Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.04.2013 № 5С 15/8 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 cәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартының 11 тармағына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-5-136 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
1 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«4) азаматтардың жекеленген санаттарына Мемлекеттік мереке Жеңіс күніне - Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15000 теңге көлемінде, бұрынғы КСР Одағын корғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге - 5000 теңге көлемінде, 1988-1989 жылдары кезеңінде Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқан мүгедектерге және қатысушыларға - 5000 теңге көлемінде, майданда қаза болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне - 5000 теңге көлемінде, Ауғаныстандағы және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларына - 5000 теңге көлемінде, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрган концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 5000 теңге көлемінде, бейбітшілік уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза болған (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 3000 теңге көлемінде, Ауғаныстанда қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 3000 теңге көлемінде, тыл еңбеккерлеріне - 3000 теңге көлемінде, ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге - 2000 теңге көлемінде.
Әлеуметтік төлем өтінішсіз, алушылардың жеке есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Ақмола облыстық филиалының Атбасар аудандық бөлімшесімен берілген тізімдер негізінде жүзеге асырылады»;»;
1 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«6) басқа адамның күтіміне мұқтаж 1, 2 топ мүгедектеріне, жалғызілікті мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек - балаларға, онкологиялық ауруларға әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет кірістерді есептеусіз 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Туберкулез ауруларына әлеуметтік көмек қолдау формасында оларды сауықтыру мақсатында ақшалай түрде жылына екі рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Туберкулез ауруларына Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жол жүру ақысы жылына бір рет ақшалай түрде төленеді;»
келесі мазмұндағы 1-1 тармағымен толықтырылсын:
«1-1. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.»;
жоғарыда көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясынын төрғасы Ивашин А.М
Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі Сағдиев Е.Б.
Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 2 мамырдағы
№ 5С 5/2 шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмекті
алу үшін қажет құжаттардың тізімі
1. Басқа адамның күтіміне мұқтаж 1,2 топтағы мүгедектерге, жалғызілікті мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға:
1) арыз;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
4) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
5) медициналық мекеменің емделуге жолдаманың көшірмесі.
2. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен немесе шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін өмірдің қиын жағдайында деп анықталған отбасыларына:
1) арыз;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) отбасының табыстарын растайтын анықтама;
4) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
5) апатты жағдай фактісін растайтын құжаттың көшірмесі.
3. Онкологиялық ауруларға әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет кірістерді есептеусіз:
1) арыз;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
4) ауру тарихынан жазба.
4. Туберкулезбен ауыратындарға, емделу түріне қарамастан:
1) арыз;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
4) медициналық мекеменің туберкулез диспансерінде емделуде тұрғандығы туралы анықтамасы;
5) облыстық түберкүлезге қарсы диспансерге жол жүргені үшін жол жүру билеттері.
5. Жан басына шаққандағы орташа табыстары күнкөріс деңгейіне дейінгі ауылды жерлердің көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар, күндізгі нысан бойынша колледждерде оқитын студентерге оқу үшін төлем түрінде:
1) арыз;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
4) оқу орнын растайтын анықтама;
5) оқу келісімшартының көшірмесі;
6) отбасының табыстары, немесе көп балалы отбасы дәрежесі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың көшірмесі.
6. Құжаттар салыстыру үшін көшірмеде және тұпнұсқада ұсынылады, кейін тұпнұсқалар өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.