Теміржол вокзалдары класын анықтау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 3 тамыздағы № 490 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 тамызда № 7886 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 06 тамыздағы № 605 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 06.08.2013 № 605 бұйрығымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 қаулысымен бекітілген Вокзалдар қызметін ұйымдастыру қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Теміржол вокзалдары класын анықтау әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықтың:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет ресурсында оның келесі ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
міндетін атқарушы                                  Р. Скляр 

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация    
министрінің міндетін атқарушының
2012 жылғы 3 тамыздағы   
№ 490 бұйрығымен бекітілген 

Теміржол вокзалдары класын анықтау әдістемесі 

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Теміржол вокзалдары класын анықтау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 қаулысымен бекітілген Вокзалдар қызметін ұйымдастыру қағидаларының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Әдістемені қолданудың негізгі қағидаттары:
      1) қазіргі заманғы, қауіпсіз және сенімді көлік инфрақұрылымында, сондай-ақ олардың сапалы қызмет көрсетілуінде темір жол вокзалдары тұтынушыларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
      2) қалалық ортаның оның даму қарқынымен келісілген сапасымен көлік инфрақұрылымының бөлігі ретінде ғана емес, оның ажырамас жиынтығы ретінде темір жол вокзалдарының және оның іргелес аумақтарының дамуына арналған кешенді бағыт;
      3) темір жол вокзалдары қызметтерін тұтынушылар мен пайдаланушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;
      4) өзінің инвестициялық әлеуеті, сәулет және қала құрылысы және технологиялық мүмкіндіктері бар объект ретіндегі әр темір жол вокзалының бірегейлігі;
      5) темір жол вокзалдарында сенімді қызметтері және олардың қызмет ету қауіпсіздігі, сондай-ақ олардың даму қарқыны төмендемей қызметтер мен тауарларының іске асырылуынан кірісті арттыру болып табылады.
      3. Осы әдістемені қолдану мақсатында келесі ұғымдар қолданылады:
      1) темір жол вокзалы – бір станцияда орналасқан және жолаушылар ғимараты және павильоны бар, қалқамен немесе қалқасыз жолаушылар платформаларын бір немесе әр түрлі дәрежедегі вокзал өтпелерін (жолаушылар тоннелі, көпір, конкорстар), шағын сәулет нысандарын және визуалды коммуникацияларын қамтитын кешен. Вокзалда жергілікті жағдайларға байланысты барлық элементтері болмауы да мүмкін (мысалы, платформаларда жолаушылар павильоны болмауы мүмкін);
      2) Жайлылық – жолаушылар үшін және оларға персоналдың қызмет көрсету қолайлылығы және персоналдың біліктілікпен, үй-жайлармен, ішкі көрініс пен қажет жабдықтар мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерімен (электр, авариялық-құтқару, сумен қамтамасыз ету, кәріз, желдетпе, құрамды реттеу және ауаны сапа көрсеткішіне жеткізу) жарақтандыру шарттастығының оңтайлы гигиеналық жағдайларын құру және ұстауға арналған тұрмыс жай-күйі, қолайлылығы, микроклиматтың көрсеткіш жиынтығы;
      3) класты анықтау – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жолаушыларға ұсынылатын қызмет көлемі мен жайлылық деңгейі;
      4) тұтынушылар – темір жол көлігі жолаушылары, темір жол вокзалына келіп-кетушілер (соның ішінде жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушылар);
      5) пайдаланушылар – темір жол вокзалы алаңдарын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, сондай тасымалдаушылар, оның ішінде темір жол жолаушылар тасымалы саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз көлік ұйымдары;
      6) темір жол вокзалдары қызметтері – тұтынушылар мен пайдаланушылар қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.
      4. Әдістеменің мақсаты тұтынушылардың әр түрлі санаттағы, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар қажеттіліктерін ескере отырып, ұсынылатын қызметтердің кең атауын қамтамасыз ету кепілдік негізінде пайдаланушыларға қызмет сапасын тиісті әлемдік стандарттарға қол жеткізу жолымен темір жол вокзалдарын дамыту, сонымен қатар темір жол вокзалдарының класы бөлігінде ақпараттық ортаны қабылдау үшін қолжетімді және микроклиматтың берілген сипаттамасында темір жол вокзалының ішкі ортасында жайлылық жасау болып табылады.
      5. Әдістемені Қазақстан Республикасы көлік кешені қызметін бақылау және реттеу, үйлестіру, көлік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қолданады. 

2. Теміржол вокзалдары класын анықтау

      6. Теміржол вокзалдары класын анықтау келесі жиынтық көрсеткішін қамтиды:
      1) жылдық есептеуде тәулігіне жөнелтілген жолаушылардың жалпы саны 1 жолаушы – 1 балл.
      2) вокзал үй-жайларын ұстау әр 100 шаршы метр көлемі – 1 жолаушы - 1 балл.
      3) осы әдістемеге қосымшаға сәйкес темір жол вокзалдары класы бөлігінде баллдық өрбуі.
      7. Темір жол вокзалдары класы төмендегі келтірілген формулаға сәйкес анықталады: 

      К=(Ж*1)+(К/100 ш.м)

      мұнда:
      К - вокзал класы,
      Ж - жылдық көрсеткіштегі тәулігіне жолаушылар,
      К - вокзал үй-жайларын (жалпы көлем) ұстау.
      Ескертпе:
      Баллды есептеу бөлігінде математикалық есептеулер жүргізу жөнелтілген жолаушылар саны есептерінен анықталады.
      Баллды есептеу бөлігінде математикалық есептеулер жүргізу темір жол вокзалының техникалық паспортында көрсетілген темір жол вокзалы ғимараты көлеміне сәйкес анықталады.
      Алынған көрсеткіштер жиынтығы балл санын береді, олар класты анықтайды.
      Математикалық есептеулер жүргізілген кездегі бөлшек сандар бүтін сандарға дөңгелектеуге жатады. Егер алынып тасталатын сандардың біріншісі 5 көп болса, онда соңғы сақталатын сан бірлікке ұлғайтылады. Ұлғайту алынып тасталатын сан 5 тең болған жағдайда да жасалынады.
      Жолаушыларға қызмет көрсету пункті бар өндірістік ғимарат және вокзал мәртебесін есептеуді уәкілетті орган бекітеді және қол жеткізілген көрсеткіштер негізінде бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

Теміржол вокзалдары
класын анықтау 
әдістемесіне қосымша 

Темір жол вокзалдары класы бөлігіндегі баллдық өрбуі 

      1. Вокзалдар атқаратын жұмыс көлеміне және күрделілігінің өрбуіне байланысты төрт класқа бөлінеді:
      1)  кластан тыс;
      2) 1 класс;
      3) 2 класс;
      4) 3 класс.

№ 1-кесте

Атауы Кластан тыс 1 класс 2 класс 3 класс

вокзал

2500 және одан астам балл

700 ден 2499 баллға дейін

300 ден 699 баллға дейін

101 ден 299 баллға дейін

      2. Тиісті есептеулер жүргізілгеннен кейін 1-кестедегі есептеулер негізінде вокзал мәртебесі тағайындалады.
      3. 101 кем жинақ балл санын жинаған ғимараттар жолаушыларға қызмет көрсету пункті бар өндірістік ғимарат болып белгіленеді.

№ 2-кесте

Атауы 1 түрі 2 түрі 3 түрі

Өндірістік ғимарат

50 ден 100 жолаушыға дейін

10 нан 50 жолаушыға дейін

10 жолаушыға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады