Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 19 маусымда № 138-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 25 маусымда № 205 НҚ Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 маусымда № 7776 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 32-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 41/НҚ бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 13.02.2014 № 32-НҚ және ҚР Өңірлік даму министрінің 17.02.2014 № 41/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар саласындағы жекекэсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 45-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 54 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6073 нөмірімен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 17 наурызда № 98-99 (25945) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Жапсарбай):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Б.И. Досмұхамбетоваға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу      Экономикалық даму және сауда
      агенттігінің төрағасы             министрі
      _______________М.Оспанов          _________________Б. Сағынтаев
      2012 жылғы 19 маусым              2012 жылғы 25 маусым

Қазақстан Республикасы Табиғи 
монополияларды         
реттеу агенттігі төрағасының  
2012 жылғы 19 маусымдағы № 138- НҚ
және Қазақстан Республикасы  
Экономикалық           
даму және сауда министрінің  
2012 жылғы 25 маусымдағы № 205 НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік
аясындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған орган___________________________________
      Тексеруді тағайындау туралы акт________________________________
      (№, күні, құқықтық статистика бойынша органда тіркелгені туралы мәлімет)
      Тексеруді өткізу мерзімі_______________________________________
      Тексерілу кезеңі_______________________________________________
      Тексерілетін субъектінің атауы_________________________________
      Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________

р/с

Талаптар

иә

жоқ

талап етілмейді

1

   табиғи монополиялар саласына жатқызылмайтын өзге қызметті көрсету және жүзеге асыру:
   реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;
   Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгіленген;
   табиғи монополия аясына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен кірістер нарық субъектісінің барлық қызметінен күнтізбелік бір жыл ішінде түскен кірістердің бір процентінен аспаған жағдайдағы;
   күнтізбелік бір жыл ішінде өзге қызметтің кірістері табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінің бес процентінен аспаған жағдайдағы;
   табиғи монополия аясында қызметтер көрсететін (тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлімшенің ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайдағы қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар аясына жатпайтын өзге қызметті жүзеге асыруы




2

табиғи монополия субъектісінің өндіріспен және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес табиғи монополия субъектісі үшін рұқсат етілген қызметті жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығына ие болмауы




3

мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларының (қатысу үлестерінің) немесе олардың қызметіне өзге жолмен қатысуының болмауы




4

табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген мөлшерден асатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы алу фактілерінің болмауы




5

заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде күштеп таңу фактілерінің болмауы




6

салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тариф қолданысқа енгізілген күнінен бастап өңірлік электр желілік компанияны, пайдаланылатын стратегиялық тауарларға арналған шығыстарды ұлғайту, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның баптарында көзделген қаражатты бес пайыздан астам көтермеуі




7

табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткізу шарттарын күштеп тануға немесе тұтынушыларды кемсітуге әкеп соғатын өзге де іс-әрекеттер жасау фактілерінің болмауы




8

реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндірген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншік құқығымен немесе заңды негізде өзгеше тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға, лизингті қоса алғанда, мүліктік жалдауға (жалға беруге) беру фактілерінің болмауы




9

арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын беруді қоспағанда, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын беру фактілерінің болмауы




10

реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) пайдаланылған көлеміне жосықсыз тұтынушылардың ақы төлемеуіне байланысты адал тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудан бас тарту фактілерінің болмауы




11

реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтеріне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шекті деңгейіне енгізбеуі




12

инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатты пайдалануы




13

мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге жол бермеу фактілерінің болмауы




14

тарифтік сметада қамтылатын; реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетігі, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы; ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға жол бермеу фактілерінің болмауы




15

реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуі




16

реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуы




17

тұтынушылардан реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынылғаны үшін өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуі




18

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен ұсыну, оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуы




19

тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейі бекітілген жағдайда, барлық тұтынушылар үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейінен аспайтын бірыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлері бойынша ұсынуы




20

өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы




21

үш жылда бір рет міндетті аудит жүргізетін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы міндетті аудит жүргізу және аудиторлық есеп және жылдық қаржы есептілігін мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауы




22

реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда өзге де қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізуі




23

өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуын, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етуі




24

реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында жыл сайын есеп беруді өткізуі




25

үлгі шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін өзге де қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуы




26

ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасуы




27

тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу және оларды тұтынушыларға орнатуы




28

есептеу аспабы істен шыққан жағдайда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ақы алуы




29

негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізуді уәкілетті органмен келісуі




30

реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезінде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша талапты сақтауы




31

тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгізгенге дейін он күннен кешіктірмей уәкілетті орган мен тұтынушыларды хабардар етуі




32

Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгертіліп, соның нәтижесінде табиғи монополия субъектісі шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін аталған өзгерістер қолданысқа енгізілген күнінен бастап төмендетуі




33

мүлікті мемлекет меншігіне беру жағдайларын қоспағанда, өндіріске және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлікті тендер нысанындағы сауда-саттықта иеліктен айыруы




34

табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен қолданыстығы активтерді бөлек есепке алу әдістемесін әзірлеу және келісу




35

табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) орындауы




36

көрсетілетін қызметтердің көлемдерін өсіру кезінде шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын өсіру жағдайларын қоспағанда реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету үшін тікелей пайдаланылатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес пайыздан астам көтермеу және еңсерілмейтін күш салдарынан сондай-ақ технологиялық бұзушылықтарды болдырмауға немесе мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындауға бағытталған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен жұмыстары




37

нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыруы




38

нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендетуі




39

мерзімін уәкілетті орган бекіткен табиғи монополия субьектісінен тиісті талаптарды алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кем болмауы мүмкін қағаз және (немесе) электронды жеткізгіште қаржылық есептілікті және өзге қажетті ақпаратты уәкілетті органның талабы бойынша табиғи монополия субъектісіне ұсынуы




40

өңірлік электр желілік компанияның көрсетілетін қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланып отырған (алдағы күнтізбелік үш жылға арналған) шығындары мен көлемдері туралы, сондай-ақ негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты уақтылы ұсынуы




41

тариф салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып бекітілген жағдайда тоқсан (жыл) қорытындылары бойынша қызмет туралы ақпаратты есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынуы




42

Заңның 18-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды жалпы тәртіппен қайта қарау үшін алты айдан кешіктірмей өтінімді уәкілетті органға ұсынуы




43

Заңның 18-1-бабының 1-тармағының 1) - 4)5)тармақшаларында көзделген іс - әрекеттерді жүзеге асыруға уәкілетті органның келісімін алдын-ала алуы




44

табиғи монополия субъектісінің тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгергендігі туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшіне енгізілгенге дейін кемінде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын жеткізу міндетін сақтауы




45

өңірлік электр желілік компанияның тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткізу міндетін сақтауы




46

уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шекті деңгейлері және тарифтік сметалар қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күнінен бастап ол экономикалық жағынан негізделген есептерді және өзге де ақпаратты бір ай мерзімде жаңа тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту үшін өтінім беру кезіндегідей көлемде табыс ету міндетін сақтауы




47

кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ лицензиялауға жататын тиісті лицензия негізінде іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруы




48

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын, оның ішінде лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін сақтауы




49

лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке әкеп соққан лицензиялау нормаларының бұзылуын жоюы




50

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиаттың он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруы




Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
_______________  ____________________________________________________
(лауазымы)        (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты - болған жағдайда)

Тексерілетін субъектінің өкілі:
_______________  ____________________________________________________
  (лауазымы)       (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты - болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады