Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 2 шілдедегі № С-24/5 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 мамырдағы № С-5/3 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 маусымда № 1-10-164 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 қаңтардағы № С-12/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 09.01.2013 № С-12/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 2 шілдедегі № С-24/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-121 тіркелген, 2010 жылғы 20 тамызда аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Осы шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Енбекшілдер ауданында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тіркеуде тұрған, қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – өтініш бойынша;
      «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Еңбекшілдер аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде, Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне – 15000 теңге, оларға теңестірілген тұлғаларға – 5000 теңге мөлшерінде, өтініш берусіз;
      «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Еңбекшілдер аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде, 8 наурыз күні қарсаңында көп балалы аналарға (Алтын алқа, Күміс алқа), 2000 теңге мөлшерінде, өтініш берусіз;
      «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Еңбекшілдер аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде, мүгедектер Күні қарсаңында 1,2 топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға 2000 теңге мөлшерінде, өтініш берусіз;
      «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Еңбекшілдер аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына ай сайын, коммуналдық қызметтер төлемінің шығындарын өтеуге, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш берусіз;
      туберкулезбен ауыратындарға қосымша тағам шығындарын өтеу үшін, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларының, орташа кірісі күнкөріс деңгейінен төмен, орта оқу орындарында күндізгі бөлімдерде оқитын, оқу орыны белгілеген, оқу орнымен шарттың негізінде білім беру қызметін көрсететін оқу сомасының жылдық құнының мөлшерінде;
      ауданға қажет мамандықтар бойынша медициналық оқу орындары мен интернатураларда оқитын соңғы курстардың студенттеріне, оқу орны белгілеген, оқудың жылдық мөлшерінде;
      еңбек өтілі жоқ, оқу орындарын бітіріп келген жас мамандарға, Еңбекшілдер ауданының мемлекеттік мекемелеріне жұмысқа келген және аудан әкімі аппаратымен және жұмыс берушімен үш жақты келісім шарт жасасқан,біржолғы 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      онкологиялық және туберкулезбен ауыратындарға, Қазақстан Республикасы бойынша емдеу мекемелеріне жол жүруге, билет құнының мөлшерінде;
      белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға (азаматтарға), отбасының (азаматтың) кірісіне тәуелсіз,комиссияның шешімі бойынша;
      «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Еңбекшілдер аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде, Қарттар күні қарсаңында ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге 2000 теңге мөлшерінде, өтініш берусіз;
      жетім балаларға, жоғарғы немесе арнайы орта оқу орындарында күндізгі бөлімдерде оқитын, оқу орыны белгілеген, білім беру қызметін көрсететін оқу орнымен шарттың негізінде оқу сомасының жылдық құнының мөлшерінде.»
      келесі мазмұндағы 1-1 тармағымен толықтырылсын:
      «1-1. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.»;
      жоғарыда көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес  қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ө.Жомартов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    С.Есполов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының әкімі                А.Садуақасұлы

      Ақмола облысы
      «Еңбекшілдер аудандық
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т.Әбуова

Енбекшілдер аудандық
мәслихаттың
2012 жылғы 21 мамырдағы
№ С-5/3 шешіміне қосымша

Әлеуметтiк көмек
алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi

      1. «Еңбекшілдер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тіркеуде тұрған, қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуде, өтінішке қоса келесі құжаттар:
      1) өтініш берушіні растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН);
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай бюросынан анықтаманың көшірмесі, немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
      4) өтініш берушінің есеп шоты.
      2. Туберкулез ауруымен ауыратын науқастарға «Еңбекшілдер аудандық орталық аурухана» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның тізіміне қоса келесі құжаттар:
      1) өтініш берушіні растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН);
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай бюросынан анықтаманың көшірмесі, немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
      4) өтініш берушінің есеп шоты.
      3. Көп балалы және жағдайы төмен отбасыларының орта кірісі ең төмен күнкөріс деңгейі, орта арнаулы білім орындарының күндізгі бөлімінде білім алып жатқан студенттеріне өтінішке қоса келесі құжаттар:
      1) өтініш берушіні растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН);
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай бюросынан анықтаманың көшірмесі, немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
      4) отбасы құрамы туралы анықтама;
      5) отбасы мүшелерінің кірісі туралы өткен тоқсан бойынша мәлімет;
      6) оқу орнынан анықтама;
      7) оқу орнымен жасалған шарттың көшірмесі;
      8) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Ақмола облыстық филиалы «Зейнетақы төлеу орталығы мемлекеттік мекемесінен» арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатыны туралы анықтама;
      9) өтініш берушінің есеп шоты.
      4. Ауданға медицина саласы бойынша қажетті медициналық оқу орындарының соңғы курсында немесе интернатурада жүрген студенттердің өтінішіне қоса келесі құжаттар:
      1) өтініш берушіні растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН);
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай бюросынан анықтаманың көшірмесі, немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
      4) оқу орнынан анықтама;
      5) оқу орнымен жасалған шарттың көшірмесі;
      6) өтініш берушінің есеп шоты.
      5. Еңбек өтілі жоқ, Еңбекшілдер ауданының мемлекеттік мекемелеріне оқу орындарын бітіріп келген жас мамандар, аудан әкімідігі аппаратымен, жұмыс берушімен үш жақты келісім шартқа отырған, өтінішке қоса келесі құжаттар:
      1) өтініш берушіні растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН);
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай бюросынан анықтаманың көшірмесі);
      4) оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшірмесі;
      5) үш жақты жасалған шарттың көшірмесі;
      6) өтініш берушінің есеп шоты.
      6. Онкологиялық және туберкулезбен ауыратын науқастарға Қазақстан бойынша емдеу мекемелеріне жол жүруге, өтінішке қоса келесі құжаттар:
      1) өтініш берушіні растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН);
      3) отбасының тұрғылықты жеріне тіркелген құжаттың көшірмесі (мекенжай бюросынан анықтаманың көшірмесі, немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
      4) емделу орнына берілген жолдама;
      5) өтініш берушінің есеп шоты.
      7. Отбасыларға (азаматтарға) белгілі бір жағдайларға байланысты
отбасының алатын кірісіне қарамастан, әлеуметтік жедел көмек көрсетуге комиссия шешімі бойынша өтінішке қоса келесі құжаттар:
      1) өтініш берушіні растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН);
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай бюросынан анықтаманың көшірмесі, немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
      4) жедел көмек көрсетуге байланысты растайтын құжат;
      5) өтініш берушінің есеп шоты.
      8. Барлық жоғары, орта арнаулы білім орындарының күндізгі бөлімінде білім алып жатқан жетім балаларға, жылдық білім беру қызметінің есебі оқу ақысы шарттарға байланысты, оқу орны белгілеген, өтінішке қоса келесі құжаттар:
      1) өтініш берушіні растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН);
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай бюросынан анықтаманың көшірмесі, немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
      4) ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
      5) оқу орнынан растайтын анықтама;
      6) оқу орнымен жасалған шарттың көшірмесі;
      7) өтініш берушінің есеп шоты.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса тапсырылады және өтініш берушіге өтініші берілген соң қайтарылып беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады