Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 25.06.2013 № С 19-4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл аудандық мәслихаттың «Ақкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 23 мамырдағы № С 38-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-3-156 тіркелген, 2011 жылғы 8 шілдеде аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«4) коммуналдық қызмет шығындары үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде:
сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шотына, немесе алушылардың шотына.
Әлеуметтік көмекті бастап алушының қалауы бойынша көмірге жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 161 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтелсін.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистермен және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстаған орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына аудандық бюджет құралдарының есебінен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тізімдері негізінде өтініш берусіз ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Г.Нұрова
Ақкөл аудандық
мәслихаттың хатшысы Ж.Салыбекова
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл ауданының әкімі Р.Әкімов