Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 7 мамырдағы № 25/3-V "Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 29/4-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 727 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 120/14-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 28.03.2013 № 120/14-V шешімімен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 68920-баптарына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына cәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 7 мамырдағы № 25/3-V «Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже):
      келесі мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек сондай-ақ азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 68-баптарымен олардың мәртебесі белгіленген жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға – 16 000 (он алты мың) теңге;
      2) жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы ішінен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан тұлғалардың жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң жесірлеріне – 6 000 (алты мың) теңге;
      3) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерді қоспағанда) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) – 6 000 (алты мың) теңге;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға және Ұлы Отан соғысы жылдары кемінде алты ай тылда жұмыс iстеген және бұрынғы КСР Одағының ерен еңбегi үшiн ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 6 000 (алты мың) теңге.».
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       С. Есілов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       М. Шекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады