Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Алға ауданы Ақай ауылдық округінің әкімінің 10.12.2014 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қазақ тіліндегі шешімнің деректемесінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Алға ауданы Ақай ауылдық округі әкімінің 09.04.2018 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Ақай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімге қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес орналасқан Ақай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
Ақай ауылы:
1) В.Фоменко көшесі;
2) Ә.Молдағұлова көшесі;
3) Тама Есет Көкіұлы көшесі;
4) Желтоқсан көшесі;
5) Қарақыпшақ Қобыланды көшесі;
6) Бәйтерек көшесі;
7) Достық көшесі.
2. Көлтабан ауылы:
Береке көшесі;
3. Бұлақсай ауылы:
Жерұйық көшесі;
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақай ауылдық округінің әкімі | Ә. Сәрсен |