Табиғи монополиялар аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 44-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 53 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6072 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 19 маусымдағы № 139-НҚ және Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 204 Бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.06.19 № 139-НҚ және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.06.25 № 204 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою департаменті (М. Орынбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы                      Н. Алдабергенов

      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министірі                        Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы      
Табиғи монополияларды реттеу   
агенттігі төрағасының 2010 жылғы  
11 ақпандағы № 44-НҚ және    
Қазақстан Республикасының    
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 53 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Табиғи монополиялар аясындағы тәуекелдер
дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы Табиғи монополиялар аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тәуекелдердің деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығын айқындайды, олардың негізінде табиғи монополиялар субъектілерін (бұдан әрі – Субъектілер) бағалау және тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызу жүзеге асырылады.
      2. Осы Критерийлер Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсiпкерлер және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерiнiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк болып табылатын субъектiлерге таратылмайды.
      3. Осы Критерийлерде тәуекел деп Субъектінің қызметі нәтижесінде тұтынушылардың заңды мүдделеріне оның зардап келтіру, сондай-ақ Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдалануға тұтынушылардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құқықтарына олардың салдарлар ауыртпалығының дәрежесін ескере отырып қысым жасау мүмкіндігі түсініледі.
      4. Субъектілерді тәуекелдер дәрежелері бойынша бөлу мақсатында тәуекелдерді бағалау осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес Тәуекелдер дәрежесін (бұдан әрі – Сапалық көрсеткіштер) бағалаудың сапалық көрсеткіштерінің негізінде жүзеге асырылады.
      5. Сапалық көрсеткіштерде көрсетілген әрбір бұзушылыққа, ол болған жағдайда тиісті балл беріледі.
      Егер Субъектінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі бірнеше Сапалық көрсеткіштерге тап болған жағдайда балл қосылады.
      6. Сапалық көрсеткіштер бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылады.
      7. Жиынтық қорытындының нәтижелері Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін қолданылады.
      8. Субъектілерді тәуекелдер дәрежесіне саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      жоғары тәуекел тобына 31 және одан көп балл;
      орташа тәуекел тобына – 11-ден 30-ға дейін;
      шамалы тәуекел тобына - 0-ден 10-ға дейін бал алған Субъектілер жатқызылады.
      9. Егер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы қандай да бір бұзушылықтар Субъектінің табыс (түсім) алуына әкелген жағдайда, онда сондай Субъект берілген балдың жиынтығына қарамастан жоғарғы тәуекел деңгейіне жатқызылады.
      10. Тексеруге тап болған Субъектілер оларды тәуекелдер дәрежелеріне бөлу мақсатында Сапалық көрсеткіштердің негізінде тәуекелдер қайтадан бағалауға жатады.
      11. Жоспарланып отырған тексерулердің саны Субъектілердің тәуекелдеріне жүргізілген бағалаудың нәтижесіне және тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының санына сүйене отырып белгіленеді.
      12. Бір тәуекел тобының ішінен Субъектілерді іріктеуді уәкілетті орган мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырады:
      1) тексеру жоспарына неғұрлым көп уақыт кезеңінде тексерілмеген Субъект кіреді (тексерілмеген кезеңді анықтағанда, жоспардан тыс тақырыптық тексерулер есепке алынбайды);
      2) тексеру жоспарына неғұрлым көп балл жиынтығын алған субъектілер енгізіледі;
      3) егер қаралып отырған Субъектілер көрсетілген параметрлер бойынша тең жағдайда болса, тексеру жоспарына реттеліп көрсетілетін қызмет түрлерінен жылдық табыс жиынтығы неғұрлым көп объект енгізіледі.
      Табиғи монополия аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау Критерийлеріне қосымша

Тәуекелдердің дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері

р/с №

Қазақстан Республикасының Заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптардың бұзылуы

Баллдар беру шарты

Баллдар

1

Заңмен тыйым салынған қызметті көрсету және өзге қызметті жүзеге асыру, не Заңмен рұқсат етілген уәкілетті органның тиісті келісімінсіз қызметінің өзге түрлерін көрсету

иә

5

жоқ

0

2

барлығы өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болу

иә

5

жоқ

0

3

мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге жолмен қатысу

иә

10

жоқ

0

4

уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы алу

иә

10

жоқ

0

5

Заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде таңу

иә

10

жоқ

0

6

пайдаланылатын стратегиялық тауарларға арналған шығыстар ұлғайтылатын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның баптарында көзделген қаражатты бес проценттен астам көтеру

иә

3

жоқ

0

7

табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп тану немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасау

иә

10

жоқ

0

8

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдау (жалға беру)

иә

10

жоқ

0

9

арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беру

иә

5

жоқ

0

10

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тарту

иә

10

жоқ

0

11

реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгiзу

иә

10

жоқ

0

12

белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалану

иә

5

жоқ

0

13

мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап ету

иә

5

жоқ

0

14

мыналар: тарифтік сметада қамтылатын; реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетігі, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы; ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тану

иә

5

жоқ

0

15

ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн ескере отырып, мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларды жалпыға бiрдей қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындамау

иә

3

жоқ

0

16

тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны үшiн олардан Заңда белгіленген өзге жағдайларды қоспағанда өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындамау

иә

3

жоқ

0

17

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларын, оның iшiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсынбау

иә

5

жоқ

0

18

тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсыну бойынша міндеттемелерді орындамау

иә

5

жоқ

0

19

Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiпті бұзып шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру

иә

5

жоқ

0

20

аудиторлық ұйымдардың мiндеттi жыл сайынғы аудитті жүргiзу бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте және мерзімде аудиторлық есеп пен жылдық қаржы есептiлiгiн жариялау бойынша міндеттерді орындамау не тиісті емес орындау

иә

3

жоқ

0

21

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу бойынша міндеттерді орындамау

иә

3

жоқ

0

22

тарифтiк сметаны орындамау, тарифтік сметаның орындалуы туралы немесе оны ұсынбау туралы есеп беруді орындамау уақытылы ұсынбау

иә

5

жоқ

0

23

уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тұтынушылардың және өзге де мүдделі тұлғалардың алдындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі жұмысы туралы жыл сайынғы есеп бойынша міндеттерді орындамау

иә

3

жоқ

0

24

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шарттарға сәйкес ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасау бойынша міндеттерді орындамау

иә

3

жоқ

0

25

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасау бойынша міндетті орындамау

иә

3

жоқ

0

26

тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнату бойынша міндетті орындамау

иә

3

жоқ

0

27

есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алу бойынша міндетті орындамау

иә

5

жоқ

0

28

заңнамада белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органның келiсімінсіз негiзгi құралдарға қайта бағалауды жүргiзу

иә

5

жоқ

0

29

реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарын бұзу

иә

10

жоқ

0

30

Заңда белгіленген мерзімде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етпеу

иә

10

жоқ

0

31

Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендету бойынша міндетті орындамау

иә

3

жоқ

0

32

мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру бойынша міндетті орындамау

иә

5

жоқ

0

33

уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеу және келісу бойынша міндетті орындамау

иә

5

жоқ

0



34

табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) орындамау

иә

5

жоқ

0



35

Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін тікелей пайдаланатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес проценттен астам көтеру

иә

5

жоқ

0


36

нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру міндетін орындамау

иә

3

жоқ

0


37

нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендетпеу

иә

3

жоқ

0


38

табиғи монополия субъектілерінің уәкілетті органға ақпаратты, есепті, ескертуді белгіленген мерзімде немесе белгіленген мерзімді бұзып (көрсетілген жағдайлардың әр қайсысына жеке балл қосылады) ұсынбау

иә

3

жоқ

0


39

табиғи монополиялар субъектiлерi өтінімді уәкілетті органға тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы қайта қарау үшiн, Заңда белгіленген жағдайда жалпы тәртіппен алты айдан кешiктiрмей өтiнiм ұсынбау

иә

5

жоқ

0


40

Заңның 18-1-бабында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға келісім беру туралы өтінішті уәкілетті органға уақытылы ұсынбау

ия

5

жоқ

0

Ескерту: Заң – «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады