Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 7 мамырдағы № 25/3-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 725 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 120/14-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 28.03.2013 № 120/14-V шешімімен.

      «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 7 мамырдағы 
№ 25/3-V шешіміне   
қосымша        

Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жеңіс күніне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету (бұдан әрi – Әлеуметтiк көмек) ағымдағы жылдың 9 мамырына Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
      2. Астана қаласының бюджеті Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.
      3. Әлеуметтiк көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi әкiмшісі (бұдан әрi – Әкiмші) болып табылатын «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек» бюджеттiк бағдарламасына сәйкес қала бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.
      4. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Астана қалалық филиалы (бұдан әрi – МЗТО) Әкiмшіге МЗТО деректер қорында тiркелген Ереженің 5-тармағында көрсетiлген санаттарға жататын азаматтар туралы мәлiметтердi ұсынады.

2-тарау. Әлеуметтiк көмек төлеу тәртібі

      5. Әлеуметтік көмек 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде ақшалай төлем түрінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне берiледi.
      5-1. Ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек сондай-ақ азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 68-баптарымен олардың мәртебесі белгіленген жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға – 16 000 (он алты мың) теңге;
      2) жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы ішінен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан тұлғалардың жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң жесірлеріне – 6 000 (алты мың) теңге;
      3) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерді қоспағанда) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) – 6 000 (алты мың) теңге;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға және Ұлы Отан соғысы жылдары кемінде алты ай тылда жұмыс iстеген және бұрынғы КСР Одағының ерен еңбегi үшiн ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 6 000 (алты мың) теңге.
      Ескерту. 2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2012.05.07 № 25/3-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      6. Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Астана қаласының екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады