 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7766 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 01 шілдедегі № 200-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 126/НҚ бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 01.07.2013 № 200-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 0.07.2013 № 126/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. «Табиғи монополиялар саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 44-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 53 бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6072 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 17 наурыздағы № 98-99 (25945) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Жапсарбай):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Б.И. Досмұхамбетоваға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу       Экономикалық даму және сауда
      агенттігінің төрағасы              министрі
      _________________ М. Оспанов       _______________ Б. Сағынтаев
      2012 жылғы 19 маусым               2012 жылғы 25 маусым

Қазақстан Республикасы  
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының   
2012 жылғы 19 маусымдағы 
№ 139-НҚ және      
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және  
сауда министрінің     
2012 жылғы 25 маусымдағы 
№ 204 бірлескен бұйрығымен
бекітілген         

Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Өлшемдер тәуекелдердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығын айқындайды, олардың негізінде табиғи монополиялар субъектілерін (бұдан әрі - Субъектілер) бағалау және тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызу жүзеге асырылады.
      3. Заңды тұлға құрмаған, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер - шағын кәсіпкерлік және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар болып табылатын субъектілер жоспарлы тәртіппен тексеруге жатпайды.
      4. Осы Өлшемдерде тәуекел деп тексерілетін Субъектілер қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы танылады және оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріледі.
      5. Субъектілерді тәуекелдер дәрежелері бойынша бөлу мақсатында тәуекелдерді бағалау осы өлшемдерге қосымшаға сәйкес Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштерінің (бұдан әрі - Сапалық көрсеткіштер) негізінде жүзеге асырылады.
      6. Сапалық көрсеткіштерде көрсетілген әрбір бұзушылық бойынша ол болған жағдайда тиісті балл беріледі.
      Егер Субъектінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі бірнеше Сапалық көрсеткіштердің әсеріне тап болған жағдайда, онда балдар қосылады.
      7. Сапалық көрсеткіштер бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылады.
      8. Жиынтық қорытындының нәтижелері Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін пайдаланылады.
      9. Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      тәуекелдің жоғары дәрежесінің тобына - 31 және одан көп балл;
      тәуекелдің орташа дәрежесінің тобына - 11-ден 30-ға дейінгі балды қоса;
      тәуекелдің шамалы дәрежесінің тобына - 0-ден 10-ға дейінгі балды қоса жинаған Субъектілер жатады.
      10. Егер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы қандай да бір бұзушылықтар Субъектінің табыс (түсім) алуына әкелген жағдайда, онда осындай Субъект берілген балдың жиынтығына қарамастан жоғарғы тәуекел деңгейіне жатқызылады.
      11. Жоспарлы тексеруден өткен Субъектілер оларды тәуекелдер дәрежелеріне бөлу мақсатында Сапалық көрсеткіштердің негізінде тәуекелдерді қайтадан бағалауға жатады.
      12. Жоспарланып отырған тексерулердің саны Субъектілердің тәуекелдеріне жүргізілген бағалаудың нәтижесіне және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның тексерулерге қатысатын лауазымды тұлғаларының санына сүйене отырып белгіленеді.
      13. Тәуекелдің бір тобының ішінен Субъектілерді іріктеуді уәкілетті орган мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырады:
      1) тексеру жоспарына неғұрлым көп уақыт кезеңінде тексерілмеген Субъект кіреді (тексерілмеген кезеңді анықтаған кезде, жоспардан тыс тақырыптық тексерулер есепке алынбайды);
      2) тексеру жоспарына неғұрлым көп балл жиынтығын алған объектілер енгізіледі;
      3) егер қаралып отырған Субъектілер санамаланған параметрлер бойынша тең жағдайларда болған жағдайда, тексерулер жоспарына қызметтің реттеліп көрсетілетін қызмет түрлерінен жылдық табыстың неғұрлым көп жиынтық мөлшеріне ие субъект енгізіледі.

Табиғи монополиялар саласындағы
жеке кәсіпкерлік аясындағы    
тәуекел дәрежесін бағалау     
өлшемдеріне қосымша           

Тәуекелдердің дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері
 

Талаптардың бұзылуы

Балдар беру шарты

Балдар

1

   мыналарды:
   реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;
   Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгіленген;
   табиғи монополия аясына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен кірістер рынок субъектісінің барлық қызметінен күнтізбелік бір жыл ішінде түскен кірістердің бір процентінен аспаған жағдайдағы;
   күнтізбелік бір жыл ішінде өзге қызметтің кірістері табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінің бес процентінен аспаған жағдайдағы;
   табиғи монополия аясында қызметтер көрсететін (тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлімшенің ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайдағы қызметтерді қоспағанда, қызметтер көрсету және табиғи монополиялар аясына жатпайтын өзге де қызметті жүзеге асыру

иә

5

жоқ

0

2

   «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығында өндіріспен және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін рұқсат етілген қызметті жүзеге асырумен байланысы жоқ мүліктің болуы

иә

5

жоқ

0

3

   мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (қатысу үлестерін) иелену немесе қызметіне өзге жолмен қатысу

иә

10

жоқ

0

4

   реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген мөлшерден асатын төлемақыны алу

иә

10

жоқ

0

5

   Заңда көзделмеген қосымша ақыны алу немесе өзінің мазмұны бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржы қаражаттарын және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді таңудың өзге де нысандары

иә

10

жоқ

0

6

   өңірлік электр желілік компанияны, пайдаланылатын стратегиялық тауарлардың шығыстарын ұлғайту, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның баптарында көзделген қаражатты бес пайыздан астамға көтеру

иә

3

жоқ

0

7

   табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткізу шарттарын күштеп тану немесе тұтынушыларды кемсітуге алып келетін өзге де іс-әрекеттер жасау

иә

10

жоқ

0

8

   реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндірген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде өзгеше тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға, лизингті қоса алғанда, мүліктік жалдауға (жалға беру) беру

иә

10

жоқ

0

9

   арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын беруді қоспағанда, ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын беру

иә

5

жоқ

0

10

   реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) пайдаланған көлеміне жосықсыз тұтынушылардың ақы төлемеуіне байланысты адал тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тарту

иә

10

жоқ

0

11

   реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) немесе олардың шекті деңгейлеріне оларды ұсынуға байланысы жоқ шығындарды енгізу

иә

10

жоқ

0

12

   инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалану

иә

5

жоқ

0

13

   реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы төлеуді талап ету

иә

5

жоқ

0

14

   мыналарды: тарифтік сметада қамтылатын; реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алу мен орнатуға шығындар және ақы өндіріп алу тетігі, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы; ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тану

иә

5

жоқ

0

15

   реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыретінің шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетуді қамтамасыз ету міндетін орындамау

иә

3

жоқ

0

16

   реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуды орындамау

иә

10

жоқ

0

17

   Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, тұтынушылардан ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз ету міндеттерін орындамау

иә

3

жоқ

0

18

   Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына тең жағдайларды, оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынбау

иә

5

жоқ

0

19

   тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейі бекітілген жағдайда, барлық тұтынушыларға тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейінен аспайтын тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) бірыңғай деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынбау

иә

5

жоқ

0

20

   өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асырмау

иә

5

жоқ

0

21

   аудиторлық ұйымдардың міндетті жыл сайынғы аудитті жүргізбеу не аудиторлық есеп пен жылдық қаржы есептілігін жарияламау

иә

3

жоқ

0

22

   реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда өзге қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізбеу

иә

3

жоқ

0

23

   Тарифтік сметаны өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмейтін мерзімде тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынбау не уақтылы ұсынбау

иә

5

жоқ

0

24

   реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызмет туралы тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалардың алдында жыл сайын есеп беру міндетін орындамау

иә

3

жоқ

0

25

үлгі шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне, сондай-ақ ұсынылатын реттеліп көрсетілетін өзге де қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасаспау

иә

3

жоқ

0

26

   ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасаспау

иә

3

жоқ

0

27

тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнату міндетін орындамау

иә

3

жоқ

0

28

   есептеу аспабы істен шыққан жағдайда, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ақы алмау

иә

5

жоқ

0

29

   уәкілетті органның келісімінсіз негізгі құралдарға қайта бағалауды жүргізу

иә

5

жоқ

0

30

   реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезінде тұтынушылар құқықтарын бұзу

иә

10

жоқ

0

31

   тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) оларды қолданысқа енгізгенге дейін он күн бұрын кешіктірмейтін мерзімде төмендету туралы уәкілетті орган мен тұтынушыларды хабардар етпеу

иә

10

жоқ

0

32

   Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгертілген жағдайда, барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін төмендетпеу, соның нәтижесінде аталған өзгерістер қолданысқа енгізілген күнінен бастап табиғи монополия субъектісі шығындарының құны азаяды

иә

3

жоқ

0

33

   мүлікті мемлекет меншігіне беру жағдайларын қоспағанда, өндіріске және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлікті тендер нысанындағы сауда-саттықта иеліктен айыру міндетін орындамау

иә

5

жоқ

0

34

   табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызмет түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін әзірлеу және келісу міндетін орындамау

иә

5

жоқ

0

35

   табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) орындамауы

иә

5

жоқ

0

36

   Көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайған кезде және еңсерілмес күштің салдарынан шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын ұлғайту, сондай-ақ технологиялық бұзылуды болдырмауға немесе мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындауға бағытталған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету үшін тікелей пайдаланатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес пайыздан астам көтеру

иә

5

жоқ

0

37

  нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру міндетін орындамау

иә

3

жоқ

0

38

   нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімде төмендетпеу

иә

3

жоқ

0

39

   уәкілетті органның талап етуі бойынша табиғи монополия субъектісінің қаржы есептілігі мен өзге де қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қағазға түсірілген және (немесе) электрондық жеткізгіштер түрінде бермеуі (әрбір көрсетілген жағдай үшін жеке бір балл қосылады)

иә

3

жоқ

0

40

   өңірлік электр желілік компанияның көрсетілетін қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланып отырған (алдағы күнтізбелік үш жылға арналған) шығындары мен көлемдері туралы, сондай-ақ негіздеуші материалдарды қоса бере отырып қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты 31 тамыз мерзімінен кешіктірмей ұсынбауы

иә

10

жоқ

0

41

  салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тариф бекітілген жағдайда, тоқсан (жыл) қорытындысы бойынша қызмет туралы ақпаратты есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынбау

иә

5

жоқ

0

42

   Заңның 18-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда табиғи монополия субъектісінің өтінімді уәкілетті органға тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды жалпы тәртіппен қайта қарау үшін алты айдан кешіктірмей ұсынбауы

иә

5

жоқ

0

43

  Заңның 18-1-бабының 1-тармағының 1)4)5) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға келісім беру туралы өтінішті уәкілетті органға уақтылы ұсынбау

иә

5

жоқ

0

44

   табиғи монополия субъектісінің тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгертілгені туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшіне енгізілгенге дейін кемінде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын жеткізу міндетін сақтамауы

иә

3

жоқ

0

45

   өңірлік электр желілік компанияның тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткізбеуі

иә

3

жоқ

0

46

   уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шекті деңгейлері және тарифтік сметалар қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап ол экономикалық жағынан негізделген есептерді және өзге де ақпаратты бір ай мерзімде жаңа тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту үшін өтінім беру кезіндегідей көлемде табыс етпеуі

иә

3

жоқ

0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады