2012 жылдың көктемі-күзінде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 750 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 наурызда № 3-1-171 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкім аппарат басшысының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 05-12/803 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкім аппарат басшысының 20.03.2013 № 05-12/803 хатымен).

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарды, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан азаматтарды 2012 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастырсын.
      2. Қалалық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен жүзеге асырылсын.
      4. Ұсынылсын:
      1) «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) Ақтөбе қалалық iшкi iстер басқармасы (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
      5. Селолық округтер әкiмдерi, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      6. «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Сәрсенбинов) қала әкiмiне 2012 жылдың 5 шілдесіне және 2013 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары А.А.Арынғазиеваға және «Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Ж.Сәрсенбиновке жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.     

      Қала әкiмi                                    Е.Омаров     

Қала әкімдігінің
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 750 қаулысына
қосымша

Қалалық шақыру комиссиясының құрамы

      Арынғазиева        -     Ақтөбе қаласы әкімінің
      Айгүл Аманғазықызы       орынбасары, комиссия төрайымы

      Сәрсенбинов        -     «Ақтөбе қаласы қорғаныс
      Айдын Жақыпбекович       істері жөніндегі басқармасы»
                               мемлекеттік мекемесінің
                               бастығы, комиссия төрайымының
                               орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Әлиев              -     Ақтөбе қалалық ішкі істер
      Қанат Советұлы           басқармасы бастығының
                               орынбасары

      Шағыров            -     Ақтөбе облысының денсаулық
      Байназар Мұқалұлы        сақтау басқармасының емдеу
                               алдын-алу жұмысы бөлімінің
                               Ақтөбе қаласы бойынша бас
                               маманы

      Сухобрус           -     № 3 кеңес беру-диагностикалық
      Наталья Михайловна       емханасының мейірбикесі,
                               комиссия хатшысы

Резерв:

      Қабыл              -     Ақтөбе қаласы әкімі
      Мадияр Рақымжанұлы       аппаратының әлеуметтік сала
                               және мәдени дамыту мониторингі
                               бөлімінің бастығы, комиссия
                               төрағасы

      Глушко             -     «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері
      Владимир Николаевич      жөніндегі басқармасы»
                               мемлекеттік мекемесінің
                               бастығының орынбасары -
                               жұмылдыру дайындығы және
                               аймақтық қорғаныс бөлімінің
                               бастығы, комиссия төрағасының
                               орынбасары

Резервтік комиссия мүшелері:

      Такешов            -     Ақтөбе қалалық ішкі істер
      Амантұрлы Баянбекұлы     басқармасының қоғамдық
                               қауіпсіздік бөлімінің бастығы

      Нұрғазиева         -     № 2 қалалық кеңес
      Гүлжиян Рақымғалиқызы    беру-диагностикалық
                               емханасының терапевт-дәрігері,
                               медициналық комиссияның
                               төрайымы

      Байтерекова        -     Медициналық жедел жәрдем
      Жанар Жағыпарқызы        ауруханасының қабылдау
                               бөлмесінің мейірбикесі,
                               комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады