Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға келесі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 ақпандағы № С-2/3 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 1 наурызда № 1-10-155 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 қантардағы № С-12/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 09.01.2013 № С-12/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012.07.25 № С-7/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шаралары жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде, тұрғын үй сатып алу немесе тұрғын үй салу үшін әлеуметтік қолдау бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012.07.25 № С-7/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      2. Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың «Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2011 жылғы 10 қарашадағы № С – 37/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-147 тіркелген, 2011 жылғы 16 желтоқсанда «Жаңа дәуір» және 2011 жылғы 17 желтоқсанда «Сельская Новь» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       И.Магерко

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    С.Есполов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақмола облысы Еңбекшілдер
      ауданының әкімі                            Т.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады