Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2012 жылы Сандықтау ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/124 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 мамырда № 1-16-151 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңының 5 бабының 3 тармағының 3 тармақшасына және «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 201 ұсынымына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2012 жылы Сандықтау ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

Сандықтау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 12 сәуірдегі
№ А-4/124 қаулысына қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылық дақылдарын 2012 жылы Сандықтау ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері

№ р/б

Міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылық дақылдардың атауы

Егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері

1

орташа-кеш жаздық бидай

10 мамырдан 26 мамырға дейін

2

орташа піскен жаздық бидай

12 мамырдан 28 мамырға дейін

3

орташа-ерте жаздық бидай

15 мамырдан 2 маусымға дейін

4

жаздық арпа мен сұлы

29 мамырдан 4 маусымға дейін

5

рапс

15 мамырдан 25 мамырға дейін

6

май тұқымына күнбағыс

10 мамырдан 18 мамырға дейін

7

майлы зығыр

15 мамырдан 28 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады