Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 32-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 41/НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 7 сәуірде № 9297 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 463 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.06.2015 № 463 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. «Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 19 маусымдағы № 138-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 205 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7776 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 540-545 (27618) нөмірінде) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Жапсарбай):
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) Заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
      3) осы бірлескен бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) күнтізбелік он күннен кешіктірмей көшірмені қағаз және электрондық жеткізгіште «Әділет» Ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберсін;
      2) бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасы
      Өңірлік даму министрі              Табиғи монополияларды
                                         реттеу агенттігінің төрағасы
      _______________ Б. Жәмішев         ______________ М. Оспанов 
      2014 жылғы 17 ақпан                2014 жылғы 13 ақпан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      ____________ Е. Досаев
      2014 жылғы 4 наурыз

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму    
министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 41-НҚ
және Қазақстан Республикасы Табиғи   
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 13 ақпандағы № 32-НҚ     
бірлескен бұйрығымен бекітілген     

Нысан

Табиғи монополиялар салаларындағы жеке
кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні, құқықтық статистика органында тіркелгені туралы мәлімет)
Тексеруді өткізу мерзімі ____________________________________________
Тексеру кезеңі ______________________________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
БСН (ЖСН) ___________________________________________________________
Орналасқан мекен жайы _______________________________________________
      Тексерілетін субъект табиғи монополия субъектісі болып табылады және оған осы тексеру парағының 1-49 және ___ жолдарында көзделген талаптар қолданылады.

р/с

Талаптар

1

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі - Заң) рұқсат етілген, уәкілетті органнан алынған келісімнің негізінде өзге қызметтен басқа қызметтерді жүзеге асыруға салынған тыйымды сақтау. Осы бапта көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне және әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды

2

Табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие мүліктің болмауына салынған тыйымды сақтау. Осы бапта көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.

3

ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi үшiн Заңда рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларының (қатысу үлестерінің) болмауына немесе олардың қызметiне өзге жолмен қатысуының болмауына салынған тыйымды сақтау. Осы бапта көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.

4

реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден астам ақы алуға салынған тыйымды сақтау

5

Заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржы қаражаттарын және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде күштеп таңуға жол бермеу жөніндегі талапты сақтау

6

өңірлік электр желілік компанияны, пайдаланылатын стратегиялық тауарларға арналған шығыстарды ұлғайту, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның баптарында көзделген қаражатты бес пайыздан астам көтермеуге салынған тыйымды сақтау

7

табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге алып келетін өзге де iс-әрекеттер жасауға жол бермеуге салынған тыйымды сақтау

8

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi, лизингтi қоса алғанда, сенiмгерлiк басқаруға, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге) беруге салынған тыйымды сақтау. Осы бапта көзделген шектеулер телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiлерiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды

9

арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын беруді қоспағанда, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын беруге салынған тыйымды сақтау

10

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) пайдаланылған көлемiне жосықсыз тұтынушылардың ақы төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудан бас тартуға жол бермеуге салынған тыйымды сақтау

11

реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ұсынуға байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) немесе олардың шектi деңгейiне енгiзбеу жөнінде салынған тыйымды сақтау

12

инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі талапты сақтау

13

мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге салынған тыйымды сақтау

14

тарифтiк сметада қамтылатын; реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы; ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға салынған тыйымды сақтау

15

Мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды жұмыстарды) тұтынушыларға жалпыға бірдей қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

16

реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бойынша ұсыну

17

тұтынушылардан ұсынылғаны реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз ету. Осы тармақтың талаптары қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.

18

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен ұсыну, оның iшiнде «Табиғи монополиялар саласындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 107 қаулысымен бекітілген тәртіппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудiң тең жағдайларын ұсыну

19

тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекітілген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейiнен аспайтын тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) бірыңғай деңгейлерi бойынша ұсыну

20

салыстырмалы талдау әдісі қолдана отырып тариф қолданысқа енгізілген күнінен бастап өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру

21

үш жылда бір рет мiндеттi аудит жүргiзетiн қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзу және аудиторлық есептің және жылдық қаржы есептiлiгiнің мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануы

22

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және тұтастай алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен жүргiзу

23

тарифтiк сметаны орындау, тарифтiк сметаның орындалуы туралы есепті уақтылы ұсыну

24

«Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1246 қаулысымен бекітілген тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға есеп беруді жыл сайын өткізу

25

«Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысымен бекiтілген үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасу

26

«Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2081 қаулысымен бекітілген үлгі ынтымақтастық шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оған ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне арналған ынтымақтастық шарттарын жасасу

27

тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу және оларды тұтынушыларға орнату

28

есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ақы алу

29

негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсу

30

реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу талабын сақтау

31

тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) төмендеуі туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды он күннен кешiктiрмей хабардар ету

32

Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиiсiнше өзгертiлген, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күнінен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендету

33

мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру

34

табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызмет түрлерi бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердiң бөлек есебін жүргізу әдiстемесiн әзiрлеу және келісу

35

бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау

36

уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету үшін тікелей пайдаланылатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес пайыздан астам көтермеу талабын сақтау

37

нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру

38

нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімде төмендету

39

нормативтен тыс ысыраптар болған кезде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы есепті уақтылы уәкілетті органға уақтылы ұсыну

40

өңірлік электр желілік компанияның көрсетілетін қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланып отырған (алдағы күнтізбелік үш жылға арналған) шығындары мен көлемдері туралы, сондай-ақ негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты уақтылы ұсынуы

41

салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тариф бекітілген жағдайда тоқсан (жыл) қорытындылары бойынша қызмет туралы ақпаратты есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсыну

42

жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiмді уәкілетті органға ұсыну

43

Заңның 18-1-бабында көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiшті уәкiлеттi органға уақтылы ұсыну не алдын ала хабарлама жолдау

44

табиғи монополия субъектiсiнің тұтынушының назарына тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгергендігі туралы ақпаратты олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемінде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын жеткізу мiндетін сақтауы

45

өңірлік электр желілік компанияның тұтынушының назарына тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткізу міндетін сақтауы

46

Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшермелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектiсi тиісті талапты алған күнінен бастап экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бір ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым мөлшермелерін) бекіту үшiн өтiнiм беру кезіндегі көлемде табыс ету мiндетiн сақтау

47

инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, «Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1568 қаулысымен бекітілген нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат беру және осы ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру мiндетiн сақтау

48

өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс ету мiндетiн сақтау

49

келесi күнтiзбелiк жылға реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшермелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн табиғи монополия субъектiсi сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесін жыл сайын 31 желтоқсанға дейін уәкiлеттi органға мәлiмет үшiн жiберу мiндетiн сақтау

лицензиат үшін

50

кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ лицензиялауға жататын іс-әрекеттерді тиісті лицензия негізінде жүзеге асыру

51

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін сақтау

52

лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке алып келген лицензиялау нормаларын бұзуды жою

Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
____________________________________________ ________________________
               (лауазымы)                          (қолы, А.Ә.Т.)

Тексерілетін субъектінің өкілі:
____________________________________________ ________________________
            (лауазымы)                            (қолы, А.Ә.Т.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады