"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № А-1/9 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 17 ақпанда № 3420 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/572 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 14.12.2015 № А-12/572 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жергілікті маңызы балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3237 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 қарашада «Арқа ажары» газетінде, 2007 жылғы 13 қарашада «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:
      «Бурабай ауданы» бөлімінде:
реттік нөмірі 41-жолы алынып тасталсын;
      «Барлығы: 42» сөзі мен сандары "Барлығы: 41" сөзі мен сандарына ауыстырылсын;
      «6146» сандары «5746» сандарына ауыстырылсын;
      «Барлығы: 493» сөзі мен сандары "Барлығы: 492" сөзі мен сандарына ауыстырылсын;
      «103225» сандары «102825» сандарына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Дьяченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Балық шаруашылығы комитетінің
      «Есіл облысаралық бассейндік
      балық шаруашылығы инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы               Н.Қауашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады