"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті "Қазгеоақпарат" Республикалық геологиялық ақпарат орталығы" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 424 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8243 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1263 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2015 № 1263 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне (А.А. Надырбаев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары - Қазақстан
      Республикасының Индустрия және
      жаңа технологиялар министрі                      Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
орынбасары – Қазақстан 
Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы 
№ 424 бұйрығымен бекітілді 

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
«Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы
мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан
өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшiлерiн (бұдан әрi – «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiлері) аттестаттаудан өткізу тәртiбiн айқындайды.
      2. «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiлерiн аттестаттау iскерлiк қасиеттерiнің, кәсiптiк және бiлiктiлiк даярлығының деңгейін айқындау мақсатымен жүзеге асырылады.
      3. Аттестаттау кезiнде негiзгi бағалау өлшемi «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiлерінің өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау қабiлетi болып табылады.
      4. «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiлері мемлекеттiк қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күнінен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде аттестаттаудан өтедi. Бұл ретте, аттестаттау аталған мерзiм басталған күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс.
      Жүктi әйелдер аттестаттаудан өтпеуге тиіс.
      Бала күтiмi жөнiндегi демалыста жүрген «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiлері қызметке шыққаннан кейiн алты айдан кейiн аттестаттаудан өтедi.
      «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiлерін олардың өтiнiшi бойынша, белгiленген мерзiмге дейiн аттестаттаудан өткiзуге болады.
      5. Аттестаттау мынадай бiрқатар дәйектi кезеңдi қамтиды:
      1) аттестаттауды өткiзуге дайындық;
      2) аттестаттау комиссиясының «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiсімен әңгiме жүргiзуi;
      3) аттестаттау комиссиясының шешiм шығаруы.
      6. Аттестаттауды өткiзуге дайындықты басшының тапсырмасы бойынша «Қазгеоақпарат» РГАО-ның кадр қызметi ұйымдастырады және ол мынадай iс-шараларды қамтиды:
      1) аттестаттаудан өтушiге қажеттi құжаттарды дайындау;
      2) аттестататтау өткiзудiң кестесiн әзiрлеу;
      3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;
      4) аттестаттауды өткiзудiң мақсаты мен тәртiбi туралы түсiндiру жұмыстары.
      7. Кадр қызметі аттестаттаудан өтуге тиiс қызметшiлердi алты ай iшiнде бiр рет айқындайды.
      8. «Қазгеоақпарат» РГАО басшысы кадр қызметінің ұсынуымен бұйрық шығарады, сол бұйрықпен аттестаттаудан өтетін адамдардың тiзiмi, аттестаттауды өткiзудiң кестесi мен аттестаттау комиссияларының құрамы бекiтiледi.
      9. Кадр қызметі аттестаттауды өткiзудiң басталуына кемiнде 1 (бiр) ай қалғанда аттестаттаудан өткізілуге тиісті «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiлерін, сондай-ақ олардың басшыларын аттестаттауды өткiзу мерзiмi туралы жазбаша хабардар етедi.
      10. Аттестаттаудан өтуге тиiс қызметшiнiң тiкелей басшысы оған мiнездеменi ресiмдеп, оны аттестаттауды өткізуден 15 (он бес) жұмыс күні бұрын кадр қызметiне жолдайды.
      Мiнездемеде аттестаттаудан өтетін қызметшiнiң кәсiби, жеке басының қасиеттерi мен қызметтiк iс-әрекетi нәтижелерiнiң негiзделген, шынайы бағасы қамтылуға тиiс.
      11. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн кемiнде 10 (он) жұмыс күні бұрын «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiсін оған берiлген мiнездемемен таныстырады.
      12. Аттестаттаудан өтетін «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiсіне кадр қызметі осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қызметшіге арналған аттестаттау парағын ресiмдейдi.
      13. Кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын (аттестаттау парағы, бағалау парағы, қызметтік мінездеме, қызмет тізімі) аттестаттау комиссиясының отырысына дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын аттестаттау комиссиясына жолдайды.

2. Аттестаттау комиссиясы

      14. Аттестаттау комиссиясы кадр қызметiнiң ұсынысы бойынша, «Қазгеоақпарат» РГАО басшысының бұйрығының негізінде құрылады.
      Аттестаттау комиссиясын төраға басқарады, ол оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарда төраға болады, оның жұмысын жоспарлайды, комиссияның қызметіне және оның қабылданатын шешiмдерiне жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      15. Аттестаттау комиссиясының хатшысы кадр қызметiнiң қызметкері болып табылады.
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы комиссия отырысына тиiстi материалдарды, қажеттi құжаттарды дайындайды және комиссия отырысы өткеннен кейiн хаттама ресiмдейдi. Хатшы техникалық қызмет көрсетедi, аттестаттау комиссиясының қызметiн қамтамасыз етедi.
      16. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi аттестаттаудан жалпы негiзде өтедi.
      17. Құрамының кемiнде үштен екiсi қатысқан аттестаттау комиссиясының отырысы заңды деп есептеледi.

3. Аттестаттауды өткізу тәртібі

      18. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестаттаудан өтетін қызметшiнiң қатысуымен өткiзедi.
      Аттестаттаудан өтетін қызметшi комиссияның отырысына қатыспаған жағдайда, оны аттестаттау мәселесiн қарау комиссия көрсеткен анағұрлым кейiн мерзiмге ауыстырылады.
      19. Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерттейдi және аттестаттаудан өтетін адамды тыңдайды.
      Ұсынылған материалдарды зерттеу және «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiсімен әңгiмелесу нәтижесiнде аттестаттау комиссиясының мүшелері
      1) оның кәсіптік даярлығының, іскерлік және жеке қасиеттерінің деңгейін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Мұнай туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуін айқындайды.
      2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қызметшіге арналған бағалау парағын толтырады;
      3) мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      атқаратын қызметiне лайықты;
      қайталап аттестаттауға жатады.
      20. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап алты ай өткеннен кейiн осы Қағиданың 6-тармағында айқындалған тәртiппен өтедi. Қайта аттестаттауды өткiзген аттестаттау комиссиясы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) атқаратын қызметiне лайықты;
      2) атқаратын қызметiне лайықты емес.
      21. Аттестаттау комиссиясының шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері қатысып отырған комиссия мүшелерінің берген дауыстарының көпшілігімен анықталады. Берілген дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      22. Аттестаттау комиссиясының шешiмдерi, оның мәжiлiсiне қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерi, хатшы қол қойған хаттамамен ресiмделедi.
      23. Кадр қызметі 5 (бес) жұмыс күні ішінде «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiсін аттестаттау комиссиясының шешiмiмен таныстырады.
      24. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің хаттаманы ресімдеген және қол қойған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні iшiнде аттестаттау комиссиясының шешiмдерi «Қазгеоақпарат» РГАО басшысының бұйрығымен бекiтіледi.
      25. Аттестаттау комиссиясында қаралатын барлық материалдар «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiсінiң жеке iсiнде сақталады. Аттестаттау комиссиясының «Қазгеоақпарат» РГАО басшысы бекiткен шешiмi де қызметшiнiң қызмет тiзiмiне енгiзiледi.

4. Қорытынды ережелер

      26. «Қазгеоақпарат» РГАО қызметшiлері аттестаттау комиссиясының шешiмiн бекiту туралы «Қазгеоақпарат» РГАО басшысының бұйрығына шағымдана алады.
      27. Осы Қағиданы бұзу жағдайлары анықталған жағдайда, «Қазгеоақпарат» РГАО басшысы аттестаттау комиссиясының шешiмін бекіту туралы бұйрығының күшін жояды және қайта аттестаттауды белгілейді.
      Қайта аттестаттау осы Қағиданың 20-тармағына сәйкес жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы  
Индустрия және жаңа   
технологиялар министрлігі
Геология және жаңа жер қойнауын
пайдалану комитеті   
«Қазгеоақпарат» Республикалық
геологиялық ақпарат орталығы
мемлекеттік мекемесінің   
азаматтық қызметшілерін   
аттестаттаудан өткізу    
қағидаларына 1-қосымша   

Азаматтық қызметшiнiң аттестаттау парағы

      Аттестаттау түрi: кезектi - |____|; қайталап - |____|
(керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу керек)
      1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
      2. Туған күнi _______жылғы «___»________________
      3. Бiлiмi, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау жөнiндегi
мәлiметтер (қашан және қандай оқу орнын тәмамдаған, бiлiмi бойынша
мамандығы, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау, ғылыми дәрежесi,
ғылыми атағы, берiлген күнi туралы құжаттар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күнi, бiлiктiлiк санаты (дәрежесi)
_____________________________________________________________________
      5. Жалпы еңбек өтiлi - ________________________________________
      6. Мемлекеттiк және азаматтық лауазымдардағы жалпы жұмыс өтiлi
_____________________________________________________________________
      7. Аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң айтқан ескертулерi мен ұсыныстары:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      8. Аттестаттаудан өтетін қызметшінің ой-пiкiрi
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      9. Аттестаттаудан өтетін қызметшінің қызметтiк мiнездемесi
бойынша азаматтық қызметшiнiң қызметiне тiкелей басшысының берген бағасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесi қатысты.
      11. Дауысқа салу қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясының
әрбiр мүшесi толтыратын азаматтық қызметшiнiң қызметiне қоса
берiлетiн бағалау парағына сәйкес бағалау:
      1) атқаратын қызметiне лайықты (дауыс саны) ________;
      2) қайталап аттестаттауға жатады (дауыс саны) ____________;*
      3) атқаратын қызметiне лайықты емес (дауыс саны) _____

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________
                                                    (қолы)
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ____________________________
                                                    (қолы)
      Аттестаттау комиссиясының мүшелерi: ___________________________
                                                    (қолы)
                                         ____________________________
                                                    (қолы)
                                          ___________________________
                                                    (қолы)
                                          ___________________________
                                                    (қолы)
      Аттестаттаудың өткiзiлген күнi 20___жылғы «___» __________
      Аттестаттау парағымен таныстым: _______________________________
                                          (азаматтық қызметшiнiң
                                               қолы және күнi)
      Мекеме мөртаңбасының орны

      - 2) қайталап аттестаттаудан өткен кезде баға қойылмайды

Қазақстан Республикасы  
Индустрия және жаңа   
технологиялар министрлігі
Геология және жаңа жер қойнауын
пайдалану комитеті   
«Қазгеоақпарат» Республикалық
геологиялық ақпарат орталығы
мемлекеттік мекемесінің   
азаматтық қызметшілерін   
аттестаттаудан өткізу    
қағидаларына 2-қосымша   

Азаматтық қызметшiнiң бағалау парағы
(аттестаттау комиссиясының мүшесi толтырады)

      Аттестаттау түрi: кезектi - |____|; қайталап өту - |____|
(керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу керек)
      Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) (әрі қарай - Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
      Лауазымы
_____________________________________________________________________
     Аттестаттаудан өтетін қызметшінің бағасы
      _______________________________________________________________
            (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз)
      Аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң шешiмi (төмендегiнiң бiрi:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес;
      2) қайталап аттестаттауға жатады*;
      3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейдi):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Аттестаттау комиссиясы мүшелерi шешiмiнiң негiздемесi:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Бiлiктiлiк санатына (дәрежесiне) лайықты ____________________________
      Бiлiктiлiк санатын (дәрежесiн) белгiлеуге негiз жоқ
_____________________________________________________________________

      Негiздеме:_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының мүшесi
_________________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы _________________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)

      Күнi 20___ жылғы "___" ____________

      * қайталап аттестаттаудан өту кезiнде шығарылмайды 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады