Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 қаңтардағы № С-12/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қаңтарда № 3638 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № С-2/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 28.04.2016 № С-2/9 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартының 11 тармағына сәйкес Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Еңбекшілдер ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетілсін:

      1) "Зейнетақы төлеу орталығы мемлекеттік мекемесі" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Ақмола облыстық филиалының Еңбекшілдер аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде бiр мезгілде мерекелiк және атаулы күндерге (9 мамыр Жеңiс күнi, 1 қазан қарт адамдар, мүгедектер күні):

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген тұлғаларға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа санаттарға – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Қарт адамдар күнін мерекелеуге "Зейнетақы төлеу орталығы мемлекеттік мекемесі" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Ақмола облыстық филиалының Еңбекшілдер аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын, зейнетақы жастағы тұлғаларға бір мезгілде - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 1, 2 топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға "Зейнетақы төлеу орталығы мемлекеттік мекемесі" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Ақмола облыстық филиалының Еңбекшілдер аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде бір мезгілде – 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) қиыншылық ахуал туындаған жағдайда (өрт, су тасқыны) отбасыларға, табысты есепке алусыз, бiр мезгілде 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) стационарлық жағдайында арнайы емделетін, туберкулезбен ауыратын, әлеуметтiк мағыналы ауруы бар азаматтар "Еңбекшілдер аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінің тізімі негізінде, бiр мезгілде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) кәмелетке толмаған бұрынғы концлагер тұтқындарына ай сайын, коммуналдық қызметтердiң төлеу шығындарын өтеуге "Зейнетақы төлеу орталығы мемлекеттік мекемесі" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Ақмола облыстық филиалының Еңбекшілдер аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) азаматтарға оперативті емделуге (операция) бiр мезгілде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) ауданның аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларынан шыққан, колледждерде күндізгі бөлімдерде оқитын студенттерге, білім беру қызметінің жылдық құнының мөлшерінде;

      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтердiң төлеу шығындарын өтеуге "Зейнетақы төлеу орталығы мемлекеттік мекемесі" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Ақмола облыстық филиалының Еңбекшілдер аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде, облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты ағымдағы трансферттері арқылы, коммуналдық қызметтердiң шығындарын төлеуге ай сайын 100 пайыз мөлшерінде.

      2. Өтініш берушінің толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтері анықталған жағдайларда, әлеуметтiк көмек ұсынылмайды.

      3. Қызметтерді төлеу "Қазпошта" Акционерлік қоғамы арасында, Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

      4. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жергiлiктi өкілетті органдардың шешiмi бойынша" мемлекеттік қызметiн алуға, осы шешiмнің қосымшасына сәйкес қажеттi құжаттардың тізімі белгіленсін.

      5. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығындарын қаржыландыру жергілікті бюджеттен ағымдағы қаржы жылында осы мақсатқа көзделген 451.007.000 "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

      6. Шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) Еңбекшілдер аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 2 шілдедегі № С-24/5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-121 тіркелген, 2010 жылғы 20 тамыздағы аудандық "Жаңа дәуір", "Сельская новь" газеттерінде жарияланған);

      2) "Еңбекшілдер аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 2 шілдедегі № С–24/5 Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 мамырдағы № С–5/3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-164 тіркелген, 2012 жылғы 22 маусымда "Жаңа дәуір" газетінде, 2012 жылғы 23 маусымда "Сельская новь" газетінде жарияланған).

      7. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Амрин
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Есполов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының
әкімі
А.Садуақасұлы

  2013 жылғы 9 қаңтардағы
№ С-12/3 шешіміне
қосымша

"Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша
жекелеген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек
тағайындау және төлеу" үшін мемлекеттік қызметін алуға
қажетті құжаттардың тізімі

      1. 1 тармақтың 4 тармақшасында көрсетілген санаттағылар үшін өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);

      3) өрт немесе су тасқыны дерегі туралы төтенше жағдай анықтамасы;

      4) өтініш берушінің есеп айырысу шоты.

      2. 1 тармақтың 5 тармақшасында көрсетілген санаттағылар үшін өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);

      3) өтініш берушінің есеп айырысу шоты.

      3. 1 тармақтың 7 тармақшасында көрсетілген санаттағылар үшін өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) тиісті уәкілетті органмен берілген тiршiлiгіне қиын жағдай түскендігін растайтын акт немесе басқа құжат;

      3) емделуге жұмсалған нақты қаржы шығындарын растайтын (чек, түбіртек, есеп шот, калькуляция көшірмелері) құжаттар;

      4) тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);

      5) өтініш берушінің есеп айырысу шоты.

      4. 1 тармақтың 8 тармақшасында көрсетілген санаттағылар үшін өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) оқу орнынан анықтама;

      3) оқу орнымен жасалған шарт көшірмесі;

      4) отбасының құрамы туралы анықтама;

      5) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Ақмола облыстық филиалы "Зейнетақы төлеу орталығы мемлекеттік мекемесінен" арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатыны туралы анықтама;

      6) тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);

      7) өтініш берушінің есеп айырысу шоты.

      5. 1 тармақтың 9 тармақшасында көрсетілген санаттағылар үшін өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін кәсіпорындардың есеп шоттары, анықтамалары, түбіртектері, тізілімдері, накладнойлар;

      3) тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы).

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы және көшірмесі ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады