"Уақытты қолдану күнделігі" және "Халықтың тұрмыс сапасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 15 тамыздағы № 230 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының м.а. 2012 жылғы 2 шілдедегі № 170 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 13 тамызда № 7840 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 39 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 18.02.2015 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Уақытты қолдану күнделігі» және «Халықтың тұрмыс сапасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 15 тамыздағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 7171 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      34-қосымшалар осы бұйрықтың 12-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
      3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның міндетін атқарушы                  Ж. Жарқынбаев

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының
2012 жылғы 2 шілдеде № 170
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 15 тамыздағы № 230 бұйрығына 3-қосымша

Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан


Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағат (қажетін қоршаңыз)

1 сағатқа дейін

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық

Статистикалық нысан коды 1902105

D-002



Біржолғы



Ұсыну мерзімі – 10 наурыз



                     Халықтың тұрмыс сапасы

Есепті кезең





жыл

1. АУМАҚТЫҢ (ЕЛДІ МЕКЕННІҢ) АТАУЫ
___________________________________________________________________

2. АӘОЖ БОЙЫНША ЕЛДІ МЕКЕННІҢ КОДЫ*










3. ЕЛДІ МЕКЕН ТИПІНІҢ КОДЫ (қала - 1, ауыл - 2)


4. ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КОДЫ











5. ПІКІРТЕРІМДІ ЖҮРГІЗУГЕ УӘКІЛЕТТІ ТҰЛҒАНЫҢ КОДЫ (БҰДАН ӘРІ - ИНТЕРВЬЮЕР)










6. СҰХБАТ ЖҮРГІЗУ КҮНІ

күні



айы



жылы




____________________________
* Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші ҚР МК 11-2009

1. Жалпы деректер

Үй шаруашылығы басшысының жынысы

әйел


ер


1. Сіздің үй шаруашылығыңыздың құрамында барлығы неше адам бар?


соның ішінде:


жұмыспен қамтылғандар (жұмыс істейтіндер)


жұмыссыздар (жұмысы жоқ, бірақ оны іздеп жүргендер)


зейнеткерлер


студенттер


мүгедектер


үй шаруашылығындағы әйелдер


18 жасқа дейінгі балалар


өзгелер


2. Үй шаруашылықтарының табыстары

2. Сіздің үй шаруашылығыңыздың орташа алғанда бір айдағы табысының жалпы сомасын көрсетіңіз (теңге)

Жол коды

20 000 төмен

1

20 001 – 50 000

2

50 001 – 75 000

3

75 001 – 100 000

4

100 001 – 200 000

5

200 001 – 400 000

6

400 001 – 600 000

7

600 000 жоғары

8



3. Сіздің үй шаруашылығыңыз үшін күнкөрістің қаражат көздерін көрсетіңіз? (жауаптың бірнеше нұсқасын көрсетуге болады)

Жол коды

жалдамалы жұмыс

01

өз бетінше жұмыспен қамтылу (патентпен немесе патентсіз жеке қызмет, жекеменшік кәсіпорыннан (бизнестен) түскен табыс)

02

басқа кәсіпорындардың меншігіне қатысу үлесінен түскен табыс

03

жеке қосалқы шаруашылықтан, саяжайдан (бақшадан) алынған өнімдерді тұтыну

04

жеке қосалқы шаруашылықта өндірілген өнімді өткізуден (сатудан) түскен табыс

05

жылжымайтын мүліктен түскен табыс (жалға беру), соның ішінде:

-

тұрғын үйден (пәтер, бөлме, үй, үйдің бір бөлігі)

06

жер учаскесінен (жалға алушының қандай мақсатта қолданатындығына тәуелсіз)

07

коммерциялық үй-жай (кеңсе, қойма, монша, гараж және өзгелері)

08

депозиттер, салымдар бойынша пайыздар

09

бағалы қағаздардан дивиденттер (акциялар, облигациялар)

10

зейнетақы

11

мемлекеттік жәрдемақылар

12

әлеуметтік көмектің өзге де түрлері

13

стипендиялар

14

алименттер

15

туыстарының, таныстарының көмегі

16

өзге қаражат көзі (көрсетіңіз)


17

Бұл сұраққа 3-сұрақта «08. Коммерциялық үй-жайды жалға беруден түскен табыс» нұсқасын белгілеген респонденттер жауап береді

4. Коммерциялық үй-жайдың жалпы сомасын теңгемен көрсетуіңізді өтінемін

коммерциялық үй-жай (кеңсе, қойма, монша, гараж және өзгелері)











5. Сіздің үй шаруашылығыңыз табыс әкелетін қандай меншікке ие, көрсетіңіз (жауаптың бірнеше нұсқасын көрсетуіңізге болады)

Жол коды

депозиттер, салымдар

1

бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар)

2

жылжымайтын мүлік (қосымша тұрғын үй, коммерциялық үй-жай, монша, гараж немесе жалға берілетін басқа жылжымайтын мүлік)

3

көлік, ауылшаруашылық және басқа арнайы техника

4

жер

5

мал, құс

6

мұндайлар жоқ

7

өзге (көрсетіңіз)


8

6. Сіз басқаратын өз үй шаруашылығыңызды қандай әлеуметтік топқа жатқызасыз?

Жол коды

аз қамтамасыз етілгендер (тамаққа, киімге және аяқкиімге жетпейді)

1

кедей емес, бірақ орта топқа да жатпайды (тамақ өнімдерін, киім, аяқкиім сатып алуға, тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеуге жетеді, бірақ біз ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуда қиындық көреміз)

2

орта топ (саты, деңгей): тамақ, негізгі азық-түлік емес тауарлармен қызметтерді сатып алуда қиындық көрмейміз, бірақ қосымша тұрғын үй (пәтер, үй, саяжай), қымбат автокөлік және тағы басқаларды сатып алуға қаражатымыз жеткіліксіз

3

жоғарғы орта топ (саты, деңгей): сапалы тамақ өнімдерін тұтынамыз, қолайлы жағдайда тұрамыз, жұмысымыз, табыс әкелетін жеке ісіміз және/немесе жеке меншігіміз бар, бірақ демалуға және бос уақытты өткізуге уақыт жеткіліксіз

4

қамтамасыз етілгендер (байлар): қолайлы өмір сүруге ресурстар (білім, денсаулық, қаржы, меншік, уақыт) жеткілікті

5

7. Сіздің үй шаруашылығыңыздың жинақ ақшасы бар ма?
«Жоқ» деп жауап бергенде 9-сұраққа көшіңіз

Иә

Жоқ

8. Онда олар Сіздің үй шаруашылығыңыздың қазіргі тұрмыс сапасын ұстап тұру үшін қанша уақытқа жетеді (табыс болмаған жағдайда)?

Жол коды

бір айға

1

үш айға

2

жарты жылға

3

бір жылға

4

екі жылға

5

үш жылға және одан көп уақытқа

6

3. Тұрмыс сапасының субъективті бағасы

9. Жалпы, Сіз өз өміріңізге ризасыз ба?

Жол коды

иә

1

жоқ

2

жауап беруге қиналамын

3

10. Сіз ата-анаңыздың сіздің жасыңыздағы уақытынан жақсы тұрасыз ба?

Жол коды

иә

1

жоқ

2

шамамен ата-анам сияқты тұрамын

3

жауап беруге қиналамын

4

11. Сіз қалай ойлайсыз, сіздің балаларыңыз сізден жақсырақ тұратын болады ма?

Жол коды

иә

1

жоқ

2

шамамен біз сияқты тұратын болады

3

жауап беруге қиналамын

4

12. Сіз жалпы, экономиканың ағымдағы жағдайына ризасыз ба?

Жол коды

иә

1

жоқ

2

жауап беруге қиналамын

3



13. Сіздің қөзқарасыңыз бойынша экономикалық дағдарыстың негізгі белгілерін (бірінші көріністерін) көрсетіңіз (жауаптың бірнеше нұсқасын көрсетуіңізге болады)?

Жол коды

өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеуі

1

жалақы көлемінің төмендеуі, төлеммен оны кешіктіру

2

негізгі тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі (соның ішінде тұрғын үй, жанар жағармай материалдары, автокөлік құралдары, алтын және асыл металдар және өзгелер)

3

банктік сектордың тұрақсыздануы (активтер құнының төмендеуі, кредиттерге кепілдікті қамтамасыз ету, қайтарымсыз қарыздар үлесінің өсуі және т.б.)

4

негізгі әлемдік валюталарға (АҚШ доллары, еуро, йена, юань, фунт стерлинг) теңге бағамының күрт және/немесе тұрақсыз өзгеруі

5

Қазақстан Республикасындағы валюта тапшылығы

6

бюджет шығыстарын қысқарту

7

жұмыс орындарын қысқарту, жұмыссыздық деңгейінің өсімі

8

өзге (көрсетіңіз)


9


14. Сіз Қазақстанды туризм үшін тартымды ел деп санайсыз ба?
«Иә» және «жауап беруге қиналамын» деген жауап берілсе 16 сұраққа көшіңіз

Жол коды

иә

1

жоқ

2

жауап беруге қиналамын

3

15. Қазақстанның туристер үшін тартымды болмауының себептерін көрсетіңіз (жауаптың бірнеше нұсқасын көрсетуіңізге болады)

Жол коды

туристік сала нашар дамыған, демалыс үшін қолайлы жерлер аз

1

жұмыс істеп тұрған сауықтыру және денсаулықты нығайту мекемелері (шипажайлардың, пансионаттардың) желісінің аздығы және аз жабдықталғандығы

2

жұмыс істеп тұрған туристік базалардың жабдықталуының және сервистерінің төмен деңгейі

3

басқа елдермен салыстырғанда туристік саладағы қызметтер бағасының жоғары деңгейі

4

республиканың жекелеген өңірлеріндегі суық климаттық жағдайлар (күрт континентті климат)

5

туристік қызметтер нарығындағы жарнама-имидждік жұмыстың жеткіліксіз жүргізілуі

6

өзге (көрсетіңіз)


7

16. Егер Сізде мүмкіндік болса демалысыңызды (жеке және/немесе отбасылық) қай жерде өткізгенді қалар едіңіз:

Жол коды

республика шеңберінде

1

таяу шетелде (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері)

2

алыс шетелде (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен басқа барлық елдер)

3

17. Мемлекет ұлттық туризмді дамыту үшін төменде көрсетілген іс-шаралардың қайсысын қабылдауы керек? (жауаптың бірнеше нұсқаларын көрсетуге болады)

Жол коды

мемлекеттік бюджеттен саланы дамытуға шығыстарды көбейту

1

туризмнің өсу нүктелерін дамыту үшін шетелден инвестицияларды белсенді тарту

2

ұлттық туристік бизнес-жобаларды дамыту

3

«элиталы» демалыс түрлерін (тау шаңғысы, атқа саят міну, гольф және басқалары) халыққа қолжетімді ету

4

өзге (көрсетіңіз)


5

18. Сізде және/немесе Сіздің үй шаруашылығыныздың мүшелерінде соңғы жартыжыл ішінде денсаулығына байланысты мәселелер орын алды ма? Егер болмаған жағдайда 21 сұраққа көшіңіз, егер болған болса, қаншалықты жиі болды:

Жол коды

тұрақты (созылмалы аурулар)

1

айына 1 рет

2

2-3 айда 1 рет

3

жартыжылда 1 рет

4

жоқ

5

19. Сіз және/немесе Сіздің үй шаруашылығыңыздың мүшелері денсаулық сақтау ұйымына (мекемесіне) медициналық көмек сұрап жүгінген бе?
«Иә» деп жауап берілсе 21 сұраққа көшіңіз

Иә

Жоқ

20. Медициналық көмек үшін денсаулық сақтау ұйымына (мекемесіне) жүгінбеу себебін көрсетіңіз:

Жол коды

сапасыз (қанағаттанарлықсыз) қызмет көрсету (медициналық кадрлардың кәсіби еместігі, кезектер, мамандардың, сапалы диагностика және т.б. үшін құрал-жабдықтар мен жағдайлардың жоқтығы)

1

дәрілерді қолдану арқылы өз бетінше емделумен айналыстық

2

халық емшілерінен ем алуды қалайсыз (экстрасенстер, бақсылар)

3

шөптермен, халықтық әдістермен өз бетінше емделуді қалайсыз

4

барлығы емделусіз кетеді деп шештіңіз

5

тым қымбат

6

тым алыс

7

уақыт болған жоқ

8

науқастанған күндер үшін еңбекақымызды жоғалтқымыз келмеді, себебі жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық кезеңіне ақы төлемейді

9

өзге (көрсетіңіз)


10

21. Сіз сақтандыру жарналарын жинақтау қағидаты бойынша азаматтардың денсаулығын медициналық сақтандырудың енгізілуіне қалай қарайсыз (зейнетақы қорларына ұқсастығы бойынша)?

Жол коды

оң көзқарастамын

1

өте қарсымын

2

немқұрайлы

3

жауап беруге қиналамын

4



22. Сіз өз ауданыңызда өзіңізді қаншалықты қауіпсіз сезінесіз?

Жол коды

өзімді толық қауіпсіздікте сезінемін

1

өзімді жеткілікті қауіпсіздікте сезінемін

2

өзімді қауіпсіздікте сезінемін (қорқынышты, тынымсыздануды сезінемін)

3

өзімді қауіптілікте сезінемін (өмірім үшін қауіп төндіретін шабуылды немесе қатерді күте отырып, үнемі алаңдаушылықпен жүремін)

4

23. Сіз немесе Сіздің үй шаруашылығыңыздың мүшелері соңғы 12 айда келесілерден зиян шекті ме? (егер жапа шекпесеңіз келесі сұраққа көшіңіз)

Жол коды

ұрлықтан

1

шабуылдан

2

денеге күш қолданудан

3

тағылық актілерінен

4

меншікке байланысты жанжалдардан

5

жөнсіз іс-әрекеттен

6

24. 2011 жылы елдің бірқатар өңірлерінде болған оқиғалар Сіздің елді мекендегі (аудандағы, қаладағы) тіршілік ету қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіптің қорғалу деңгейіне қаншалықты әсер етті?

Жол коды

иә, сенім деңгейім төмендеді

1

әсер етті, бірақ елеусіз (ойландыруға түрткі болды, бірақ алаңдатпады)

2

ешқандай әсер етпеді

3

жоқ, біздің елді мекенде мұндай оқиғалардың болуы мүмкін емес

4

жауап беруге қиналамын

5

өзге (көрсетіңіз)


6

25. Сіз өз елді мекеніңіздегі қоршаған орта жағдайына қаншалықты қанағаттанасыз?

Жол коды

қанағаттанамын

1

қанағаттанбаймын

2

жауап беруге қиналамын

3

26. Сіз соңғы 12 айдың ішінде қоршаған ортаны қорғау бойынша қандай да бір топтың немесе үкіметтік емес ұйымның қызметіне қатыстыңыз ба?

Жол коды

иә, белсенді, жеке өз көзқарасыммен және ынтаммен

1

иә, белсенді емес, мәжбүрлеу бойынша (жұмыс беруші, ұйым, ЖОО тарапынан)

2

жоқ, қатыспағанмын

3

жауап беруге қиналамын

4

27. Сіз Қазақстандағы тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттанасыз ба?

Жол коды

иә

1

жоқ

2

жауап беруге қиналамын

3

28. Сіздің ойыңызша, сіздердің елді мекендеріңізде, тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы қаншалықты тиімді (кезектіліктің айқындылығы, тұрғын үйдің қолжетімділігі және сапасы, тұрғын үйді бөлетін тұрғын үй комиссиясы жұмысының тиімділігі және ашықтығы)?

Жол коды

тиімді

1

тиімділігі төмен

2

тиімсіз

3

жауап беруге қиналамын

4

29. Өзіңіздің өмір сүру жағдайыңызға баға беруіңізді өтінемін?

Жол коды

жақсы

1

қанағаттанарлық

2

нашар

3

30. Сіз өзіңіздің өмір сүру жағдайыңызға қандай себептерге байланысты қанағаттанбайсыз? (жауаптардың бірнеше нұсқаларын көрсетуге болады)

Жол коды

тұрғын үй ескірген, күрделі жөндеуді қажет етеді

01

тұрғын үй жеңіл-желпі жөндеуді қажет етеді

02

пәтерде (үйде) суық (нашар жылытылады)

03

пәтерде (үйде) өте сызды (ылғалдылық жоғары)

04

пәтерде (үйде) өте қараңғы

05

пәтерде (үйде) өте тар

06

пәтерде (үйде) шулы (көршілерден және/немесе көшеден)

07

ауаны ластайтын ошақтарға жақын жерде тұрамыз (қалдықтар, түтін, шаң, лай, өзге де экологиялық мәселелер)

08

қылмыстылық, қоғамдық тәртіпті бұзу деңгейі жоғары ауданда тұрамыз

09

су көбінесе бөгелістермен ағады

10

электр тогы көбінесе үзілістермен беріледі

11

үйде дәретхана жоқ

12

жобалаудың ыңғайсыздығы

13

өзге (көрсетіңіз)


14

31. Сіз Қазақстандағы жалпы орта білім беруді (мектепте, лицейде, гимназияда алған) алынған білім мен тәрбие бөлігінде сапалы деп ойлайсыз ба? (Егер жоқ болса келесі сұраққа, егер иә немесе жауап беруге қиналатын болсаңыз 33 сұраққа көшіңіз)

Жол коды

иә

1

жоқ

2

жауап беруге қиналамын

3

32. Сіздің ойыңызша, қазақстандық мектепті бітіруші түлектердің білім деңгейін және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін мемлекет қандай шараларды қолдану керек? (жауаптың бір нұсқасын таңдаңыз)

Жол коды

оқыту бағдарламаларын қайта қарастыру

1

оқыту үрдісіне жаңа озық технологияларды енгізу

2

мектептердегі (лицейлер, гимназиялар) оқытушылардың біліктілігін жоғарылату талаптарын күшейту

3

оқу үрдісінде тәрбиелік компонентті күшейту

4

өзге (көрсетіңіз)


5

33. Сіздің елді мекенде (қаланың ауданында) дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысатын мекемелер бар ма? (Егер иә болса келесі сұраққа, егер жауабыңыз жоқ болса немесе жауап беруге қиналатын болсаңыз 35 сұраққа көшіңіз)

Жол коды

иә

1

жоқ

2

жауап беруге қиналамын

3

34. Сіздің ойыңызша, осы мекемелердің қызметтері халыққа қолжетімді және сапалы болып табылады ма?

Жол коды

иә

1

жоқ

2

жауап беруге қиналамын

3

35. Сіздің үйден шықпай-ақ (модем, wi-fi, мобильді интернет және басқалары) Интернетке шығуға мүмкіндігіңіз бар ма? (Егер иә болса келесі сұраққа, егер жоқ болса немесе жауап беруге қиналатын болсаңыз 38 сұраққа көшіңіз)

Жол коды

иә

1

жоқ

2

жауап беруге қиналамын

3

36. Сіз Интернетті қандай мақсаттарға пайдаланасыз? (жауаптың бірнеше нұсқаларын көрсетуге болады)

Жол коды

ақпарат алу (жаңалықтар, оқиғалар, хабарлар, әдебиеттер және басқалары)

1

ойын-сауық (әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас, ойындар)

2

хабарламаларды алу және жіберу (электрондық почта)

3

аудио және бейнематериалдарды тыңдау және жазып алу (әуендер, фильмдер, бейнебаяндар, анимациялар және тағы басқаларды)

4

өз бетімен білім алу, өзін өзі дамыту

5

электрондық қызметтерді пайдалану (Е-Үкімет, коммуналдық төлемдер, салықтар және басқалар)

6

өзге (көрсетіңіз)


7

37. Сіз авторлық құқықты қорғауды күшейту бөлігіндегі ұлттық заңнамадағы өзгерістерді қалай бағалайсыз?

Жол коды

тиімді

1

тиімділігі төмен

2

тиімсіз

3

жауап беруге қиналамын

4

38. Сіздің ойыңызша, мемлекет бірінші кезекте қай салаға ақша салуы тиіс? (жауаптың бір нұсқасын таңдаңыз)

Жол коды

білім беру

1

денсаулық сақтау

2

тұрғын-үй құрылысы

3

зейнетақы

4

табиғатты қорғау

5

инфрақұрылым (қоғамдық көлік, жолдар және тағы басқалары)

6

инновациялық технологиялар

7

өзге (көрсетіңіз)


8

39. Сіздің ойыңызша, зейнеткерлікке шығудың ең оңтайлы жасы қандай?

ерлер үшін:

Жол коды

әйелдер үшін:

Жол коды

51-ден 54-ке дейін

1.1

51-ден 54-ке дейін

2.1

55-тен 60-қа дейін

1.2

55-тен 57-ге дейін

2.2

60-тан 62-ге дейін

1.3

58 жас

2.3

63 жас

1.4

59-дан 62-ге дейін

2.4

64-тен 70-ке дейін

1.5

63-тен 65-ке дейін

2.5

70 жастан жоғары

1.6

65-тен жоғары

2.6

40. Сіз үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау кезінде не ең маңызды болып табылады? (жауаптың бір нұсқасын таңдаңыз)

Жол коды

салымшылардың саны және зейнетақы қорының көлемі

1

табыстар көлемі және қор жұмысының тиімділігі

2

құрылтайшылардың құрамындағы мемлекеттің үлесі

3

қордың инвестициялық портфелінің құрылымы

4

құрылтайшылардың құрамы (акционерлер, қаржылық және банктік құрылымдар және тағы басқалары)

5

жарғылық капиталдың мөлшері

6

әріптестердің, достардың, таныстардың ұсыныстары (кеңестері)

7

қордың жарнамалық компаниясы

8

өзге (көрсетіңіз)


9

4. Мемлекеттік қызметтерді бағалау

41. Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігіне қаншалықты қанағаттанасыз?


қанағаттанамын

ішінара қанағаттанамын

қанағаттанбаймын

жауап беруге қиналамын

мемлекеттік мекемелерде (Халыққа қызмет көрсету орталығы, Салық комитеті және басқалары) құжаттарды рәсімдеу, анықтамаларды беру

1

2

3

4

құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл

1

2

3

4

жәрдемақыларды, зейнетақыларды және басқа әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеу

1

2

3

4

азаматтық істерді сотта қарау

1

2

3

4

мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмек көрсету

1

2

3

4

мектепке дейінгі білім

1

2

3

4

тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі тұрғын үйді бөлу

1

2

3

4

жоғары білім

1

2

3

4

мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру (қоршаған ортаны қорғауды бақылау, табиғи ресурстарды ұдайы өсіру және пайдалану)

1

2

3

4

42. Сіздің ойыңызша, сот және құқық қорғау жүйелерін жаңартудың ең тиімді шаралары қандай? (жауаптың бірнеше нұсқаларын таңдауға болады)

Жол коды

сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын күшейту

1

сот және құқық қорғау жүйесінің қызметкерлеріне тұрақты негізде аттестация жүргізу

2

жүйе қызметкерлерінің әлеуметтік қоржынын және ақшалай қанағаттанушылығын ұлғайту

3

жеке детектив институты тәжірибесін енгізу

4

арбитражды және аралық соттар жүйесін күшейту

5

мемлекеттік қызметшілердің тек табыстарын ғана емес сонымен қатар, шығыстарын көрсететін міндетті декларацияны енгізу

6

өзге (көрсетіңіз)


7

43. Сіз е-Үкімет арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді пайдаланасыз ба? (Егер иә болса келесі сұраққа, егер жоқ болса немесе жауап беруге қиналатын болсаңыз 45-сұраққа көшіңіз)

Жол коды

иә, тұрақты түрде

1

иә, бірақ сирек жағдайларда

2

жоқ, себебі мүмкіндігім жоқ

3

жоқ, себебі электронды сандық қолтаңбам жоқ

4

жоқ, е-Үкімет жүйесінде жұмыс істеу дағдыларын білмеймін

5

жоқ, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің сапасына сенбеймін

6

жоқ

7

жауап беруге қиналамын

8

44. Алынған электронды қызметтердің сапасын бағалаңыз?

Жол коды

жоғары (өте жақсы)

1

жақсы

2

қанағаттанарлық

3

төмен

4

45. Сізге мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қаншалықты жиі пара беруге тура келеді?

Жол коды

ешқашан

1

кейде

2

жиі

3

әрқашан

4



Сізге көрсеткен ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз!

«Халықтың тұрмыс сапасы»  
жалпымемлекеттік статистикалық
байқаудың статистикалық нысанына
(коды 1902105, индексі D 002,
кезеңділігі біржолғы)   
қосымша           

Нысан 

                ИНТЕРВЬЮЕРДІҢ КАРТОЧКАСЫ

1.Респонденттің интервьюерге қатынасы

2. Респондент пікіртерім парағының сұрақтарын қалай қабылдады

3. Респонденттің интервью кезіндегі байланыстылығы (ашықтылық, шынайылығы)

4. Алынған ақпараттың сенімділігі

достық, мүдделі

1

жақсы, жылдам, парапар

1

айтарлықтай ашық, шынайы

1

әбден сенімді

1

аса мүдделі емес, неғұрлым селқос

2

онша жақсы емес, қайталауға, түсініктеме беруге тура келді

2

ашық, шынайы

2

сенімді

2

шыдамсыз, тынымсыз

3

нашар, түсіндіру қиын болды

3

ұяң, шынайы емес

3

сенімсіз

3

ашушаңдық, жақтырмаушылық

4



өте ұяң, шынайы емес

4

тіпті сенімсіз

4

бет №

статистикалық сауалнама бөлімінің №

Статистикалық сауалнама бөлімдері бойынша сұрақтар нөмірлерін көрсетіңіз:

1. респонденттің қабылдауына қиын болған

2. респонденттің теріс сезімдерін тудырған

3. жауап беруге құлықсыз болған (жауап беруден бас тарту)









































































































































      Мен пікіртерім жеке сұхбат әдісімен Нұсқаулыққа сәйкес жүргізілгенін куәландырамын.
      Интервьюердің толық аты-жөні
____________________________________________________________
      Интервьюердің қолы ___________________________________
      Супервайзердің толық аты-жөні
____________________________________________________________
      Супервайзердің қолы __________________________________

  СТАТИСТИКАЛЫҚ НЫСАНДЫ (САУАЛНАМА) ТЕКСЕРУ БОЙЫНША ЕСКЕРТУЛЕР

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасының міндетін 
атқарушының 2012 жылғы 2 шілдедегі
№ 170 бұйрығына 2-қосымша   

Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасының    
2011 жылғы 15 тамыздағы   
№ 230 бұйрығына 4-қосымша  

«Халықтың тұрмыс сапасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 1902105, индексі D 002, кезеңділігі біржолғы) толтыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Бұл Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Халықтың тұрмыс сапасы» (коды 1902105, индексі D 002, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
      2. Байқауға халықтың тұрмыс деңгейі бойынша іріктемелі зерттеуге қатысатын үй шаруашылықтары жатады.
      Байқау кезеңі наурыз болып табылады. Статистикалық нысанды пікіртерімді жүргізуге уәкілетті тұлға толтырады (бұдан әрі - интервьюер).
      Үй шаруашылығының иесі респондент болып табылады.
      Үй шаруашылығының иесі респондент еңбекке қабілетті жастағы жұмысы бар (әйелдер үшін 18-58 жас, ерлер үшін 18-63 жас) үй шаруашылығының мүшесі болып табылады. Үй шаруашылығында еңбекке қабілетті жастағы жұмысы бар тұлғалар болмаған жағдайда (зейнеткерлердің немесе құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер және өзгелер бар үй шаруашылықтары) үй шаруашылығының басшысын үй шаруашылығының мүшелері қандай да бір табыс түріне ие тұлғалар санынан өздері анықтайды.
      3. «Аумақтың атауы» тармағының титулдық парағында облыстың (қаланың), ауданның (қаланың) және ауылдық елді мекеннің атауы жазылуы керек. 2–ден бастап 5-ке дейінгі тармақтар супервайзерлер интервьюерлерге ұсынған зерттелетін үй шаруашылықтарының тізімдерінде көрсетілген деректемелерге сәйкес толтырылады. Пікіртерім соңында сұхбат жүргізу уақыты және ұзақтығы көрсетіледі.
      4. «Жалпы деректер» бөлімінде респонденттің жынысына сәйкес келетін ұяшық белгіленеді.
      1-сұрақта бірінші бос ұяшыққа жазылатын үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы саны көрсетіледі. Үй шаруашылығының уақытша шығып қалған және келген мүшелері есепке алынбайды. Сұрақтар тізімінде көрсетілген мәртебеге сәйкес келетін үй шаруашылығы мүшелерінің саны тиісті ұяшықта көрсетіледі.
      «Балалар» деген жолда 18 жасқа дейінгі жұмыс істемейтін және студент емес тұлғалар көрсетіледі. Егер үй шаруашылығы мүшесі өзін сұрақта көрсетілген бірнеше санатқа жатқызса (мүгедектігі және жұмысы бар адам), мұндай жағдайда жауап респонденттің өзінің анықтауы бойынша жазылады және ол бір ғана санат бойынша есепке алынады. «Өзгелер» деген жолда ұсынылған санаттардың ешқайсысына жатпайтын тек үй шаруашылығы мүшелері көрсетіледі. Бiрiншi ұяшықта көрcетiлген үй шаруашылығы мүшелерiнiң саны төменгi ұяшықтардағы жауаптардың жиынтығына сәйкес келеді.
      5. 15, 20, 32, 34, 36, 37 және 44 сұрақтардан басқа, статистикалық нысанның барлық сұрақтары міндетті жауапты қажет етеді.
      6. «Үй шаруашылықтарының табыстары» деген бөлімдегі 2, 6-8 сұрақтарда жауаптың бір нұсқасы таңдалынып, белгіленеді.
      Бөлімнің 2-сұрағында үй шаруашылығының бір айда орташа есеппен алатын жалпы ақшалай табысы (үй шаруашылығының барлық мүшелерінің ақшалай табыстарының жиынтығы) көрсетіледі. Егер соңғы жыл ішінде алынған орташа айлық ақшалай табысты анықтау мүмкін болмаса, осы айда алынған ақшалай табыс мөлшері бойынша әдеттегідей болса, онда соңғы айдағы ақшалай табысты көрсетуге болады. Табыстың жалпы сомасына табыстың барлық түрін қосу керек (соның ішінде әлеуметтік көмек, алименттер, туыстарының көмегі, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс, мүмкіндігінше толық есептей отырып және өзгелері).
      3-сұрақта қолда бар күнкөріс қаражатының көздері көрсетіледі, бұл ретте «жылжымайтын мүліктен түскен табыс (жалға беру), соның ішінде:» жолында белгі қойылмайды, себебі келесі үш жолда көрсетіледі.
      «Жалдамалы жұмыс» жолында жұмыс берушімен еңбек қарым-қатынасы нәтижесінде алынған табыстар көрсетіледі (жеке тұлғаға еңбек шартын жасамай орындаған жұмысына еңбекақыны қосқанда).
      Өз бетінше жұмыспен айналысудан түскен табыс өзінің жеке кәсіпорнынан (бизнесінен), жеке кәсіпкерлік қызметтен (патентпен немесе патентсіз) түскен табыстарды қосады.
      «Басқа кәсіпорындардың меншігіне қатысу үлесінен түскен табыс» деген жолда басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталындағы үлестік қатысудан түскен түсімдер көрсетіледі, яғни «бағалы қағаздардан дивиденттер (акциялар, облигациялар)» жолында көрсетілетін бағалы қағаздардан, акциялар бойынша дивиденттерден түскен табыстарды қоспағандағы біріккен қызметтен түскен табыс.
      Үй шаруашылықтарының жеке қосалқы шаруашылық (саяжайдан, бақшадан) жүргізуден алған тамақ өнімдері, жеке тұтыну 4 жолда көрсетіледі. Егер үй шаруашылығының жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу нәтижесіндегі мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өндірген өнімі басқа үй шаруашылығымен және/немесе сауда желілері (дүкендер, базарлар, шатырлар, автодүкендер және өзгелері) арқылы өткізілетін болса, алынған табыс «жеке қосалқы шаруашылықта өндірілген өнімді өткізуден (сатудан) түскен табыс» 5 жолда көрсетіледі.
      Сонымен мысалы, малды сатудан түскен табысты «жеке қосалқы шаруашылықта өндірілген өнімді өткізуден (сатудан) түскен табыс» санатына жатқызылады. Тауарларды дүкенде өткізуден алынған пайда (егер дүкен үй шаруашылығының меншігі болса немесе үй шаруашылығының мүшесі (мүшелері) жалға алынатын ғимараттағы тауарларды сатуды жүзеге асыратын болып табылатын (табылатындар) болса - өз бетінше жұмыстан түскен табыс болып табылады.
      «Мемлекеттік жәрдемақы» деген жолда мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрлері: мүгедектігі бойынша, әскери қызметшілердің отбасыларын есепке ала отырып, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты (зейнетақы алу үшін еңбек өтілі болмағанда) берілетін жәрдемақылар қамтылады. Сондай-ақ, мұнда арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрлері: Ұлы Отан Соғысы (бұдан әрі - ҰОС) мүгедектері мен қатысушыларына, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдарға, ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне, ҰОС қайтыс болған мүгедектерінің әйелдеріне (ерлеріне), «Кеңес Одағының батырларына», қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткендерге, Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушыларға, 1,2 және 3 - топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, төрт ж?не одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, ақталған азаматтарға, сол сияқты баланың туылуына байланысты және 1 жасқа дейінгі балалар күтіміне берілетін жәрдемақылар жатады. Әлеуметтік төлемдердің жоғарыда аталған түрлерін «өзге» санатына жатқызуға жол берілмейді.
      «Әлеуметтік көмектің өзге де түрлері» санатына атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін және өзгелерін, сонымен қатар жұмыс беруші тарапынан материалдық көмек және қайырымдылық түскі астар, киім-кешектер, аяқкиімдер, тамақ өнімдері және тағы басқалары түріндегі заттай көмек жатқызылады.
      «Туыстарының, таныстарының көмегі» санатына туыстары мен таныстардан материалдық әрі заттай түрдегі көмек жатады.
      3-сұрақтың жауап нұсқалары ретінде ұсынылған санаттардың бір-біреуі бойынша жіктелмеген өзге де табыстарды міндетті түрде табыс нысанын көрсете отырып, «өзге» санатына жатқызылады.
      4-сұраққа жауап берген кезде коммерциялық үй-жайлары (кеңсе, дүкен, қойма, монша, гараж және өзгелері, яғни тұрғын үй ретінде қолданылмайтын ғимараттары (құрылыстары)) бар респонденттер үй шаруашылығының меншігіндегі барлық коммерциялық үй-жайлардың шамамен алғандағы жалпы (коммерциялық жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша құжат болмаған жағдайда) құнын көрсетеді. Коммерциялық үй-жайдың шамамен алғандағы құнын бағалау кезінде оның пікіртерімді өткізу уақытындағы ағымдағы құны көрсетіледі.
      5-сұрақта үй шаруашылығында орын алатын (олар бірнешеу болуы мүмкін) жауаптың барлық нұсқалары торкөздерде белгіленеді.
      7-сұраққа «жоқ» деген жауап берілсе, 9-сұраққа көшу жүзеге асады.
      6. «Тұрмыс деңгейін субъективті бағалау» бөліміндегі 9-12, 14, 16, 18-22, 24-29, 31-35, 37, 38 және 40-сұрақтарда жауаптың бір нұсқасы таңдалынып, белгіленеді. Сонымен қатар, 11-сұраққа балалары бар және балалы болуды жоспарлаған респонденттер жауап береді.
      13, 15, 17, 30 және 36 сұрақтарда жауаптың бір және бірнеше нұсқасы көрсетіледі.
      14 сұраққа «жоқ» деп жауап берілсе, келесі сұраққа көшу, егер оң және жауап беруге қиналамын деген жауап берілсе 16-сұраққа көшу жүзеге асырылады.
      18-сұраққа «жоқ» деген жауап берілсе 21-сұраққа көшу жүзеге асырылады.
      Респонденттердің 21-сұрақтың тұжырымдамасын түсінбеу жағдайы туындаған кезде оларға келесі түсіндіріледі: бұл сұрақ нысанға денсаулық сақтау жүйесіне азаматтарды медициналық сақтандыру институтын енгізуге қатысты халықтың көзқарасын зерделеуге байланысты енгізілген. Болашақта мемлекет азаматтардың сақтандыру жарналары шоғырланатын қолданыстағы зейнетақы қорларына ұқсас сақтандыру қорларын құру арқылы халық денсаулығының міндетті түрде сақтандырылуын енгізуді жоспарлауда. Ауырған жағдайда (жарақаттанған) сақтандырылған азаматтарға медициналық сақтандыру қорынан сақтандыру жағдайы (ауру, жарақат алу) туындаған кезге дейінгі жинаған қаражаты төленеді. Осылайша, медициналық сақтандыру қоры «Адамның денсаулығы қаншалықты нашар болса, оны сақтандыру соншалықты аз болатындығы, ал қаншалықты жақсы болса, соншалықты сақтандыру қорының мөлшері көп болады» қағидасы бойынша жұмыс істейтін болады (2012 жылғы 27 қаңтардағы Президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауынан).
      Егер респондент 23-сұрақта көрсетілген тәртіп бұзушылық нұсқаларының ешбіреуінен зардап шекпеген болса ол сұрақтың жауап нұсқасының жолына белгі қоймай келесі сұраққа көшеді.
      24-сұрақта 2011 жылы еліміздің кейбір өңірлерінде (Алматы, Астана қалаларында, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарында) орын алған оқиғалар (лаңкестік, лаңкестікті ұйымдастыру әрекеттері, ереуілдер) жайлы айтылады.
      26-сұрақта қоршаған ортаны, табиғатты және климатты қорғау жөніндегі бағдарламаларды белсенді насихаттайтын және іске асыратын қоғамдық бірлестіктердің (қозғалыстар) және/немесе үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жайлы айтылады.
      27-сұраққа жауап берген кезде жалпы республика бойынша тұрғын үйдің қол жетімділігі жағдайы бағаланады. 28-сұрақтың жауабы респонденттің тұратын елді мекеніндегі тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін анықтайды. Мұнда тұрғын үйдің «қолжетімділігі» ұғымы оның орналасқан жерімен бағасы/сапасына қатысты тұрғын үйдің құны дегенді білдіреді (әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, көліктік қолжетімділік, әкімшілік орталықтан қашықтық және тағы басқалары).
      30-сұраққа 29-сұрақта «нашар» деген 3 нұсқаны таңдағандар жауап береді. Жауап берген кезде жауаптың бір және бірнеше нұсқалары белгіленеді.
      31-сұраққа оң жауап берілген кезде 33-сұраққа көшу.
      Егер 33-сұраққа «жоқ» деген жауап берілсе 35-сұраққа көшу.
      34-сұрақтағы «қолжетімділік» ұғымы денешынықтыру және спортпен жаппай айналысатын мекемелер қызметтерінің құны (бағасы), сонымен қатар көліктік қолжетімділік және орналасу орны (оның тұрып жатқан ауданындағы халықтың тығыздығы) ұғымын білдіреді.
      37-сұрақта мынадай өнімдерге қатысты: интернет-ресурсты пайдаланумен бағдарламалық қамтамасыз ету, бейне және аудио, баспа өнімдерінің (кітаптардың, оқулықтардың) құқығын иеленушісі (жасаушысы немесе жасаушысының ізбасары) анықталған, лицензиясы жоқ (пираттық) өнімдерді жаппай пайдалану үшін орналастыруға тыйым салу арқылы авторлық құқықтардың қорғалуын күшейту бөлігінде қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу туралы айтылады.
      38-сұраққа жауап берген кезде мемлекет бірінші кезекте ақша салуы қажет экономика саласына сәйкес келетін жауаптың бір нұсқасы таңдалады.
      39-сұрақтың жауабы респонденттің жынысына байланыссыз жауаптың екі нұсқасын топшылайды, яғни біріншісі - әйелдер жасына, екіншісі – ерлер жасына қатысты.
      40-сұраққа жауап берген кезде респондент үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау кезіндегі ең бастысы болып табылатын жауаптың бір нұсқасы белгіленеді. Бұл ретте, жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліне мемлекеттік бағалы қағаздар, қазақстандық және шетелдік эмитенттердің облигациялары, қазақстандық компаниялардың акциялары, яғни, олардың көмегімен қорлар, халық салымдары табыстарының өсімін қамтамасыз ететін қаржылық құралдар кіреді.
      7. «Мемлекеттік қызметтерді бағалау» бөліміндегі 41-сұрақ олардың қызметтерді алу кезеңіне шектеу қоймай мемлекеттік қызметтердің негізгі түрлеріне қанағаттанушылық деңгейін анықтауға бағытталған, яғни бұл жерде жалпы респонденттің бір кездерде алған нақты бір қызметі бойынша жағдайы бағаланады. Жауаптар көлдеңінен белгіленеді. Егер респондентпен мемлекеттік қызметтерді бағалау мүмкіндігі болмаған жағдайда осы сұрақтың теріс жауабы «жауап беруге қиналамын» жолында, яғни «4» нөмірде белгіленеді.
      42-сұраққа жауап берген кезде жауаптың бір және бірнеше нұсқалары таңдалады.
      Егер респондент электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтердің пайдаланушысы болмаса (43-сұраққа «жоқ» деген жауап болса) 45-сұрақтың жауабына көшеді.
      45-сұраққа жауап беру кезінде респондент мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі пара беруге тура келетін жағдайлардың жиі болатындығы туралы өз ойын білдіреді.
      8. Пікіртерімді бітірген соң, интервьюер пікіртерім барысында қандай болса да бір бөлімдер немесе сұрақтар қалып кетпегендігіне көз жеткізу үшін статистикалық нысанды тағы да бір рет қарап шығады және респонденттерге ынтымақтастығы және жәрдемдескендері үшін міндетті түрде алғыс білдіреді.
      Интервьюер үй шаруашылығынан тысқары жерде статистикалық нысанды қайта қарап шығып, егер қандай да бір сәйкессіздік тапса, онда үй шаруашылығына қайта барып (жеке немесе телефонмен), жеткіліксіз ақпаратты анықтайды.
      Бұдан басқа, интервьюер толтырылуы тиіс осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Интервьюер карточкасын» толтырады:
      респондентпен өзара іс-қимыл деңгейін және деректердің сапасын бағалау;
      Статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізілгендігін өзінің тегі, аты, әкесінің атын көрсетіп және өзінің қолымен растау.
      «Сауалнаманы тексеру бойынша ескертулер» тармағы интервьюер толтырған статистикалық нысанды көзбен шолу арқылы тексеру нәтижелері бойынша супервайзердің толтыруына арналған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады