Ақай селолық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 11 "Ақай селолық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Ақай ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 13 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 қаңтарда № 4157 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Ақай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақай селолық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 11 "Ақай селолық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3446 санымен тіркелген, 2012 жылғы 27 қарашада "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақай ауылдық округінің әкімі Ә .Сәрсен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады