Самбай ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысы Алға аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 наурызда № 3-3-140 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 20.01.2016 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, халықтың пікірін ескере отырып, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Самбай ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Жұбанов көшесі;
      2) Жамбыл көшесі;
      3) Абай көшесі;
      4) Молдағұлова көшесі;
      5) Центральный көшесі;
      6) Сейфуллин көшесі;
      7) Ахметкерей көшесі.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарағаш ауылдық округінің әкімі А. Абдуалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады