"Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуі жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 471 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 қаңтарда № 3494 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 429 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 28.12.2013 № 429 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 29 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 «Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.А.Блиев) осы электрондық мемлекеттік қызмет регламентін Басқарманың ғаламтор - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Қ. Әбдібековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Облыс әкімі                              А. Мұхамбетов

      «БЕКІТІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      көлік және коммуникация министрі         А.Жұмағалиев

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 471 қаулысымен
бекітілген

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуі жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер 

      1. «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу
жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетеді.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 «Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру деңгейі: ішінара автоматтандырылған.
      4. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциялық қызмет.
      5. Осы регламентте пайдаланылатын түсініктер және қысқарған сөздер:
      1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
      3) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
      4) ақпараттық қызмет - пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
      5) интерактивті қызмет - өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша және тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
      6) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
      7) медиа-алшақтық - құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;
      8) пайдаланушы - оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
      9) салық төлеушінің тіркеу нөмірі - салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша бірегей нөмір, ол салық төлеуші ретінде оны мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне ол туралы мәліметтерді енгізу кезінде салық төлеушіге беріледі (бұдан әрі - СТН);
      10) транзакциялық қызмет - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
      11) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ);
      12) мемлекеттік электрондық қызметтер - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
      13) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.
      14) электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру үшін арналған ақпараттық жүйесі;
      15) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банкілердің, ұйымдардың және «электрондық үкімет» арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);
      16) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорлар – ақпаратты автоматты жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай ұқсастыруын ендіру және мемлекеттік басқару органдарына және өзге де субъектілерге олардың өкілеттіліктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді беру мақсатында жеке бірыңғай бизнес нөмірлерінің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
      17) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар;
      18) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
      19) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалан отырып, ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға салалас электронды құжат түріндегі лицензия;
      20) Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің және қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ақпараттық жүйелердің тізбесі.
      21) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта қалпына келтірілген және қолданысын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиар беретін лицензияның сәйкестендіру нөмірін орталықтан құрайтын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асырушы лицензиаттың (объектілері, орындары, учаскелері) филиалдары, өкілдіктері туралы мәсіметті қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);

2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызмет көрсетуші қызметінің тәртібі

      6. Қызмет көрсетушінің ЭҮП арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі осы регламентке 2-қосымшада келтірілген (электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы):
      1) тұтынушы өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-та тіркеуді жүзеге асырады, ол тұтынушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП-та тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс - тұтынушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-қа тұтынушы пароль енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – ЭҮП-да тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тексеру;
      4) 2-үдеріс – тұтынушы деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты ЭҮП-мен авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны құру;
      5) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және тұтынушының нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып оны нысанда қажетті құжаттарды электронды түрде бекіте отырып толтыруы (ақпарат енгізуі).
      6) 4-үдеріс – қызметтерді ЭҮТШ-та төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға түседі;
      7) 2-шарт - қызмет көрсеткені үшін төлем фактісін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру;
      8) 5-үдеріс – қызметтерді «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсеткені үшін төлемдердің болмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
      9) 6-үдеріс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      10) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің тізімінде (жойылған) жоқ болуын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН арасында деректердің сәйкестігін және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН тексеру;
      11) 7-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ-сының нақтылығын растамаумен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
      12) 8-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
      13) 9-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электронды құжатты (тұтынушының сұрауын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрауды өңдеу;
      14) 4-шарт – лицензия беру үшін тұтынушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі;
      15) 10-үдеріс – тұтынушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ғы деректерінде бұзушылықтарының бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
      16) 11-үдеріс – тұтынушының ЭҮП құрған қызмет (электрондық лицензия) нәтижелерін алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
      7. Қадамдық іс-қимылдар мен қызмет көрсетуші арқылы шешімдер осы Регламентке 2-қосымшада (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалды өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) келтірілген:
      1) 1-үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет көрсетуші қызметкерінің логин мен парольді «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға енгізуі;
      2) 1-шарт – қызмет көрсетушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің нақтылығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
      3) 2-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да құру;
      4) 3-үдеріс – осы регламентте көрсетілген қызметтерді қызмет көрсетуші қызметкерінің таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және қызмет көрсету қызметкерінің тұтынушы деректерін енгізу;
      5) 4-үдеріс – ЭҮШ арқылы тұтынушы туралы деректерді ЗТ МДҚ жіберу;
      6) 2-шарт – тұтынушы деректерінің ЗТ МДҚ-да бар болуын тексеру;
      7) 5-үдеріс - тұтынушы деректерінің ЗТ МДҚ-да жоқ болуына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны құру;
      8) 6-үдеріс – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгісі бөлігінде сұрау нысанын толтыру және тұтынушы ұсынған қажетті құжаттарды қызмет көрсетуші қызметкерінің сканерлеуі;
      9) 7-үдеріс – сұрауды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметтерді өңдеу;
      10) 3-шарт – қызмет көрсетушінің лицензия беру үшін тұтынушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;
      11) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тұтынушы деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
      12) 9-үдеріс – тұтынушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да құрылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭҮП-ні пайдалану арқылы құрылады.
      8. Қызметке сұрауды және жауапты толтыру нысаны www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталында, сонымен қатар, толтыру үлгісі осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.
      9. Электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрауды орындау мәртебесін тексеру тәсілі келесідей: «электрондық үкімет» порталында «қызмет алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ ЖАО хабарласу арқылы.
      10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті call орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
      1) ЭҮП;
      2) ЭПШ;
      3) ЭПТШ;
      4) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;
      5) ЗТ МДҚ;
      6) тұтынушы;
      7) қызмет көрсетуші.
      12. Әрбір іс-қимылды орындау мерзімін көрсете отырып, іс қимылдар (рәсім, функциялар, операциялар) тізбектілігінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген;
      13. Іс-қимылдың (электронды мемлекеттік қызметті көрсету барысында) қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланыс диаграммасы Осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      14. Тұтынушыларға қызметтерді көрсету нәтижелері осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      15. Қызметтерді көрсету үдерісінде тұтынушыларға қойылатын талаптар:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен еркіндігін сақтау;
      2) қызмет борышын орындауда сақталған заңдылық;
      3) кәсіби этика мен мәдениетті сақтау;
      4) егжей-тегжейлі және толық ақпаратты ұсыну;
      5) ақпаратты қорғау және рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау;
      6) тұтынушы уақытыл алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
      16. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
      1) Интернетке шығу;
      2) электронды лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН бар болуы;
      3) ЭҮП авторизациялау;
      4) ЭЦҚ пайдаланушының болуы;
      5) екінші деңгейдегі банкіде банкілік карточкасының немесе ағымдағы шотының бар болуы.

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен
қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және
өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша

1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ-ның іс-қимылдарын сипаттау

№ іс-қимыл (жұмыс барысының, ағысының)

1

2

3

4

5

ҚФБ-ның атауы

тұтынушы

ЭҮП

тұтынушы

ЭҮТШ

ЭҮП

Іс-қимылдың атауы (үдеріс, рәсім, операциялар және оларды сипаттау)

ЭЦҚ тіркеу куәлігінің тұтынушысын компьютердің интернет баузеріне бекіту

Тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құру

Электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, қызметті таңдайды және сұрау деректерін құрады

Қызметтерді төлеу

Төлемнің жоқ болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құрады

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру- өкімдік шешімдер)

ЭЦҚ тіркеу кәулігін тіркеу

Жүйедегі құжаттарды қалыптастыру

Сұрауды маршруттау

Төлем туралы хабарлама бейнелеу

Жүйедегі құжаттарды қалыптастыру

Орындалу мерзімдері

10-15 сек

20 сек

1,5 мин

1,5 мин

10-15 сек

Келесі іс-қимыл нөмірі

2-егер тұтынушының деректерінде бұзушылықтар бар болса;

3 – егер авторизация табысты өтсе

-

4

5 – егер төлемесе, 6- егер төлесе

-

кестенің жалғасы

6

7

8

9

10

11

тұтынушы

ЭҮП

тұтынушы

ЭҮП

ЭҮП

ЭҮП

Сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдау

тұтынушының ЭЦҚ нақтылығының расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құрады

ЭЦҚ арқылы сұрауды куәландыру (қол қою)

Электронды құжатты, өтінішті (тұтынушының сұрауын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрауды өңдеу;

Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тұтынушы деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;

Электронды құжат (электронды лицензия)

Қол қоюды таңдау

Жүйедегі құжаттарды қалыптастыру

ЭЦҚ құжаттарға қол қою

Электронды құжаттарды тіркеу

Жүйедегі құжаттарды қалыптастыру

Электронды лицензия беру

10-15 сек

10-15 сек

1,5 мин

15 жұмыс күні

10-15 сек.

15 жұмыс күні

7-егер ЭЦҚ қате болса; 8 – ЭЦҚ қате болмаса

-

-

10-Қызмет берушімен тұтынушының біліктілік талаптарына және лицензия беруге негізділігін тексеру және 11-егер сұраныс бойынша деректер болмаған жағдайда



2-кесте. Қызмет көрсетуші арқылы ҚФБ-ның іс-қимылдарын сипаттау

№ іс-қимыл (жұмыс барысының, ағысының)

1

2

3

4

ҚФБ-ның атауы

Қызмет көрсетуші

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

Қызмет көрсетуші

ЗТМ ДҚ

Іс-қимылдың атауы (үдеріс, рәсім, операциялар) және оларды сипаттау

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да авторизацияланады

деректерде бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құру

Қызмет көрсетуші қызметкерінің қызметтерді таңдауы

Тұтынушының деректерін тексеруге сұрауды ЗТМ ДҚ-ға жіберу

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру- өкімдік шешімдер)

авторизация

Жүйедегі құжаттарды қалыптастыру

Қызметті таңдау

Сұранысты маршруттау

Орындалу мерзімдері

10-15 сек

10 сек

1,5 мин

1,5 мин

Келесі іс-қимыл нөмірі

1-қызмет көрсетуші қызметкерінің логині мен парольін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру

-

4

5 – егер тұтынушы деректерінде бұзушылықтар бар болса; 6- егер авторизация табысты өтсе

кестенің жалғасы

5

6

7

8

9

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

Қызмет көрсетуші

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

Деректерде бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құру

Құжаттарды бекіте отырып сұран нысанын толтыру

электронды құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрауды өңдеу;

Тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да құру

Электронды құжат (электронды лицензия)

Жүйедегі құжаттарды қалыптастыру

Толтырылған нысан

Электронды құжатты тіркеу

Жүйедегі құжаттарды қалыптастыру

Электронды лицензияны беру

1,5 мин

10-15 сек

15 жұмыс күні

10-15 сек.

15 жұмыс күні

-


8- егер «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау бойынша деректер болмаса, 9-егер деректер сұрау бойынша табылса

-

-

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен
қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және
өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша

ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалды өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Қызмет көрсету арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалды өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы



 

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен
қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және
өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
      электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымша

Электрондық мемлекеттік қызметтің: «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнама нысаны 

______________________________________________________
(қызмет атауы)
 

      1. Сіз электронды мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі сапасымен және нәтижесімен қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанбаймын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.

      2. Сіз электронды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттансыз ба?
      1) қанағаттанбаймын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын. 
      

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен
қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және
өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне 4-қосымша
 

_____________________________________________________________
             (лицензиардың толық атауы)

_____________________________________________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы, реквизиттері БИН)

ӨТІНІШ 

Қызмет көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру

_____________________________________________________________
      (қызмет түрінің атауы)

_____________________________________________________________

Мекен-жайы __________________________________________________
             (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі,

_____________________________________________________________
             телефон, факс, е-mail)

Банк есеп шоты ______________________________________________
           (шот нөмері, банк атауы және орналасқан жері)

Филиалдары (өкілдіктері, нысандары, пункттері, телімдері)____

_____________________________________________________________
      (орналасқан жері және реквизиттері) 

Қосымша құжаттар:

      _______________________________________________________

      _______________________________________________________

      _______________________________________________________

      _______________________________________________________      

Басшы __________________ ______________________________
      (қол)              (тегі, аты, әкесінің аты)

      Мөр орны

      _________________20__ жыл

Өтініш қарауға қабылданды ________________20__жыл

_____________________________________________________________
      (жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады