"Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 06 желтоқсандағы № 18-02/627 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8277 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 04.04.2014 № 104-Ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6218 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау ережесін бекіту туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесінде:
      3-тармақ 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жануарлар дүниесінің акваөсіру, жерсіндіру, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;»;
      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жануарларды акваөсіру, интродукциялау реинтродукциялау мен будандастыруға арналған биологиялық негіздемені дайындаған кезде келесі мәліметтер көрсетіледі:».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады