Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 10.04.2013 № А-4/205 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С. Каменовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі Ә.Ғазиз
Бурабай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы «16» тамыздағы
№ А-9/456 қаулысына қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
№ |
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы |
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері |
1 |
2 |
3 |
1 |
2006 жылы салынған, коттедж үлгісіндегі үйлер |
99 теңге 81 тиын |
2 |
2007 жылы салынған көп пәтерлі үйлер |
91 теңге 96 тиын |
3 |
2007 жылы салынған, коттедж үлгісіндегі үйлер |
100 теңге 63 тиын |
4 |
2011-2012 жылдары салынған көп пәтерлі үйлер |
112 теңге 61 тиын |