Жарқайың аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С 36/3 " Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 5С 6/2 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 мамырда № 1-12-170 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 04.11.2013 № 5С-27/6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жарқайың аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С-36/3 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-153 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 қарашасында «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақтың 1 тармақшасының екінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдық мерекесіне орай өтініш берусіз жылына бір рет он бес мың теңге мөлшерінде»;
      1 тармақтың 2 тармақшасының екінші азат жолы алынып тасталсын;
      1 тармақтың 3 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдық мерекесіне орай:
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға өтініш берусіз жылына бір рет бес мың теңге мөлшерінде;
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына өтініш берусіз жылына бір рет үш мың теңге мөлшерінде»;
      1 тармақтың 4 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Халықаралық қарттар күніне орай ең аз зейнетақысы бар жасына байланысты шыққан зейнеткерлерге жылына бір рет екі мың теңге мөлшерінде материалдық көмек»;
      1 тармақтың 7 тармақшасы алынып тасталсын;
      1 тармақ 7-1 тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «7-1) күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша жылына бір рет жиырма төрт мың теңге мөлшерінде материалдық көмек»;
      1 тармақтың 11 тармақшасы алынып тасталсын;
      1 тармақтың 13 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «жас мамандарды жайластыру «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік әкімшілік бағдарламасымен жас мамандар арасында жасалған Шарттың негізіндегі өтініш бойынша есептік шоттарына аудару арқылы:
      жоғары білімді дәрігерге 160 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      педагогтарға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде».
      2 тармақтың 3 тармақшасы алынып тасталсын;
      2 тармақ 3-1 тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «3-1) 1 тармақтың 7-1 тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, есептік шотының нөмірінің көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы), материалдық-тұрмыс жағдайын тексеру актісі, «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен көп балалы отбасының мәртебесін растайтын анықтама»;
      2 тармақтың 8 тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Оспан-Ұлы

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ұ.Ахметова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жарқайың ауданының әкімі                   Т.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады